Реферат: Қазақ әдебиеті | Бөгенбай батыр

Бөгенбай батыр
(1690 - I778)

Ақшаұлы Бөгенбай (1678-1175) – Жоңғар басқыншылығына қарсы азаттық жорығын ұйымдастырушылардың бірі, атақты батыр, ұлы қолбасшы. Шыққан тегі – Орта Жүздің Арғын тайпасының Қанжығалы руынан, есімдері әуелден елге мәлім болған батырлар әулетінен. Бөгенбай батырдың даңқты есімі кешелі-бүгінгі қалың қазақ даласын аралап, батырлық пен ерліктің рәмізіндей болып кеткелі қашан...

Батырдың атасы Әлдеуік – қазақтың атақты ханы Есім ханның атақты батырларының бірі болған. Ғұмырының дені атүстінде жортуылмен өткен. Қатағанның Тұрсын ханымен соғыстағы ерен ерлігі .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Батырлар жыры - ќазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп, қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады.
«Алпамыс батыр» жыры – қазақ халқының батырлар жырының ішіндегі ең көнесі. Жыр дәл қазіргідей классикалық бүтіндікке ғасырлар бойында жетілу, толығу арқасында жеткен. Жырда көрсетілген жер, мекен, адам аттары, елдің шаруашылық кәсіптері, салт-ғұрыптары эпостың қазақ халқының төл туындысы екендігін дәлелдейді.Батырлардың туып-өскен, өмір кешкен елі – Жиделі-Байсын тайпасының нақты аты – қоңырат болып көрсетілгені көптеген ғалымдардың, соның ішінде Жирмунскийдің дастанды қоңыраттардың тайпалық эпосы деп айтуына мүмкіндік берген. Дегенмен, эпоста сипатталатын оқиғалар, адамдардың іс-әрекетінің молдығы, сан дәуірдің наным-сенім ерекшелігін танытатын тұстары эпостың шеңберін бүкіл қазақтық көлемге көтереді.
«Алпамыс батыр» жыры баспа жүзін алғаш рет 1899жылы («Қисса-и-Алпамыш», Қазан) көрген.Қазан төңкерісіне дейін бұл жыр 7 рет қайталанып басылып шыққан.Жырдың ел арасындағы түрлі нұсқаларын іздеп тауып, хатқа түсіріп, орысша мазмұнда бастырған – атақты фольклоршы Ә.Диваев болды.Ол бұл жырдың бір нұсқасын Ж.Бермұхамедовтен, тағы бірер нұсқасын Е.Ақылбековтың қолжазбасынан алған. /3.297/
Басқа да батырлар жыры сияқты «Алпамыс батыр» жыры да Кеңес үкіметі тұсында бірнеше рет басылған.Жырдың тарихи, көркемдік мәні мен әдебиеттегі орны туралы М.Әуезов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин, Н.Смирнова, Т.Сыдықов сынды зерттеушілер арнаулы еңбектер жазды.Бұл қатарда орыс ғалымы Жирмунскийдің «Түрік батырлық эпосы» туралы монографиясын атап өтуге болады. «Алпамыс батыр» жырының әлемге әйгілі болуына осы ғалымдардың жазған еңбектерінің пайдасы зор болды.
«Алпамыс батыр»жырының халық арасында айрықша қастерленуі оның нұсқасының көп болуына ықпал еткен. Мысалы, қазақ тілінде жырдың 10-11 нұсқасы бар.Қазан төңкерісіне дейін бұл жырды Қазақстанның барлық облыстарында айтып келген.Жырдың түрлі нұсқаларын айтқандар С.Аққожаев, Ә.Байтұрсынов, Е.Керімбетов, А.Нысанов, Ж.Жақыпов тәрізді ақын-жыршылар болып табылады. Әсіресе, Сұлтанбек Аққожаевтың жазып алған нұсқасы ең толық, әрі көркем түрі. /3.297/ ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Наурызбай батыр

Құттымбет (Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.

Ел басына түскен ауыртпалық өзге замандастары сияқты Наурызбайды да ерте есейтеді. Оның ересектер қатарына қосылуына нар тұлғалы алып денесі де септігін тигізген сияқты. Халық жадында оның «Торы ала тұлпарды, түйе тұрпатты» батыр бейнесінде қалуы да содан.

