Бұл ауру асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында баяу дамитын ақаулардың пайда болуымен сипатталады.
Пептикалық ойық жара көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін. Солардың ішінде: ойық жараның жиі қанауы, көрші ағзаларға жарып өтуі (пенетрациясы), тесіліп кетуі (перфорациясы), обыр (рак) ісікке айналуы организм үшін өте қауіпті. Сонымен бірге асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы жиі анемия дамуына әкеледі.
Ұлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан үш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда болады. Ол «О» қан тобы бар адамдарда, асқазанның ойық жарасы «А» қан тобы бар адамдарда жиірек кездеседі. .....
Мақсаты:Бүйректің қызметін анықтау: күндізгі, түнгі, тәуліктік диурез, 8 порцияның әр қайсысының мөлшерін және тығыздығын анықтау..
Көрсеткіші: бүйрек аурулары
Кері көрсеткіші: жоқ
Керекті құралдар:
· 8-10 қағаз жапсырылған таза құрғақ шыны ыдыс.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.Рұқсат алу.
2. Пациентке міндетті түрде зәрді тәулік бойы (24 сағат) жинайтынын түсіндіру: әр 3 сағат сайын, оның ішінде түнде де.
3. Баланың сұйықтықты қабылдау тәртібі, тамақтану тәртібі бұрынғысынан өзгермеу керек.
4. Таңертең сағат 6-да бала кіші дәретке отырғызылады, және төгіледі.
5. Сол күннің таңертеңгі сағат 6-дан келесі күннің таңертеңгі сағат 6-ға дейін зәрді 8 банкаға жинайды: зәрге отыру жиілігіне байланысты әр банкаға зәрге отырады немесе бірнеше рет отырады, бірақ тек 3 сағат бойы.
Гендік инженерия - молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады. Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады. Биологиялық қауіпсіздік – адамзаттың ең басты міндеттерінің бірі. 1975 жылы биоқауіпсіздік туралы Халықаралық конференцияда (Асиломар, Колифорния) рекомбинантты ДНҚ молекуласы экспериментінің негізгі қағидасы қабылданды. ....
ЗЕРТТЕУДІҢ МАҚСАТЫ: Адамның өміріндегі зең саңырауқұлақтарының рөлін бағалап, олардың басым түсетін оң немесе теріс әрекеттерін анықтау. ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Бастауыш сынып оқушылары зең саңырауқұлақтарының тұрмыстағы пайдасы мен зиянын жақсы білу керек. ЗЕРТТЕУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ: 1. Неліктен саңырауқұлақтар ерекше патшалық екендігін білу. 2. Адам өміріндегі зеңнің теріс рөлін анықтау. 3. Адам өміріндегі зеңнің оң рөлін анықтау. 4. «Екі жақты» салыстыру және басым түскен рөлді анықтау. 5. Зең саңырауқұлақтарының дамуы үшін қажетті жағдайларды тәжірибелік түрде анықтау. ЗЕРТТЕУДІҢ БОЛЖАМЫ: Егер біз зең саңырауқұлақтарының оң және теріс әрекетін бағаласақ, онда олардың биосферадағы заттардың айналымында үлкен рөлді атқаратындығы туралы қорытындыға келеміз......
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Эволюциялық даму және селекция негіздері Сабақ тақырыбы: Табиғи сұрыпталу, оның түрлері (М) Адаптацияны табиғи іріктеудің нәтижесі ретінде зерттеу (көбелек). Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): табиғи сұрыпталудың ағзалардың бейімделуіндегі маңызын сипаттау Сабақ мақсаттары: Оқушылар: табиғи сұрыпталудың ағзалардың бейімделуіндегі маңызын сипаттау.....
