Шығарма: Ең бақытты қыздар

Ұ.Жолдасов орындайтын әнде айтылғандай „баланың бәрі бақытты болуы үшін жаралған”. Бақытсыз өмірдің мәні жоқ. Әлемде барлық пенде өзінше бақытты. Ал, бүгінгі қыздардың бақытты болмауға хақы жоқ. Неге? Ненің арқасында қазақ қызы бақытқа қол жеткізді?......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Бақыт құсы

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, байлар киіп қырмызы, жарлының тоны келтеде, жердің үстінде, аспанның астында әлемді таң еткен Келтең деген бір сараң бай болыпты. Бірнеше малшылары, құлдары болыпты. Сол көп малшылардың бірі Қазанқап деген қозышысы бар екен.

Қазанқап бір күні ұйықтап жатып түс көреді. Түсінде басынан күн, аяғынан ай туып, қасында екі қозы қошқар соғысып жатыр екен. Қазанқап «екі қошқарды айырайын, әйтпесе сүзісе-сүзісе бастары жарылар да бай маған ұрысар» деген оймен айғайлап тұра жүгіремін дегенде, өз даусынан өзі шошып оянып кетеді. Оянса, түн әлі қараңғы. Қозылар қотанда тып-тыныш жатыр. Ол аң-таң болып біраз отырды да ертеңіне байдың баласы......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Байлығымыз да, бақытымыз да болған Тәуелсіздігіміз

Мәңгілік Ел ұғымы, қасиетті, киелі,
Елжіретіп жаныңды, иітеді жүйені.
Тебіреніп бұл сөзге бабалардың аруағы,
Тереңдегі тарихтың ағытылар тиегі.
Асыл арман жолында қаншама жұрт қан кешкен,
Аждахамен алысып, алпауытпен белдескен.
Өсиетін ойдырып қара тасқа ақыры,
Қара жердің бетінен зым- зия боп мәңгі өшкен, - деп ақын Несіпбек Айтұлы жырлағандай Мәңгілік Ел ата- бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. «Мәңгілік Ел» деген сөзді естігенде «Өткенге бұрылып басыңды и, ертеңге қарап білегіңді түр» деген ғұламаларымыздың сөзі ойыма оралды.
Жер бетінде тауқыметті көп көрген халықтың бірі- қазақ халқы. Иә, орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар- ожданымыз табанға тапталды. Қолдан жасалған аштыққа душар болдық, зұлматтың құрығына түстік. Өзгенің тарихын өзімізге теліп оқыдық. Қазақтың: «Қаратаудың басынан көш келеді» деп зарлағаны, Қазтуған жыраудың: «Қайран да менің Еділім» деп қабырғасы сөгілгені; үш жүздің басын қоса алмай, көшіп- қонған жұртын орнықтырып ел ете алмай Абылайдың қайғы жұтқаны; Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; «Еділді келіп алғаны- етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны жағаға қолды салғаны, Әдіра қалғыр, Үш Қиян» деп Мұрат ақынның күйзелгені; «Бас-басына би болған өңкей қиқым, мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?»- деп Абай атамыздың қабырғасы қайысқаны бізге тарихымыздан белгілі емес пе? Ата- бабаларымыздың аңсап кеткен арманы шындыққа айналды. Көгімізде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтады, Тіліміз өз мәртебесін алды. Бір сөзбен айтсақ тәуелсіздігімізді алдық, ешкімге жалтақтамайтын егеменді ел болдық. Әрине, көп уақыт өте қойған жоқ, не бары жиырма бес жыл.....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.2. 1 - автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау
Сабақ мақсаты: Шығармадағы кейіпкерлер мен автор бейнесі қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0