Генетиканың даму тарихы Генетика — бүкіл тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. Жер бетіндегі тірі материяның дамуы олардың үздіксіз ұрпақ алмастыруымен қатар жүріп отырады. Тіршілік организмдердің көбеюімен тікелей байланысты. Сол арқылы белгілі бір биологиялық түрге тән белгілер мен қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Басқаша айтқанда, ұрпақтар белгілі дәрежеде өзінің ата-анасына ұқсас болып туады. Мұны тұқым қуалаушылық дейді. Көпшілік жағдайда .....
Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар. .....
Асептика-жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады. .....
КІРІСПЕ Табиғат байлықтарының бірі - жануарлар әлемі, ал жануарларды зерттейтін ғылым - зоология. 3оология қарқынды дамып келе жатқан және биологияның негізін қалайтын ғылым, себебі жануарлар биологиялық ғылыми зерттеулердің әрқашанда қажетті объектісі болып келеді. Жануарлар дүниесін, олардың құрылымы және даму ерекшеліктеріне, әр түрлі зерттеу әдістеріне қарай үлкен екі топқа - омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөлу ертеден қалыптасқан. Омыртқалылар зоологиясын - хордалылар зоологиясы деп те атайды. Бұл пән жануарлар әлеміндегі 23 типтің ішіндегі бір ғана типін - хордалыларды (Chordata) қарастырады. Ал, қалған 22 типті қамтитын - омыртқасыздар зоологиясы. Осы 22 типтердің ортақ біркелкі құрылысы болмағандықтан омыртқасыздар зоологиясының өзіндік қиындықтары да аз емес. Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты органикалық дүниенің құрылымы хақындағы көзқарастарды қайта қарауға тура келді. Қазіргі уақытта ғалымдар органикалық дүниені екі (өсімдіктер мен жануарлар) емес, төртке бөліп отыр: олар прокариоттар немесе монера - бір клеткалы ядросыздар (мысалы, бактериялар, көк-жасыл балдырлар): өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар. ....
ҚАБЫНУ –(грекше phlogosis, лат. Inflamatio өрт алу деген мағына) –организмнің әр түрлі сыртқы немесе ішкі патогендік әсерлер нәтижесінде дамыған ,қан айналымның ерекше бұзылыстарымен және жасушалар пролиферациясымен сипатталатын ,стериотипті,қорғаушы ,бейімделуші реакция.Ол қабыну ошағындағы зиянды әсерлерді жоюға және зақымданған ағзалардағы ,тіндерлегі құрылымдық өзгерістерді қайта қалпына келтіруге бағытталған әлтерация, экссудация, пролиферациямен қабаттасатын біртектес дерттік үрдіс. Қабыну этиологиясы: Қабыну әр түрлі ішкі және сыртқы себептерден болады. Қабынудың себептері – флогогендер: Экзогенді (биологиялық, механикалық, физикалық, химиялық, әлеуметтік) Эндогенді (қан құйылу, тін ыдырауы өнімдері, улы метаболиттер, тұздар жиналуы, иммундық кешендер, белсенді радикалдар)
Қабыну ошағындағы өзгерістер негізінен үш фазадан тұрады: 1. Әлтерация тіндердің жасушулардың зақымдаруы 2. Экссудация және лейкоциттер эмиграциясы құбылыстарымен көрінетін микроциркуляция арнасындағы қантамырлардағы қанайналым өзгерістері.Қан тамырларынан қаның сұйық бөлігінің және қан элементтерінің сыртқа бөлініп шығуы. 3. Пролиферация жасушалардың көбеюі нәтижесінде тіндердің қайта қалпына келуі Мұның барлығы гистион деп аталатын дәнекер тінінің құрылымдық қызметтік өлшемінің территриясында өтеді.Гистион құрамында негізгі зат ,коллагенді ,эластинді,аргирофильді талшықтар, нерв талшықтары қоршаған микроциркуляция арнасының бір бөлігі кіреді . Әлтерация – зақымдану - жасушалардың , жасушааралық заттардың, нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық, немесе некроздық бүлінулері Алғашқы әлтерация–флогогеннің тікелей әсерінен дамиды. Салдарлық әлтерация – алғашқы әлтерацияның зардабы, зат алмасу өзгерістерімен, қабыну дәнекерлері әсерімен байланысты. Қабыну ошағында зат алмасуы өзгерістері Зат алмасудың сандық және сапалық өзгерістері: • Майлар, көмірсу, нәруыздар ыдырауының (лизосомалар мембранасы зақымдануы лизосомалық гидролазалардың шығуы және әсерленуі) жоғарылауы • Түзілу үрдістерінің төмендеуі • Заттар алмасуы соңғы өнімдерге дейін жүрмейді - СО2 және Н2О (митохондрий мембранасы зақымдануы әсерінен) тыныстық коэффициенттің ( ТК = бөлінген СО2/қабылданған О2). ....