Наурызбайдың өмірі жоңғарларға қарсы күресте өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе жекте өлтіріп, батыр атанады. Батырдың ерлігіне риза болған елі: «Наурызбайдың екпіні таудан асқан тасқындай. Қалмақты қойдай қырады, оттан судан тартынбай. Тор ала тұлпар астында, шойын шоқпар қолында. Түйе тұрпатты тұтқыр ер, оңды солды ұрады» деп, оның атын жырға қосып, мақтан тұтады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Батыр Бауыржан (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Батыр Бауыржан
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары:1.1.9.2. Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1.3.8.1. Сөз, сөйлемін, мәтінді мұғалім көмегімен (үлгі, талдау, т.б ) тексеру және қателерді түзету.
1.3.9.3. Мұғалім көмегімен сөздерді дұрыс тасымалдау, тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырату
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы: Бауыржан туралы мәтін бойынша сөздердің мағынасын түсінеді және дыбысталуын ажырата алады. Сөздерді мұғалімнің көмегімен тексеріп, қателерін түзей алады. Мұғалімнің көмегімен тасымалдауға болмайтын сөздерді ажырата алады.
Оқушылардың көпшілігі: Мәтіндегі сөздердің мағынасын ажырата алады және жаңа сөздер құрастыра алады. Сөйлемдерді мұғалімнің көмегімен тексеріп, қателерін түзей алады.Мәтіннен тасымалдауға болмайтын сөздерді таба алады.
Кейбір оқушылар:Мәтіндегі сөздерден жаңа сөздер жасауда дыбыстарды алмастырып, ұйқастарды келтіріп ауыстыра алады.Мәтін бойынша қателерді өз бетімен таба алады. Сөздерді дұрыс тасымалдап жаза алады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Батыр досыма)

Қанат қаққан ұясынан,
Біздер таудың түлегіміз,
Алтын аспан аясында
Араласқан жүрегіміз.
Сонда көкке талпынғанда,
Қонды бақыт үстімізге,
Күлімдеді күн аспанда,
Нұр сәулесі түсті бізге. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ

Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік.
Бауыржан Момышұлы
Адам қазасы. Халық қасіреті. Адамзатқа төнген апат. Зардап көлемі әртүрлі болса да, осылардың қайсысын ойлағанда жүрек дір етпейді?! Қайсысын көз алдыңа елестеткенде әлдебір тілсіз жаудың, зұлым күштің зорлығына душар болып, қиылып бара жатқан қыршын жандардың қиналысы жаныңды түршіктірмейды?! Өмірді тұншықтырған өктем күш қай уақытта, қандай сәтте белең алса да, қайғылы оқиға аталып, жүрекке зар құятыны анық. Солардың ішінде көп апат, індеттерден адам баласын көп қасіретке душар еткен қанды оқиғалардың, күйретуші күштердің аты – соғыс. Адамзат тарихында қанша рет соғыс болды? Сол сүргіндерде қанша ғұмыр қазаға ұшырады? Осы тұстағы дау туғызбайтын бір шындық – Кеңес халқының фашизм шапқыншылығына қарсы жүргізген Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы барлық соғыстардың ең үлкені, себебі мен мақсаты жағынан да, қасіреті мен қиындық-қыспағының көлемі жағынан да мүлде ерекшесі болды. «Соғыс! Ел шетіне жау тиіп, опасыздық ойранын сала келіпті. Батыстан қаптаған қара бүйідей қалың намыт жолшыбай кездескен тіршілік атаулыны жалмап жұтып, жауыздық өртін қаулатын келеді. Елдігіңді етіктің табанымен таптап, қорлығы мен зорлығын қара тажалдың маңдайындағы қос мүйіздей кезек жайпап, ішін тарта ысқырынып келеді. Елдің намысын, халықтың қаһарын, ер-азаматтың қайратын белге түйіп, қарсы шап, түгел аттан! Көзі қанталаған обыр жауды тұмсықтан ұрып, тұралатып таста! Есін жиғызба, елін тапқызба, енді қайта бас көтере алмастай етіп, біржола есеңгіретіп жібер!» Ел бұйрығы, Отан әмірі осындай еді! Талай жанның елдікті аңсаған арманы орындалды. Елдің бостандығы мен намысы қорғалып, аман қалды. Жауды өз үңгіріне қуып тығып, тас талқан етті. Біраз жылдың ішінде бүкіл Еуропаны аяғынан тік тұрғызған, біріне-бірін жендет қылып қойған фашизм індетінің ініне су құйылды. Күллі адамзаттың талай замандар бойы ойымен және қолымен жасалған небір асылы мен ардағын арамдап, талақ етпек болған тағылық мақсат халықтардың қаһарына ұшырады.
Бірақ, осы екі аралықта біздің елдің басына қара бұлттай ойнаған қалың қасірет пен қайғының табандатқан төрт жылы мен мың жарымға тарта тәуліктің талай өмірді жалмаған ажалды күндері мен азапты түндері бар еді. Бұл екі арада еліміздің қасиетті жерінің талай пұшпағы жау табының астында тапталып, қорлыққа түсті. Талай қала мен ауыл тамтығы қалмай қирап, тыптипыл болды. Осындай ел басына күн туған шақта қолына қару алып, майдан шебін бетке алып, Отанының бостандығы мен азаттығы үшін жанын қиюға дейін барып, жауды жеңіп, Жеңіс туын қолына алғаннан кейін де елінің дамуына үлесін қосып, болашақ үшін еңбек еткен ардагерлерді қалай мақтасақ та, жарасымды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Олжабай батыр


