Ұлттық валютамыз келешекте ішкі нарықта толық үстемдікке ие болады. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі іссапары барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Астананың айырбас нүктелерінде түскі саудада доллар жаңа рекорд орнатып, 390 теңгеге жетті. $1 долллар үшін сатып алу құны 388 теңге. Ал Алматыда сәйкесінше, 389 және 387 теңгеден сатылуда.
2016 жылдың жаз айларында теңге тұрақталып, доллаға шаққандағы бағамы 310-320 теңгенің арасында болады. Мұндай болжамды Schildershoven Finance сараптамалық департаментінің жетекшісі Владимир Малиновский жасап отыр деп хабарлайды LS басылымына сілтеме жасап nur.kz.
Алматыда қоғамдық көлікке енгізілген «Оңай» электрондық төлем жүйесі Алматы облысының кей тұрғындарына қолайсыздық тудырды. Мегаполис маңында тұратын зейнеткерлер мен студенттер жеңілдігі бар «Оңай» картасын ала алмай жүр деп хабарлайды Азаттық.