Шығарма: Қазақ батырлары

Біз солдаттың немересіміз,
Кеш келдік мына жарқын қоғамға,
Жүрілмеген жатыр қанша жол алда.
Біз көбіміз атамызды білмейміз,
Біздер жайлы түк білмейді олар да.
Иә, біз соғысты көрген жоқпыз. Соғыстың қасіреті мен қайғысын, жау зеңбірегінің жарылысы мен сол зеңбіректен жасырынған балалардың үрейлі жанарын, жаралы жауынгердің азабы мен жауған оқтың астынан жаралы әскерді алып шықпақ болып, дәрмені жетпей шарасыздықтан жылаған бүлдіршін қыздың жан қиналысын да көрген жоқпыз.
Қан майданның қақ ортасында болған аталарымыз бен апаларымыздың даңқын, ерлік істерін біздер тек тарихи кітаптар мен көркем туындылардан ғана білеміз. Қанды қырғынның ортасында жүргенде қалай ерлік жасасам екен деп ешкім де ойламайды. Адам ерлікті атын шығару үшін емес, жүрек қалауымен, адал сезіммен істейді. Соғыс кезінде ата –бабаларымыз бен аналарымыз атақ, даңқ үшін емес, елін, жерін, туғандарын қорғап, жанындағы жолдастарына қорған болуды ғана ойлады. Өзінің емес, өзгенің бақытын, өзгелердің амандығы үшін күресті. Сонда ғана жеңіске жетіп, жеңілмеудің жолын таба білді........
Шығармалар
Толық
0 0

Бата-тілек: Амангелді батырға Досай шешеннің берген батасы

Уа, барша әлеумет,
Сардарға бата берейік.
Біріміз қалмай, бәріміз,
Батырға түгел ерейік.
Кәріміз бен жасымыз,
Патшаға қарсы аттанып,
Ер қаруы бес қару,
Бойымызға ілейік.
Бостандық үшін ту ұстап,
Батырға өміртілейік.
Қаһарман қол - сарбаздар,
Көк тілгендей жарқылдап,
Найзағайдай төнейік.
Қарсы келген дүшпанды,
Жермен - жексен көмейік.
Батыр киген ақсауыт,
Оқ дарысын демейік.....
Баталар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр

Шормақ Басыбақұлы, Шормақ батыр (шамамен 1780, Қазығұрт бөктері – 1870, қазіргі Алматы облысы Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылы) – белгілі би, батыр. Ел ішіндегі шежіре әңгімелерде Ұлы жүз албан ішінде қоңырбөрік руының сарықұл аталығын Шормақтың басқарғаны айтылады. 19 ғасырдың басында Жетісу қазақтары жоңғар шапқыншылығынан кейін есін жинап, атақоныстарына орала . .....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Батыржан Смақов

Батыржан Смақов – Қазақ ұлттық өнер университетінің дирижері,Қазақстандағы жалғыз контртенор опера әншісі.

1986 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген, жастайынан музыкамен айналыса бастаған. Халықаралық байқаулардың, оның ішінде "Гран-При Санкт Петербурга” және Турин қаласында өткен “Concorso della Musica Sacra” байқауларының лауреаты. Оның кәсіби мансап жолы 2010 жылдан, Батыржан алдымен Грузияға, кейін Италияға оқуға кеткеннен басталған.

2011-2017 жылдар аралығында Озимо қаласының Халықаралық опералық ән айту академиясында, одан кейін Пезаро қаласындағы Джоакино Россини консерваториясында хор дирижері сыныбы бойынша оқыған, Италия магистратурасын қызыл дипломмен бітірген. 2016 жылы Сирия балаларына көмек ретіндегі қайырымдылық концерттері сериясынан соң «ЮНЕСКО Бейбітшілік әртісі» атағын алған. Оқу бітірген соң елге салтанатпен оралып, Астана Операсы театрында 2 рет “Возвращение Орфея” жеке концертін берген.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сочинение: Институт батырства в Казахстане