(Поэма)

– Батый болсаң сен неге,

Жауға қайсы шаппайсың? –

Деп сұраған ініге,

Қайтарар жауап таппайтын.

Жауар күндей түнеріп,

Ешкімге тіл қатпайтын,

Күн батып таң атпайтын.

Елегізіп өз-өзінен,

Төсегінде тыныш жатпайтын.

Батырлардың есімін,

Дұғалықтай жаттайтын.

Күндердің күні әлдекім

Атап мұның есімін.

– Шық, далаға шық, – деді,

– Айтқанымды ұқ, – деді.

Абылайдың қолына

Келдім сені тіркетіп,

Ақсарбас айтып жолына.

Тұтанған үміт жылт етіп,

Жұрт жүрегін жылытты.

Айбалтасын қолға алып,

Атқа қонды ертемен,

Намысты ту қып өртеген.

Аттанды Абылай қолына,

Белгісіз елге бір Берен.



-2-



Олжабай қамшы басады

Астындағы жүйрікке,

Сан қырлардан асады.

Алдынан қосы килікті,

Ат басын іркіп Олжабай,

Қосының жайын сұрады.

Жөн айтар жан табылмай

– Абылайдың қайда тұрағы? –

Деп дауысын көтерді.

– Қараңдар мына есерді,

Танауының асты кеппеген.

Желігі бар-ау ептеген

Төңкерердей төбені, –

Деді, –төрде отырған.

Сарбаздың бірі шіреніп:

– Ат бақтырсақ қайтеді?

Тұр ғой өзі сұранып,

Әкіреңдеуі жаман, әй, тегі

Болып жүрмесін бір Алып.

Ат бағуға бар дегенде

Қалғандай ед жағы қарысып,

Жалғызға Алла жар деген.



-3-



Көп қазақтың бірі боп

Ат бағуға кірісті.

Ат бағудың сыры көп,

Дөңгелетті бұл істі.

Қасқырға тіс салдырмай,

Аттарды бақты қырағы.

Ұрыға да алдырмай,

Өзін істе шыңдады.

Айтқандарын үлкеннің

Құлақ қойып тыңдады.

Жусағанда жылқысы,

Өрлей өріп өрісте,

Келер болса ұйқысы,

Ұйқы соғу теріс пе?

Сол күні де Олжабай

Киімдерін шешініп,

Ен далада көсіліп,

Жайғасып ойға берілген.

Шүршітті жеңіп елірген

Табыссам аман еліммен.

Осы сәтте қиырдан

Шұбалған ақ шаң көрінген.

– Кетпейді, – деп бұйырған.

– Көрмеңдер, – деп, –мені кем.

Өз-өзінен жұлынып,

Өз-өзінен бүлініп.

Айналасына алақтап,

Аш қасқырдай жалақтап,

Жұдырықтай шал көк шолағын

Басқа, көзге төпелеп,

Тартып барад төтелеп.

Қорғанға қарай ентелеп:

– Мені де, аға, ерте кет, –

Демек болып Олжабай.

– Жөніңді айтшы, әй, ағай,

Қайда, неге асықтың?

– Сөзін қара пасықтың,

Естімеген тегінде.

Ойран сап шүршіт төріне,

Он сан орта жүздің

Ұраны болған көгінде,

Олжабайдай ер ұлан

Дал-дал қылып қақпаны,

«Олжабайлап» ат қойған.

Қаланы сол ап қойған,

Үлестіріп жатыр олжаны.

Жетсең қазір болғаны,

Сені де құр қалдырмас.

Болсаң дағы балғын жас, –

Деп батырды қарасын.

«Он сан орта жүз... Олжабай...

Орта жүз... Олжабай»

Сөздерді осы қайталап:

– Кім? – деді бұл айқайлап,

Түсіре алмай есіне.

Алла бақытын ашса егер,

Ертесі не кеші не?!