Салмағы 5 - 10 кг, ең ірісі 13 кг - ға жетеді. Қанатын жайғандағы ұзындығы 150 - 180 см. Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады.
Аққу жұп құрып тіршілік етеді. Ұясына (су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы) 3 - 7 - ге дейін жұмыртқа салады, оны көбіне аналығы басады. 19 - 20 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді.
Аққудың алты - жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанда мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.
Шипун – аққулары наурыз айына 5 - 10 жұмыртқа алып қалады да, ұрғашысы оны 5 аптада басып шығарады. Сол уақытта ата аққу ұрғашысы мен көгілдірлерін қорғап жүреді. Сонымен қатар, ата аққулар осы уақытта ұрғашыларын ауыстырып та отырады.
Аққу үш - төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес түлейді” деген мақалға сай ол да үш - төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.
Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді, әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын “саһар”, балапанын “көгілдір”, мойнын “сұңғақ” деп дәріптейді......
Автор бұл зерттеу жұмыстары мен 3 жыл жұмыс жасауда, әр оқушының өз денсаулық деңгейін білу,оларға коррекциялық түзетулер енгізу арқылы денсаулық деңгейін көтеруді мақсат еткен ол,зерттеу нәтижелерінің оңды көрсеткіштерімен зерттеу белгіленген жұмыстарды жүйелі, салауатты өткізсе, әр оқушы өз денсаулығына қамқор бола алады. Зерттеу кезеңдері 3 жылға арналған. І - КІРІСПЕ. 1. 1 Адам денсаулығы бүгінгі таңдағы - ең өзекті мәселе. Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушылардың денсаулық деңгейін анықтау, денсаулық мониторингісін шығару, әр оқушының денсаулық деңгейін білу, денсаулығын нығайту және қамқорлық жасау. Оқушылар өз денсаулық деңгейін өздері анықтап, дәрісіз жаттығулар, емдік гимнастикалар, дәрілік шөптер және ағзаны шынықтыру арқылы денсаулықтарын әр жыл сайын көтеріп, денсаулық деңгейлерін жоғарылату. .....
Туберкулез Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер, .....
Зерттеушілік жұмыстың мақсаты: Мысықты қолға үйрету тарихын және түрлері туралы мәліметтер жинастыру Тaқырыптың өзeктiлiгi: Бұл тақырыптың өзектілігі мысықтардың қыр - сырын көбіміз біле бермейміз. Адамдар мысықты сиқырлы жануар деп те есептеген. Мысыққа қатысты ырымдарда бар. Оның емдік қасиеті туралы да зерттелген және ашылмаған тұстары да баршылық. Сондықтанда бұл зерттеу жұмысым өз мысығымды бақылау арқылы мысықтардың сырларын ашуға бағытталған. Жоба міндеттері: - интернет желісін, әдебиеттерді оқу арқылы мысықтың қолға үйретілуі және түрлері туралы мәлімет жинастыру. - өз мысығыма ұдайы бақылау жүргізу. - жиналған мәліметтер бойынша қорытынды шығару Зерттеу объектісі: өзімнің «Нуна» атты мысығым......
Сепсис (латынша sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты; сол жердегі бактериялардың саны және адамның иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде адам Сепсиске ұшырайды. Сепсисте фатоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан клетка ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады. Сепсистің орналасқан орнына қарай: терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы); бадамша бездік (іріңді баспа); хирургиялық (шиқан шыққанда); гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін); урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар); отогендік (іріңді отиттің асқынуы); кіндіктік (нәрестенің кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар. Егер инфекцияның қай жерден түскенін анықтай алмаса, оны криптогендік (жасырын) Сепсис деп атайды. .....