Мақпал Жүнісова: Өз елімнен кететін шығармын

Қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова концерттерде бой көрсеткенімен, отандық телеарналардың өзін эфирге шығармайтынына налыды. Қайда барса да, алдынан кесе-көлденең кедергілер шығатын Халық әртісі өз елінен кетуді де ойластырып жүргендей, деп жазады nur.kz Comode.kz-ке сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық
0 0

SMM-МАМАН ОҚУ КЕРЕК 12 КІТАП

Білем, сізге мына кітаптар арғы атаңыздан берілген аян ұқсап көрінуі мүмкін. Бірақ, берілген ақпаратты ковышпен жұтуға асықпаңыз. Тек, керегін алып өзіміздің менталитетке қиыстыруымыз дұрыс шешім болады. Сонда ғана жетістікке жетеміз. Ал кеттік, ендеше ТОП-12..
Кеңестер
Толық
0 0

Қазақстан жұлдыздары қосымша қандай кәсіппен айналысады

Сахнада жүрген өнер адамдарының дені әншілікті, жалпы басқа да өнерді жолға қою үшін үлкен қаржы керек дегенді жиі айтады. Себебі де көп айтылып жүр. Бұдан шығатыны таза талант, тек қана дарын, ешкімге ұқсамайтын жағымды дауыспен "жұлдыз" деген атқа ие болуға аздық етеді.
Сахнадан жиі көрініп, көпшіліктің көңілінен орын алып жүрген жұлдыздарымызды санап, кімнің қандай кәсібі барына nur.kz тілшісі шолу жасап көрген еді.
Жаңалықтар
Толық
3 -2

ОҚО-да пара алған мұғалім: Мен өз сөзіме жауап бере аламын (видео)

Түлкібас агробизнес колледжінің студенттері «пара беруден шаршағандарын» айтады. Жақында «жақсы баға үшін пара сұраған» осы колледж оқытушысы туралы видео интернетте тарап кеткен еді. Азаттық тілшісімен сөйлескен 51 жастағы мұғалім денсаулығы сыр бергенін алға тартты.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ұлыбритания қазақстандық бизнесмендерге виза беруді жеңілдетті

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ұлыбританияға бизнес-виза алу процедурасы жеңілдетілді.

Фото: newskaz.ru
Фото: newskaz.ru

ҚР Премьер-Министрі ресми сайтының хабарлауынша, бұл жайында Ұлыбритания Премьер-Министрінің сауда елшісі Чарльз Хэндри қазақстандық-британдық сауда-өнеркәсіптік кеңестің 17 отырысында мәлім еткен.

"Біз енді ілкі негізде виза берудің арнайы бағдарламасын жүргіземіз. Оның аясында Қазақстан азаматтарына бизнес-виза беруге бар-жоғы 2-3 күн қажет болады", - деді Чарльз Хэндри.

Бүгінде 16 қазақстандық компания осы бағдарлама бойынша визаға құжаттарын тапсырып, олардың 10-ы визаларын алған.

"Бұл бағдарламаны әрі қарай жалғастыруға ниеттіміз, мерзімдер шектелмеген. Менің білуімше, осы бағдарлама бойынша 150-ге жуық виза берілген. Тағы бір жағымды жаңалық - қазан айынан бастап Астана мен Лондон арасында тікелей әуе рейстері ашылады, оны Air Astana компаниясы жүзеге асырады. Көптеген бағыттар бойынша өрлеу жүріп жатқанын көріп отырмыз", - деді британдық Үкімет басшысының өкілі.

Жаңалықтар
Толық
0 0