1456 — Қазақ хандығы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті. 1456—1470 шамасы — Керей хан билік құрды. Орда орнықты. 1460 — Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Моғолстанның Есен-Бұға ханымен одақтаса отырып, қалмақ (ойрат) шабуылының бетін қайырды. 1465 — Керей ханның туы астындағы......
Парламент сенатының алқа мәжілісінен кейін тілшілерге берген сұxбатында сенат депутаты Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы болжамдарға пікір білдірді деп хабарлайды Қазақпарат.
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала "мә", "ға", "ге" секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай "ма-ма", "па-па" деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері "мама", "папа", "ата", "әже", "аға" деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, "л", "р" дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10—15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, "әже су" дегені, "әже маған су бер" деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз таптарын да қолданады.....
Бөлтірік Әлменұлы (1771-1853) Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Шоқпар жерінде дүниеге келген. Бөлтірік шешеннің жетінші бабасы Зорбайдың (лақап аты –Аузыүйген). Атамекені қазіргі жамбыл облысы, Талас ауданындағы Ойық аймағы, Талас өзенінің бойы екен. Оның атамекенінен ауып, Шу бойына келіп қоныс тебуінің өз тарихы бар. Зорбайдың атасы Ойық үлкен балалары Қызылғұрт пен Кәкшегөзді үйлендірген соң-ақ еншілерін беріп, бөлек үй етіп шығарды. Қартайған шағында Ойықтың қасында кейінгі екі баласы Сәтек пен Зорбай қалады. Сәтек балалы-шағалы, шаруаға мығым екен де, Зорбай төрт ұлдың кішісі болғандықтан шаруаға айналмай, семсерілік жасайды, жүйрік ат, қыран құс, алғыр тазы ұстап, саят құрады. Көзінің тірісінде Ойық Зорбайды үйлендіріп, өзі соның қолында қалып, Сәтекке де еншіні беріп бөлек шығаруды армандайды екен. Бірақ Зорбай әкесінің бұл тілегін орындамай, жиырма беске келгенде жігітшілік құрып жүреді. Сөйтіп жүргенде Ойық дүниеден қайтады. Өлерінің алдында көпті көрген қария балаларын шақырып алып, оларға ата жолымен іс істеп, ата жолыме тіршілік етуді, кенжесі Зорбайды аяқтандырып, ел қатарына қосуды өсиет етеді. Қызылғұрт, Көкшкгөз, Сәтек үшеуі әкенің аманатын орындап, Зорбайды үйлендіреді, салсерілікті тоқтатады. Ағайынды төртеуі бірігіп, әкелеріне ас беріп, ат шапқызады. Аға балалары Тасжүрек, Қоңыр, Селгетай сияқты бауырлары қолдап, Ойық бабаның аруағына үлкен құрмет көрсетеді. Жиын соңнда Зорбайға ата жолымен әкенің қара шаңырағын өзіне тапсыруды сұрайды. Сәтек бұған көнбейді. Егер ағалары қара шаңырақты Зорбайға алып беретін болса, онда ол өзінің елден де, жерден де кететінін ескертеді.Қара шаңырақты бермейтін болса, Зорбай да ауатынын, елден де, жерден де кететінін айтады. Қызылғұрт пен Кәкшегөз екі інісінің дауын ата жолына салып шешкенде, қара шаңырақты Сәтекте қалдырып, қара қазанды Зорбайға лайық көреді. Бұған көңілі толмаған Зорбай ағаларына өкпелейді де, бір түнде көтеріліп көшіп кетеді. Сол кеткеннен Зорбай Шу бойына келіп бір-ақ тоқтайды. Зорбайдың ұрпақтары үгін де сол Шу, Іле бойын мекендейді.....
Қазақ хандығының билігі 1680 жылы Жәңгірдің ұлы Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көрген саясаткер, арқылы дипломат, құдыретті хан болды. Тәуке ханның өзіне дейнгілерден айырмашылығы – хандықтағы ерекше әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және идиологиялық міндеттерді атқаруда ерекше ролі болды. Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырылды. Осыдан бастап билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге айналды. Тәуке хан билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүзінің ең беделді билердің қатысумен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырады. Ұлы жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруде, сондай-ақ хандықты ауыр сындардан аман алып өтуге бағытталды. Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарнының жақындасуына табандылықпен қол жеткізді. Ол 1686-1693 жылдары Сібірге бес елшілік жіберді. Мұнда Тәуке орыс-қазақ қатынастарының өзара тең дәрежеде дамуын нығайтуға айқын мүдделілігін танытты. Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы бейбіт келісім-қатынастар сақтала берді. 1698 жылан ойраттар мен қазақ әміршілері арасындағы қарулы қақтығыстардын жаңа кезеңі басталды. Жонғардың әскери шонжарлары манызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстанның аумағын басып алуды көкседі. Қазақтың Сығанақ, Түркістан, Отырар, Сайрам, әсіресе Созақ қалалары жоңғарлармен күресте өзіндік стратегиялар тірек бекетіне айналды. Тәуке ханның ойратармен күрестегі кейбір сәттіліктері оған үлкен жеңіс әкелмеді, соғыс белсенділігі ойраттардын жағына болды. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз жүргізілді. Олардын 1711-12,1714,1717 жылдардағылары ерекше еді. Жоңғария қазақтарға аса қатерлі кауіп төндірді. 1718 жылы қазақтын барлық үш жүзіне билігі толық тараған қазақ хандарының сонғысы Тәуке қайтыс болды. Тәуке ханның тұсында қазақ хандығы бір орталыққа бағанған мемлекет еді. ....
К І Р І С П Е Адам қоғамын мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Ерте заманнан бері адамдар дүние құбылыстарын тану, соның ішінде мемлекет пен құқық туралы да зерттеулер жасап келеді. “Мемлекет” сөзін қоғамның ересек мүшелері де, мектеп оқушлары да түсініп, естіп жүреді. Бұл терминнің толығырақ мән-мағынасын анықтап, жете түсіну үшін ол мәселеге қажетті көлемде көңіл бөлу керек. Кеңес Одағы ыдырап, оның территориясында егеменді мемлекеттер пайда болып, әр мемлекет, оның ішінде Қазақстан Республикасы да өзінің мемлекеттік құрылысын, құқық жүйесін реформалауларды жүргізіп отыр. Осындай қоғамдағы өзгерістерге сәйкес белгілі бір объектілерді зерттеудегі маркстік-лениндік көзқарасты ғана қолдану қағидасынан да ауысып, басқа да халықаралық қауымдастық қолданып жүрген зерттеулермен жете танысуға және сол бағыттарда жұмыс жүргізуге жол ашылды.....