Жасыбай батыр - 18 ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған ірі тұлға. Әкесі-Өмірәділ от ауызды, орақ тілді шешен ......
Ерлік... Осы бір сөзді естіген кезде көз алдыма сансыз ғаламат ойлар келіп, сонау заңғар тауға асқақтатады. Ел ішінде «Ер елдің айнасы» деген терең мағыналы мақал бар. Түбіне үңіле қарасаң ұшы-қиыры жоқ кеңістікке енгендей сезімде боласың. Дәл осындай мағыналы ойдың бала қиялымды сансыз көп тараптарға жол сілтері рас. Сонау атам заманнан бері білектің күшімен, найзаның ұшымен елін қорғап қалған батыр ата-бабаларымыздың ерлік істері бүгінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай іс. Елім деп еңіреп өткен саңлақтарымыздың ерлік істерін есіме алсам, бір марқайып қаламын! Сол кездердегі атқарылған талай жорықтар ел басына төнген қара бұлттың кейпінде еді. Алайда, қазақ халқының арда туған асыл текті, жауырыны тоқпақтай ерлері елім деп, жерім деп жауға қарсы шауып, бостандыққа қол жеткізуді ғана мақсат тұтқан. Дәл осындай елім деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халқымыз мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерліктерін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтауы тиіс. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Бұл айтылған ойдың негізгі мақсаты-ұлыларды зерттеп,олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету. Қазақ елінің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлдарының саны аз емес. Қаһармандар қатарына Т.Бигельдинов, Р.Қошқарбаев, Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова секілді батыр бабаларымыздың ерлігі арқасында қазіргі тату тәтті өмірімізге, бейбіт заманымызға жетіп отырмыз.......
Адамзат баласы жер бетінде пайда болғалы бері көптеген оқиғаларды басынан кешті. Қазіргі біздің өмір сүріп отырған заманымызға дейін жер бетіндегі халық қалыптасу процесін басынан кешірді. Міне, осы оқиғаларды мен 5 сыныпта тарих пәнінен оқып білдім. Тарихтан қазақ елінің көптеген соғыстарды бастарынан кешкендерін білдік. Сонда мен өз Отанына, еліне адал ......
Ертеде Абылай хан заманында бір байдың Алакөз деген ұлы болыпты. Алакөз он үш жасар батыр екен. Бір күні Абылай хан жауға аттануға көп қол жиыпты. Батырдың әкесінен: «Алакөзді маған бер, жорыққа ту ұстап барсын», – дейді. Алакөздің әкесі:
— Жоқ, ханеке, балам жас, баламды биылша тастап кет, алпыс ала ат берейін, – депті. Абылай хан: «Жарайды, олай болса», – деп, көп нөкерімен жорыққа шығыпты. Үш күн өткен соң, Алакөз үйінде отырып ойлайды. «Мен бұл әскерден қалғаным не қылғаным?», – деп, батырлығына шыдай алмай, өзінің бір қанатты Қарагер дейтін атына мініп алып, үш күн озып кеткен әскерлерді бір сағатта қуып жетіпті. Сонан соң Алакөз бұлармен бірігіп кетеді. Төрт күннен соң артынан әкесі қуып келеді. Баласы қашып ұстатпайды. Әкесі айтады......
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер Сабақ тақырыбы: Аналар мерекесі (Ардақты ана Ә. Дүйсенбиев Қуаныш Ә. Шынбатыров) Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау 3.3.2.1 ертегілер (үлгі бойынша, кейіпкер қосу, соңын өзгерту ... тәсілдер арқылы)/ өлең шумақтары/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша)/ кейіпкерге хат жазу Сабақ мақсаттары: Барлық: өлеңді дауыс ырғағын сақтай отырып, мәнерлеп оқиды; Көптеген оқушылар: өлеңнің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, өлеңнен теңеу сөздерді тауып жазады; Кейбір оқушылар: өз ойын жүйелі жеткізеді, сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады......
Бір неміс шаһарында Ганс дейтін киім тігетін ісмер адам болыпты. Ол күні бойы терезенің алдындағы үстелде іс тігіп отырады екен. Күрте де, шалбар да, кеудеше де тігетін болса керек.
Бір күні Ганс іс тігіп отырып, көшеден айғайлаған дауыс естиді.
— Мұраппа! Қара өрік мұраппасы! Кімге мұраппа керек?
«Мұраппа, ә!—деп ойлайды тігінші.— Және қара өріктің мұраппасы екен. Жақсы болды».
Осылай ойлайды да, Ганс терезеден айғай салады:
— Тәтей, тәтей, бері кел! Мұраппаңнан бере кет!
Жарты қалбыр мұраппа сатып алады да, бір тілім нан кесіп, оған мұраппа жағып қойып, кеудешені әрі қарай тіге береді.......
Орталық коммуникациялар қызметінің бүгінгі брифингі Google Translate+Kazakh жобасына арналды.
Google Translate – бұл Google компаниясына тиесілі ең танымал тегін машина-аудармашы. Бұл аударма құралын күніне 200 млн. адам пайдаланып, 1 миллиардтан астам аударма жасайды.
Аталмыш сервис 2001 жылы іске қосылды. Осы уақыт аралығында бұл бағдарлама 81 тілді қамтыды, соның ішінде екеуі түркі тілдері: әзірбайжан және түрік тілдері. 2 жыл бұрын Google Translate-ке қазақ тілін қосу жұмыстары басталып.....