В Послании Главы государства народу Казахстана от 14 декабря 2012 года “Стратегия «Казахстан2050»: новый политический курс состоявшегося государства» указывается, что «…фундамент казахстанского патриотизма - это равноправие всех граждан и их общая ответственность за честь Родины” Я убеждена в необходимости изучения вопросов сохранения и распространения культурного достояния казахского народа, исторической связи поколений потомков батыров в современном Казахстане.....
Сборник сочинений
Толық
0 0

Шығарма: Оңтүстік Қазақстаннан шыққан батырлар жайлы деректер

Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінің басында-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Мыңдаған жауынгеріміз жат елде жан тапсырып, ұрыс даласынан жарақатпен оралды. 23 тамыз - Ресей Федерациясы, Тверь облысы, Зубцов қаласының жау қолынан азат етілген күні. Сұрапыл соғыс айналып өтпеген бұл жер 1941 жылдың күзі мен 1942 жылдың жазында қарсылас қос елдің шабуылдары қызған жер. Елін қорғаймын деп жырақта қаншама жауынгер жер жастанса, олардың арасында белгісіздер тізімін толтырғаны қаншама. Биыл міне, 50-ге жуық боздақтың аты-жөндері анықталып отыр. Олардың арасында Қазақстаннан майдан даласына кеткен 6 азаматтың, 2-уі оңтүстікте туылғандар. Майданға аттанған күннен бері хабар-ошарсыз болған Байназаров Қайнарбұлақ ауылында туған. Арнайы топтар оның сүйегін тапты. Ал, өз кезегінде топ басшысына делегация ақсақалы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Ержанның арнайы сияпатын туыстарына табыс етті. Жарты ғасырдан кейін жақынын тапқан жанның бірі - Салқынбек Қалдаров. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туылған қария ұрыс даласында белгісіз кеткен әкесін сабыла 76 жыл іздейді Тек, Ұлы Жеңістің 68-жылдығы қарсаңында ғаламтор арқылы асқар тауы әкесі Қалдар Байбағысовтың қай жерде қаза тапқандығын естіп, ақтық демі таусылған жерге баруды ұйғарады. Жат жерде жатқан боздақтың есімі құлыптасқа қашалып жазылып, жауынгердің туған ауылынан бір уыс топырақ алынды. Соғыста қаза тапқан майдангер аталған ауылдан 5 шақырым жерде орналасқан Гнилева деревнясындағы бауырластар зиратында жерленген. Ну орманның ортасындағы елдімекен картада болғанмен, бүгінде ол жерді тірі жан мекен етпейді екен. Тек Успенское поселкалық билігінің көмегі арқасында бауырластар зиратына барып, Салқынбек Қалдаров әкесінің басына құлыптасты арулап қойды. Осылайша елін, жерін жаудан қорғап, жат жерде қаза тапқан боздаққа туған жердің бір уыс топырағы 76 жылдан кейін бұырды........
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Мəлік Батырхан Абайұлы (ALEM) (1993 жылы 18 ақпан)

Мəлік Батырхан Абайұлы (ALEM) (18 ақпан 1993 жылы туған, Үшқұдық қаласы, Науаи облысы, Өзбекстан Республикасы) — қазақстандық әнші, Ninety One тобының мүшесі және «Қазақстан Дауысы» атты жоба финалисті ретінде танымалдылыққа ие болды. Жəне X фактор жобасының жартылай финалист сияқты т.б танымалдылығы бар.
Өмірбаяны
Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы, Науаи облысының Үшқұдық қаласында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы, ағасы және қарындасы бар. Отбасы Қазақстан Республикасы Қостанай қаласында тұрады.
Балалық шағы
Топтағы вокалистердің бірі Батырхан 1993 жылдың 18 ақпанында Өзбекстан Республикасы Үшқұдық қаласында дүниеге келген. 2002 жылы отбасымен Қостанай қаласына көшіп келеді. Жанұясында ортаншы бала, ағасы мен қарындасы бар.
"Кейде қарындасым ренжігенде мені "Э, найнти уан!" деп атайды" ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0