– Сен! –деді сонда бір дауыс.

– Сен! – деді, – сол – Олжабай!

Жан-жағына қараса,

Ешкім жоқ.

Таң-тамаша.

Әлгі дауыс айтқанын

Берді тағы қайталай.

– Сен – Олжабай, сен – Олжабай!

– Мен дейсің бе, Олжабай? –

Деп тебіренді есіл ер.

Сүртіп жүзін басқан тер,

Алғыс айтты Аллаға.

Мың сан рет толғанып,

Айбалтасын қолға алып,

Басты атына қамшыны.

Алда қамал тұр алып,

Осы қамал талайдың

Өр рухын жаншыды.

Батырлардың сыртаны

Келсе дағы айбындап,

Бүрсіз бе әлде табаны?

Ала алмады ай-жылдап.

Қаладағы шүршіттер

Күндерін бейбіт сағынды,

Қазақ қолы сырттағы.

– Сындырма, Алла, сағымды,

Күйретпе болашағымды.

Отбасымен аман жүздесіп,

Сар далада сағымды

Бір-екілі бақсам малымды,

Арманым жоқ дер едім.

Талайдың тауы шағылды,

Дамылсыз дабыл қағылды,

– Деп ойлаумен күні өткен

«Олжабайлап» ұрандап,

Шықты дауыс бір өктем.

Ғаламатымен Алланың

Жанды-жансыз дір еткен.

Қақпаға қарай аңдыздап,

Шапқан жалғыз қараны,

Қалды тұрған жұрт байқап,

Есуасқа көбі балады.

Гүрс - гүрс атқан оққа да,

Қарамады, қайран ер!

Көз алдына келген ед,

Қырылып қалған қалың ел.

Дарбазасы шүршіттің

Дүрліктірген көп жұртты.

Қорғасын мен қалайының

Қоспасынан құйылған

Шапқан ерлер алмақ боп,

Қыршынан қиылған,

Көп мықтының

Алуға тісі батпаған.

Қақпаны алу ақыры,

Олжабайға бұйырған.

Керемет көп біз білмейтін

Жалғанда,

Талайларды қалдырған

Қақпа сонау арманда.

Тоз-тозы шықты әп-сәтте

Айбалтамен,

Салып-салып қалғанда.

Кіре алмай жүрген арманда,

Қалың қазақ күткен көп.

Ішке кірді ентелеп,

Өлтіргенін өлтіріп,

Қойдай қуып желкелеп,

Жүндей түтіп шүршітті,

Тәубасына келтіріп

Талай-талай ерлерді.

Көрген патша

Жараланған,

Олжабайды көріп көзімен.

Сұраған екен таңқалып:

– Мұнысы, сірә, ұлыларға тән қылық.

Бұлшық етіңді оқ жұлып,

Кеткенде қалай қақпаны...

– Деген екен Олжабай:

– Білмеймін мен басқаны,

Тиген оқты ойға алар кісі мен емес.

Жарақатты шын батыр

Жаны шықпай елемес.

– Қақырата бердім қақпаны.

Қақырата бердім ынтыға.

Шығарып естен басқаны,

Қанды шаңы торлаған,

Жаулардан әбден сорлаған.

Ашылсын деп қазақ аспаны,

Аянбай салдым барымды.

Алға ұстап арман, арымды,

Елемедім, сенсеңіз,

Селдей боп аққан қанымды.

Шүберекке түйген ем,

Халқым үшін жанымды...

Ағасының ерлігін естігенде

Төрт - бестегі інісі

Жарасып – ақ тұр мұнысы:

– Менің ағам – бати ! – деп

Олжабайлап ұран тастапты.

Тал шыбық мінген достарын,

Қан майданға бастапты.

Сол өнеге, сол ұран

Жеңіске елді бастады.



Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды)

Мен неткенмін, неткенмін,
Қурайлы жүріп жеткенмін!
Тай сойған мен Дендерден,
Сағыз менен Жемдерден,
Құралайдай шұбырып,
Күліп-ойнап өткенмін!
Ойылдың тамды көліне,
Бір түстеніп кеткенмін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Әли батыр)

[quote]Оқушы өрендерім, құлағың сал,
Жырладым сендерге арнап, керегіңді ал.
Уақиға көзбен көрген, қолмен ұстап,
Жыр еттім шын өмірді, алсын деп нәр.
Бір күні «ақ патшадан» келді жарлық,
Жатқан кез соғыс болып, жерді қан ғып.
Майданға жігіттерді бересің деп,
Қазаққа Қордайдағы салды салық.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0