Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақтың тақырыбы: Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі 2-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту) Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру Сабақтың мақсаты: Мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру.....
Жер шарының түпкір-түпкірінде кездесетін тірі ағзалар түрінің саны екі милионнан асады. Осы тұста "ағза" туралы өз пікірімді айта кетуді жөн көрдім. Біз ағзаны организмге баламалап отырмыз. Организм — латынша: "organismus — тірі дене, тірі мақұлық ", ал французша: "organisms —ретке келтіремін, сымбатты бейнеге келтіремін " дегенді білдіреді. Біз ұсынған "ағза " — араб сөзі, Абай атамыздың "Отыз сегізінші сөзіндегі" пайымдауына зер сала қарасақ, "тән тірлігін"баламалайтынын айқын түсінуге болады. Онда былай делінген: "... сыртымды да пак етемін һәм көзге көрінбейтін агзаларынды да пак етемін ". Егер сөз сыртқы және ішкі мушелер туралы болса, "көзге көрінбейтін " және "сыртымды " сөздері пайдаланылмаған болар еді. Демек "ағза " сөзі — адамның сыртк,ы және ішкі мушелерімен үйлесімді қызмет атқаратын, олардың тірі денеге айналуын қамтамасыз ететін, тіршіліктің жаратылу деңгейіндегі біртұтас бөлік. Сондықтан оны тірі денелер жөнінде қолданылып, тіршілік иесі бола алатын майда заттарға (өте ұсақ тірі мақұлықтарға да) бағышталган деп ұғынуға болады. Қазақта бір сөздің бірнеше мағыналы болатыны мәлім ғой. Олай болса, "организм " сөзін "мүше " дen me, "агза " дen me қабылдаса, несі айып! Мәселен, орган —грекше: "organon —құрап, аспап "; орысша: "үлен " дen me аталады, міне бұл — "мүше " сөзіне балама бола алады. Ал жоғарыда берілген "организм "сөзінің латынша және французша мәніне зер салып көріңізші. Қазақ тілінде "ағза "сөзін мүшедегі физиологиялық байланысты жүзеге асырып, мүше қызметінің біртұтастығын ретке келтіретін тәнінің тірілігі ретінде неге пайдалануға болмайды? Бұдан біз ұтпасақ, ұтылмаймыз! Содан орай химияда жиі кездесетін "органический" және "неорганический " сөздерін де "ағзалық " және "бейағзалық "деген сөздермен алмастыруға әбден мүмкіндік болар еді. Біздің пікірімізше, бұл сөздерді термин ретінде қабылдап, тұрақтандырған жөн. Тірі ағзалар түрлері ұзақ уақыттарды қамтитын геологиялық кезендерде бірте-бірте қалыптасқан. Белгілі аумақта тарихи мерзімде пайда болып мекендейтін жануарлар түрі фауна (мақұлықат) деп аталады. Ал белгілі аймақтағы тарихи мерзімде қалыптасқан өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың түрлік құрамын флора (нәубетат) дейміз. Жануарлар мен өсімдіктер жер бетіне біркелкі таралмаған: бір аумаққа өсімдіктердің қалың не сирек өсіп, жануарлар түрлерінің аз немесе көп болуы мүмкін. Өсімдік бірлестігінің белгілі бағытта қалыптасуы климат жағдайына тікелей тәуелді болады, осыған орай ол аймақтың жануарлар түрі де өзгеріске ұшырайды.Осы заманда жер шарында тірі ағзалар түрлерінің, сондай-ақ сан алуан биоценоздардың таралу заңдылығына байланысты 5 биогеографиялық аймақ бар деи есешеледі. ....
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Барлық тірі организмдерге тән қасиет – қимыл-қозғалыс. Қимыл-қозғалыс организмнің өсіп, дамуына әсер етеді. Оның адам денсаулығын сақтаудағы маңызы аса зор. Қаңқа мен бұлщық ет тірек-қимыл жүйесін құрады. Тірек-қимыл жүйесі тіректік, қозғалтқыш және қорғаныш қызметтерін атқарады. Адамның қаңқасы. Адамның қаңқасында 200-ден астам сүйек бар. Қаңқаны омыртқа жотасы, кеуде қуысы, бас сүйек, иық, жамбас белдеулері, аяқ-қол сүйектері құрайды. Сүйектің пішіні және оның үлкен-кішілігі, олардың орналасуына және атқаратын қызметіне байланысты. Сүйектердің кейбіреулері мүшелерді қозғалысқа келтіретін иін, екінші біреулері тірек қызметін атқарады. Сүйектердің бір-бірімен дәнекер ұлпасы арқылы немесе шеміршекпен байланысуын жалғасу дейді. Омыртқа жотасы бір-бірімен осылай байланысады. Дәнекер ұлпаның иірімделген жұқа қабаты сүйекті өзара тығыз, мықты етіп байланыстырады. Олардың аралығындағы шеміршек адам жүргенде, жұмыс істегенде, дене селкілдегенде тиетін соққыны бәсеңдетеді. Тұлға қаңқасы – омыртқа жотасынан, қабырғалардың және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағаны – мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Адамның омыртқа жотасы 4 иілімнен тұрады: оның екеуі алға қарай, екеуі- артқа қарай иіледі (48-сурет). Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан құралады. Әрбір омыртқа денеден және бірнеше өсіндіден тұрады. Омыртқалар бірігіп, жұлын жолын немесе жұлын өзегін түзеді. Омыртқа жотасындағы өзекке жұлын орналасады. Омыртқа доғасында бірнеше өсінді болады: артқы, екі қарама-қарсы, екі жоғарғы және төменгі буын өсінділері....
