Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Мәшһүр Жүсіп Туысқан бауырларыма бір насихат


«Әй, қазақ ағайындар! Жылдан жылға кедей болып, жоқ жерде малдарыңнан айрылып қалып, күн асқан сайын кеміп барамыз, мұны кімнен көресіз?! «Қыс алды, боран алды»,-дейсіз, қыс пен боран алатұғын болса, қоян неге өлмейді, торғай неге өлмейді? Бораннан ығып, суықтан үсініп бір қоянның, бір торғайдың өлгенін көрген жан жоқ. Қазақта бір мақал бар «Жаман Құдайшыл келеді» дейді.

Ол сөздің мағынасы құдай, құдайдың жазуыменен болды десеңіз, бұл сөздің тұрғаны теріс. Өзі жаратқан мүлкін, өзі бар қылған мақұлығын құдай неге қырады? Кім болса, ол болсын, өзі жасаған нәрсесін өзі бұзбайды. Құдай тәбәрак оттағала мұнша жаратқан мақұлығын жоқ қылуға мөлшер қылған болжалды мезгілі бар. Ол мезгіл Ысырапыл (Исрафил) періштенің сұрын (сорын) үруімен (ұруымен) болмақ. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Апам пісірген бауырсақтар

Сабақтың мақсаты: Балаларға ұннан жасалатын тағамдар жайында қарапайым түсінініктер беру. Мүсіндеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Тақырыпқа байланысты суреттер.
Құрал-жабдықтар: Ермексаз, тақтайша.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Сөздік жұмыс: Дөңгеленген.
Ұйымдастыру кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Қызығушылығы

Қорытынды: -Балалар, біздің сабағымызға қонақтар келіпті қане, бәріміз қонақтармен амандасайық.


-Балалар, таңертен тұрғанда алдымен біз нені көреміз?

-Иә, балалар, күн бізге не береді?
-Олай болса бір-бірімізге алақанмен жылуымызды жеткізейік.

Күніміз жарқын болсын!
Асманымыз ашық болсын!
Күніміз сәтті болсын!
Деніміз сау болсын!

-Жарайсыңдар, балалар.

Осы кезде есік қағып, қонаққа әже келеді.
-Мен бауырсақ пісірейін деп едім, маған көмек көрсетесіңдер ме?

-Тәрбиеші: Әже, балалар бауырсақтың қайдан келетінін білгісі келеді.
-Әже: Бауырсақ ұннан жасалады. Балалар, ұннан көптеген нан тағамдары жасалады. Олар:нан, бауырсақ, құймақ, кеспе, шелпек, таба нан т.б.

-Тәрбиеші: балалар нан туралы тақпақ біледі.


-Жарайсың, Архат!

-Балалар, біз ендеше еңбектеніп, осы дәмді бауырсақты өзіміз ермексазбен мүсіндеп берсек қалай болады?
Тәсілдері: ермексазды үзіп алып, алақанға салып домалақтаймыз. Дайын бауырсақты әжеге сыйлаймыз (Әже рахметін айтып шығып кетеді).

"Нан қайдан келеді?"
Мақсаты: нанның келу жолдарын сурет бойынша айту және ретімен орналастыру.

Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.

-Балалар, "Бауырсақ" ертегісін білеміз ғой?
-Бауырсақты кім пісірді?
-Бауырсақ домалап келеді, домалап келеді. Ең бірінші неге кезедеседі?
-Домалап келе жатып, тағы қандай аңға кездеседі?
-Сонан соң неге кезедеседі?
-Одан құтылып келе жатып, тағы қандай аңға кездеседі?
-Ал түлкі не істейді?
-Балалар, біз түлкіге бауырсақты жегізбейік, онымен дос болайық.
-Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Әжеге не мұсіндеп бердік?
-Сабақ сендерге ұнады ма?

