Кіріспе
Халық шаруашылығының кез-келген саласының тау-кен өндірісінің өнімімен жеткілікті қамтамасыз етілмеген жерде үдей дамып, өркендей өсіп кету мүмкін емес. Сондықтан да,өскелең
өнер кәсібіміз тау-кен өндірісінде жеделдете дамытып ,ондағы еңбек өнімділігін арттыруды талап етеді.Минералдық шикізат өнімінің деңгейін өсіре түсу, тау-кен өндірісін ғылыммен техника талапы тұрғысында кен қазудың озық технологиясың үнемі іздестіруде, өндірістік негізгі процестерге пәрменділігі жоғары еңбек өнімділігін арттырып, ауыр жұмысты жеңілдететін маркшейдерлік құралдарда әрдайым жетілдіріп, өндіріске енгізіп отыуды талап етеді. Кен қазу жүйелерінің конструкциялық элементтерін өзгертуге себепкер болатын негізгі технологиялық процестерге пайдаланатын жабдықтардың артықшылығы техника-экономикалық тұрғыдан есептеліп, сараптану нәтижелерінде қабылайтын инженерлік бірден-бір дұрыс шешімге негіз болмақ. Жобаланатын кеніш, ”Қазақмыс корпорациясы” акционерлік қоғамның қарамағында және кең байтақ республикамыздың мыс өндірісінің шикізатпен жабдықтаушысы болып табылады.
1 Геология
1.1Географиялық жағдайлар
Жезқазған кенорны Орталық Қазақстанның оңтүстік батысында Қарағанды
облысының Жезқазған қаласынан батысқа қарай 20 км қашықтықта орналасқан. Кенорнының аумағы 20 км2 және 67°22 - 67°32 шығыстық байлық және 47°50 - 47°55 солтүстік ендікте жатыр.
Жезқазған кенорны темір жолдармен Жарық, Жезқазған, Сәтбаев, Жезді қалашығымен байланысқан.
Ауданының климаты континенттік шөлейтті және құрғақ далаға тән. Қаңтар-ақпан айларының төменгі температурасы –41 –42, шілде-тамыз айларында +38 +48 С. Орташа жылдық ылғалдылық 120 - 200 мм болады. Топырақтың мұздау тереңдігі 2 м-ге жетеді.
Шығыс, солтүстік-шығыс, солтүстік бағыттағы жел басым. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,3 м/с-ке тең.
Гидрографиялық торабы нашар дамыған, кішірек өзендерінің режимі жыл мезгілімен тығыз байланысты.
Сейсмикалық жағынан тұрақты, жерсілкіну 6 баллға дейін болуы мүмкін. Кенорын орналасқан жерде өсімдік қабаты өт жұқа.
АҚ “Қазақмыс” кәсіпорындары екі негізгі алаңда орналасқан:
1) жер асты және ашық әдіспен кеніштер, қызмет көрсетуші кәсіпорындар,
№3 байыту фабрикасы орналасқан алаң;
2) кеніш алаңынан 20км қашықтықта орналасқан Жезқазған қаласы. Алаңда №1 және №2 байыту фабрикалары, мыс қорыту зауыты, ЖЭО, қоймалар, базалар және басқа қызмет көрсетуші кәсіпорындар бар.
Жезқазған және кеніш алаңдары өзара темір жол және автомобиль
жолдарымен байланысқан....