Пән: Бирлогия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсу және даму Сабақ тақырыбы: Құрсақта даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы.1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • ұрық пен эмбрионның дамуын салыстыру; Сабақ мақсаттары: • ұрықтың дамуын сипаттау; • эмбрионның қалыптасуын түсіндіру. .....
Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да радиацияның көзі болып табылады. Радиацияның организмге беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады.
Іс жүзінде иондаушы сәулелену үшін адам организімінде кедергі жоқ. Организмге еніп, өз энергиясын бере отыра олар денедегі заттың кез келген молекуласын иондайды, олардың химиялық байланысын бүзады, бүл организмдегі биологиялық процөстердің қалыпты ағысы мен зат алмасуын бүзады. Бүл, өз кезегінде мидың, асқазанның, қалғанша бездің, орталық нерв жүйесінің және басқалардың жүмыс істеуін тоқтатуға алып келеді.
Адам сәуле ауруына үшырайды, оның ауыртпалық деңгейі сәлеленудің қуаты мен мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар организм клеткаларында қауіпті ісіктердің пайда болуына алып келетін өзгерістөр өтеді. .....
Көмейдің шырышты қабатының қабынуы, көбінесе риниттен кейін дамиды. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дауысы ққарлығып шығады, құрғақ «ит үрген жөтел» пайда болады, дене қызуы көтеріледі. 4-5 күннен кейін бала жазылып кетеді. Аллергиялық диатезбен ауыратын балалардың дыбыс желбезектері астының клетчаткасы ісініп, тыныс саңлауы тарылып бітеді. Стеноз көбінесе түнде кенеттен дамиды. Баланың тыныс алуы қиындап, сырылды демалыс пайда болады, еріндері, мұрын-ауыз үшбұрышы көгілдір тартады (цианоз дамиды). .....
Дизентерия-тоқ ішектің ішкі қабатын зақымдап қанды ірің аралас болып ішті өткізетін жалпы инфекциялық ауру.
Қоздырғышы-шигелдер класына жататын микробтар тобы. Кең ттараған түрлері Зонне, Флекснер, Нюкестл, Григорьев штаммдары. Шигелдер тіке түскен күн сәулесінің әсерінен 30 минут арасында, 60*С ыстық ортада 10-20минут;ал 5% фенол ерңтіндісінде 1-2 минут ішінде өленді, суда 5-6 күн, топырақта бірнеше ай бойы тіршілік ете алады.
Эпидемиологиясы: 1. Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш тасымалдаушы.
2. Таралу жолдар-су, тамақ арқылы және жуылмаған қол арқылы, жуылмаған жеміс-жидектер арқылы.
Клиникалық белгілері: Жасырын кезеңі 1-7 күн. Ауру тез басталады, баланың дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болады, тәбеті төмендейді, басы ауырады, жүрегй айнып құсады, іші бүріп ауырады, тәлігіне 10-15 ретке дейін қанды іріңді, содан кейін қиы аз сулы, кеінірек тек ірің бөлінуі мүмкін. Ішектің түйілуіне байланысты аурудың әлсін-әлсін үлкен дәретке отырғысы келе береді, оны тенезмдер дейді. .....
Остеопороз (гр. osteoporosis, гр. osteon - сүйек + гр. poros + гр. -ōsis) — организмдегі фосфор-кальций алмасуының бұзылуынан болатын пародоит және бет, жақ сүйек ауруында кездесетін тканьдерінің сиреуі.[1][2]
Дереккөздер
↑ Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
Сыртқы тыныс деп организмнің оттегін өабылдап, қөмір қышқыл газын қалыпты деңгейде сыртқа шығарып тұратып өкпедегі өтетін үдерістің жиынтығын айтады. өкпеде негізінен үш үдеріс өтеді:
1. атмосфералық ауа мен өкпе ұяшықтарындағы ауаның алмасауы (өкпенің вентилляциясы);
2. олардағы ауадан капиллярлардағы қанға оттегінің, көмір қышқыл газының кері бағытта өтуі (газдардың диффузиясы);
3. өкпе капиллярлары арқылы қанның айналымы (өкпенің перфузиясы).
Осы үш үрдістің қалыпты арақытынастары арқылы қандағы газ құрамы әдеттегі деңгейде ұсталып тұрады. Сыртқы тыныс жүйесінде қандайда болмасын дерт дамыса, ол осы үрдістерді бұзып, сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігіне әкеледі.
Өкпе мен тыныс алу жолдарының қанды оттегімен қанықтыруын және одан СО2 шығуының керекті дәрежесінде қамтамасыз ете алмау жағдайын сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі деп атайды. Сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігі: өкпедегі ауа алмасуы (вентилляциясы), ондағы қан айналымның (перфузиясы) немесе газдардың өкпе ұяшықтары мен қылтамырлардың мембраналары арқылы диффузиясы бұзылыстарынан болуы мүмкін. Бұл көрсетілген бұзылыстыр жиі біріккен түрде байқалады.
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері Сабақ тақырыбы: Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Жылыжай эффекттің және озон қабатының жұқаруының пайда болу себептерін білу Жылыжай эффектінің салдарының гидросфера,атмосфераға және биосфераға тигізетін әсерлерін сипаттау Сабақтың мақсаттары: Оқушылар жылыжай эффектісі себептері мен салдарларын біледі. Жылыжай эффектісін туғызатын газдарды азайту жолдарын болжады Озон қабатының жұқаруына тигізетін факторларды сипаттайды Деректер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін сараптап жылыжай эффектісіне дәлелдер келтіреді......