-Жарайсыңдар, балалар. Сендердің бүгінгі істеген жұмыстарыңа қуанышпен рахмет деп айтқым келеді.
-Сау болыңдар балалар! -Балалар шеңбер бойымен тұрып қонақтармен амандасады
Сә-ле-мет-сіз-дер-ме?
-аспанды, күнді, күннің нұрын

-нұрын, шуағын, жылуын

Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
-иә, жасап берейік
-иә
-әже пісірді

-қоянға
-аюға
-қасқырға

-түлкіге

-бауырсақты жеп қояды

-әже

-бауырсақ
-иә, ұнады
-сау болыңыз! .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет| Бауыржан Момышұлы (1910-1982)

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады.
1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы

К і р і с п е
Тақырыптың өзектілігі:
«Ежелден ер тірегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса ел тілегі»,-
дейді Бауыржан Момышұлы. Ия, ер азаматқа бақыттың ең үлкені – халқына қадірлі болу. Ерте заманнан халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасаң кімде – кім ел-жұртын жаудан қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңірсе, сол адам ерекше көзге түскен, даңққа ие болған, сүйіспеншілігіне бөленген. Халқымыздың сондай дара ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлы дегенде екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі – батырдың бейнесі де, екіншісі – жазушының бейнесі. Бойынан осы екі қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Бауыржан халқының асқан ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылған жанды неге теңерсіз?! Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби творчестволық сипаттың ғажап сиысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа да мүмкін емес.
Бүгінгі біздің сөз етейін деп отырғанымыз Бауыржанның батырлық, жауынгерлік, азаматтық бейнесі емес, оның жазушылық бейнесі.
Дей тұрғанмен, Бауыржанның атын атағанда бұл екі қырын бір – бірінен бөліп алып қарау мүмкін емес сияқты. Себебі, ол жайлы жазылған әрбір туындыға Баукеңнің өзінің кейіпкерлік қана емес, авторлыққа пара-пар қатынасы бар [1; 84 б].
Тарихта теңдесі жоқ, қаһарман соғыстың жарқын эпизодтарын ақын – жазушыларымыз шығармаларындағы көркем образдар арқылы суреттеді. Ұлы іскер көркем шығармаларда онан да зор, онан да алып күшке ие болып, халықты ұлы жеңіске бастады. Қарапайым Кеңес адамдарының жан қиярлық істерін көпке үлгі етіп көрсетіп, жұртты жауға қарсы мейірімсіз күрес ісіне жұмылдырды.
Жалпы Кеңес Армиясының, оның ішінде Қазақстандық жауынгерлердің ерлік, батырлық істері тек қазақ жазушыларының ғана емес, сонымен бірге орыс ақын, прозаиктерінің шығармаларында да суреттелді.
Жазушы Александр Кривицкий «Москва түбіндегі қарауыл» повесін панфиловшылардың көп ұлтты сегізінші гвардиялық дивизиясы ерлігіне арналған болатын.
Кітапта қаһарман жауынгерлердің бірі – Бауыржан Момышұлы туралы әңгіме шертеді. Мұнда батыр Бауыржанның кескін-келбеті, ой-қиялы айшықты бейнелейді. Жазушы повесінде Бауыржан Момышұлының талантты әскери қолбасшылық, ғажап ақылдылық, ұстаздылық сипаттары тоғысқан образын жасайды.
Қатардағы солдаттан полковник дәрежесіне, взвод командирінен дивизия командиріне жеткен атақты гвардеец Баукең жайлы жазылған көркем шығарма – бұнымен ғана шектелмейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №7 (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №7
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.1.1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау;
Сабақ мақсаты: Романның сюжеттік желісімен, ондағы танымдық, тағылымдық ой-пікірлерімен танысу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №5 (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №5
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
Сабақ мақсаты: Кейіпкер мінезін беруші тілдік тәсілдер арқылы тура және жанама мінездеулерді жіктеу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Бауыр» әңгімесі (5 сынып, III тоқсан )

САБАҚ: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Адамгершілік - асыл қасиет
Сабақтың тақырыбы: «Бауыр» әңгімесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.А/И1.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу;
5.Б/С3. Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақтың мақсаттары:
- Әдеби шығармадан үзінді жатқа айту;
- Кубизм стратегиясы бойынша сұрақтарға толық жауап беру;
- Рөлге ену;
- Шағын эссе жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0