Қазақстанда жаңа жол жабындысы сынақтан өтеді
Қазақстанның Ақмола, Атырау және Алматы облыстарының автомобиль жолдарындағы сынақ учаскелерінде "Микросюрфейсинг" түріндегі жаңа жол жабындысын сынақтан өткізу басталды.
Жаңа технология жол жабындыларының бұзылу процесін тоқтатуға мүмкіндік береді және жоғары техникалық санаттағы тас жолдарда қолданылатын болады. Бұл туралы baq.kz тілшісіне ҚР көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жолдарды күтіп-ұстауда бұзылулардың алдын-алу әдісін қолдану қаржыны үнемдеуге бағытталған. Айталық, жолдарға 7-10 жылдан кейін, яғни сапасы қанағаттанарлықсыз жағдайға жеткен кезде күрделі жөндеу жұмысын жүргізгеннен гөрі, олардың сапасы қанағаттанарлық жағдайда болған кезде жол жабындысына жөндеу жұмысын жүргізген айтарлықтай арзанға түседі", - деп атап өтті Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов.
Серікбол Сайлаубек: Қайрат Нұртас өміріме бөгет бола алмайды
– Серікбол, бір кездері сіз көпшілікке Қайрат Нұртастың боқтық сөз айтқан видеосын ғаламторға жариялаушы адам ретінде танылған едіңіз...
– Видеоны ғаламторға мен салды деп айта береді. Иә, ол видео¬ны түсірген – мен. Бірақ мен оны ғаламторға салып, таратқан жоқпын. Әлі күнге дейін ғаламторды қолдануды дұрыс білмеймін, қалай саламын?! Логикалық тұрғыдан ойласаңыздаршы, ол жерде Қайрат қана емес, мен де бармын. Өз-өзімді салмайтын шығармын?!
– Ол жерде сіз көрінбейсіз. сіздің салып жіберуіңіз де мүмкін ғой...
– Ғаламтор әлі дамымаған кез ғой. Қазіргідей емес, «простой» телефонға түсірілген. Бәрі сол видеоны мен салды деп ойлайды. Бірақ Алла тағаланың көзі түзу. Мені жақсы танитын адамдар менің салмағаныма сенеді. Өйткені ондай.....
Қазақстандағы ең көп жалақы алатын мамандықтар
Баян Есентаеваның оң қолындағы жүзігі көпшіліктің талқысына түсті (фото)
Теңге мультивалюталық қорға байланыстырылады
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұлттық валютаны АҚШ долларынан, еуродан және Ресей рублінен тұратын мультивалюталық қоржынға байланыстыру тетігін пайдалануға көшеді, деп хабарлайды BNews.kz .
ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Г.Марченконың мәлімдемесіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2011 жылғы ақпаннан бастап теңгенің басқарылатын өзгермелі айырбастау бағамы режимінің шеңберінде валюта саясатын жүргізіп келеді.
Осы режим Ұлттық Банктің валюталық сауда-саттыққа тек айырбастау бағамы динамикасының нарықтық алғышарттармен берілетін жалпы трендін қалыптастыруға әсер етпей, айырбастау бағамының күрт өзгеруін реттеу мақсатында ғана қатысуын болжайды.
Айырбастау бағамының саясатын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің АҚШ долларына қатысты айырбастау бағамының динамикасына әсер етеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының интеграциялық процестерін, негізгі сауда әріптестермен сауда және сыртқы экономикалық.....