Дәнді дақылдардың өнімділігін көтеру қазіргі егін шаруашылығының өзекті мәселесі. Жергілікті жердің сорт түрлері, ауыл-шаруашылығына қажетті құнды белгілері бойынша селекция үшін сұрыпталып отырылады. Әрбір шығарылған сорттың ауруға және сыртқы орта факторларына төзімді, сапасы жағынан күшті болуымен қатар өнімділігі жоғары болуы қажет. Осы сыртқы факторлар ішінде ауыр металдар тұзының өсімдікке және қоршаған ортаға әсерін зерттеу экология саласындағы актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан, қазіргі кездегі ғалымдардың алдындағы күрделі мәселелердің бірі ауыр металдардың тірі ағзаларға әсерін әлсірету болып табылады. Ауыр металдар белоктардың белсенділігін төмендетіп, металдық кофакторларды араластырып, активті бөліктерді блоктап және аллостериялық өзгергіштіктерді туғызуы мүмкін /1/. Сонымен қатар, олар мутагенезді және ісік клеткаларын немесе макроскопиялық өзгергіштіктерді түзуге бейім болады. Ең улы және қоршаған ортаға кеңінен таралған ауыр металдардың бірі кадмий болып есептеледі. Бұл элемент тірі ағзаларға қауіптілігі жағынан бірінші топқа жатқызылады \2\ . Кадмий адам және жануарлар ағзасына жиналуға қабілетті және жүрек қан тамыры әрекетіне себепші сонымен қатар, биосинтез процесін төмендетеді. Ауыр металл тұзы – жекелей алғанда CdCl2 фотосинтез және өсімдіктердің тыныс алуы кезінде метоллотианин кофакторына әсерін тигізіп, клеткада бұзылыстар тудыратыны анықталды. Ол бұзылыстар кейбір ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, пайдалы бұзылыстар болуы да мүмкін \3\. Мелничук Ю.П. (1979) қызметтестерімен бірге ауыл шаруашылық өсімдіктерін алғашқы өсу кезінде кадмийдің төменгі концентрациясымен өңдеп, өсімдіктің өсіп, даму процесін жылдамдататындығын және тамырдың меристемалық клеткасының митоздық бөлінуінің G1 – кезеңінде белок биосинтезі мен РНҚ синтезін жоғарлататындығын дәлелдеді \4\. Дәннің өсуі кезінде кадмийдің активтелген әсері фитохромның регуляциясы мен байланысты. Сондықтан, кадмий өсімдіктердің митоз кезеңіне әсерін тигізеді, яғни цитокинездің бұзылуына әкеледі де, өсуді тежейді немесе мүлдем тоқтатады \5\. Кадмийдің әсерін басқа ауыр металдармен салыстырғанда, өсімдік тіршілігіне қажеттілігі және оның топырақтан өсімдікке тасымалдануы, ұлпалардағы локализациясы әлі толық дәлелденбеген \6\. Сондықтан, біздің зерттеуімізде бұл химиялық қосылыстың (CdCl2) жұмсақ бидай сорттарына әсері зерттелді және осы химиялық қосылыстың әсерінен болған сандық және сапалық өзгергіштіктерге талдау жасалынды.....
Нанотехнология [1]- бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру. Нанотехнология (грек. nanos – ергежейлі және технология) – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым. Нанометр дегеніміз бір метрдің миллиардтан бір бөлігі (1 нанометр=10-9 метр). Нанотехнология осындай ауқымды өлшемдермен айналысады.[2] Нанотехнология – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға, молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химия қасиеттері бар молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін зерттейтін қолданбалы ғылым. .....
Сабақтың тақырыбы: Көбеюі және дамуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі. Сабақтың мақсаты: Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы, сүтқоректілердің отрядтарының ерекшеліктері жайлы мағлұмат беру. Сабақтың міндеттері:1.Сүтқоректілер жайлы білімдерін толықтыру 2.Ойлау, салыстыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту 3.Сүтқоректілердің отрядтарын сипаттай білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа сабақ Көрнекіліктер:презентация «Сүтқоректілердің көптүрлілігі», Венн диаграммасы, кестелер, сызба, интерактивті тақта. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі .....
Дәрумендер және олардың маңызы. Дәрумендер — ерекше органикалык, заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәруменсіз біздің денеміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Дәрумендер ағзаның тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында дәрумендер жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдықтырады. Дәрумендер өсімдік пен мал өнімдерінен алынатын азық -түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті дәрумендерді алып отырады. Дәрумендер латын алфавиті А, В, С, Д және т. б. әріп термен белгіленеді. А дәрумені ағзаның өсуіне және дамып жетілуіне әсерін тигізеді. Ол дененің қорғаныш қасиетін арттырады, көздің көргіштігін жаңсартады, теріде зат алмасуды реттеуге қатысады. А дәрумені треска балығының бауырында, теңіз ала-бүғасында, сары майда, сәбізде, қызанда кездеседі. В дәруменінің түрлері өте көп, В1, В2, В6, В12, В15 . Сондың- тан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытңыда болады. В дәрумендерінің' тобы бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бүл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдыға- ды, жүйкесі тозады және ашуланшақтық байқалады. Ві2 дәрумені жілік майында ңызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсіп, оттегін тасымалдауға әсер етеді. Бүл дәрумен жетіспесе, ңан аздық ауруының тууына себеп болады. ВІБ дәрумені жүрек қан тамырларының жүмысына және бауыр- дың серрозит ауруына әсер етеді. С дәрумені ағзаның түрлі жүңпалы ауруларға қарсы тұ-руыи арттырады, сүйек пен тістердің мықтылығын жақсар-тады. Ол ағзаға қыста және көктемде көбірек қажет. Бүл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістер-ді, ашыған орамжапыраңты тағамға көбірек пайдаланған жөн.....