Дипломдық жұмыс: ПМНО | Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу үлгерімін жетілдіру жолдары

Зерттеудің көкейкестілігі: Ұлтымыздың кемелді келешегінің ең басты кепілі-сапалы, жаңа заман талаптарына сай білім беру жүйесін қалыптастыру жүйелі жолға қойылды.
Елбасы: "XXI ғасырда білім беру капиталға айналуда. Оның маңыздылығы жөнінен стратегиялық ресустарымен бәсекелесе алады және солай болуға тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады"-деп атап көрсеткен болатын. Бастауыш білім-үздіксіз білім берудің басты негізі, алғашқы басқышы. Осыған орай балаға білім стандарты, типтік бағдарламаға, бүгінгі күннің талаптары-мемлекеттік аралық бақылауға сәйкес көлемде білім, білік дағдыларын меңгеру әрқашан көне тәртібінде. Оқушының үлгерімін аралығын-жан-жақты дамытудың негізгі іс-әрекеті болып табылады. Бастауыш мектеп-ол оқушы тұлғасы мен санасының дамуы шынайы жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезең.
Білім алудың негіздемелері Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Білім туралы" заңына, "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасы, "Білім" мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі жылдағы жолдаулары, 2008 жылдың 6 ақпанындағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" жолдауы және т.б. мемлекеттік құжаттарға сай жасалған.
Қазақ елінің 2015 жылға дейінгі білім берудің дамыту тұжырымдамасында: білім берудің мазмұнын дүниені тұтастай қабылдауды қамтамасыз ететін, білім беру салалары арқылы іске асыру керектігі көрсетілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Мен және менің отбасым

Сабақтың мақсаты:
1. Халқымыздың салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата-ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
2. Балабақшамен ата-ана бірлігін нығайту.
3. Отбасы–Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке, ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу...
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шыныктыру | Баскетбол ойынындағы ойындық әрекеттердің маңызды көрсеткіші ретінде техникалық тәсілдерді орындау тиімділігінің ілімдік және әдістемелік негіздері

Зерттеудiң көкейкестiлiгi. Қазiргi кезеңдегi студент спортшылар дайындау жүйесi өзiндiк мақсаты, мiндеттерi, құралдары, әдiстерi, ұйымдастыру түрлерiмен материалдық-техникалық шарттары т.б. бар, студенттердiң ең жоғарғы спорттық нәтижелерге жеткiзуге қамтамасыз ететiн күрделi де көп факторлы құбылыс болып табылады, сондайақ студент спортшыны жарыстарға дайындайтын ұйымдастырылған педагогикалық үрдiс.
Дүние жүзiндегi студент жастар арасында кеңiнен тараған спорт түрлерiне спорттық түрлер мен баскетбол жатады.
Баскетболшы студенттердiң спорттық шеберлiгiнiң шыңын анықтайтын факторлардың бiрi ойыншылардың техникалық тәсiлдерi (қабылдап алу мен беру), лақтырудың алып жүгiрудi, кәрзеңкеден ыршыған, түспеген допты игерудегi, допты ұстап қалу мен соғып жүгiрудi тиiмдi орындау болып саналады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған” жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дүниетану | Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға баулу

КІРІСПЕ
Ерте заманнан-ақ адам өзiн қоршаған дүниенiң заңдылықтарын және өзiн-өзi, өзiнiң табиғатқа, басқа адамдарға қатынасын танып, бiлуге тырысты. Адам өмiрi табиғат аясында өтетiндiктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, iшкi сырын бiлудi ғасырлар бойы арман еткен. Тiпті қоршаған ортаның, табиғаттың сұлу да, әсем көрiнiсi жас нәрестенi де ерiксiз өзiне баулап тандандыра, қызықтыра бiлген. Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткiншектi туған елiнің табиғат әлемiне ендiріп, оның сан - алуан сырларын ұғындыру, таныстыру мәселесi ерте заманның өзiнде-ақ ұлағатты тәлiмгерлер назарында болған. Оған дәлел сонау ертеден-ақ табиғаттың бала жанына тигiзетін әсерiн атақты ойшылдар, философ ғалымдар, әдiскерлер көрiп, байқап, оны iске асыру жолдарын ұсынған.
Оның мөлдiр бастауы ежелгi Греция философиясының биiк шындарының бiрi - ұлы ғұлама Аристотель. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш мектепте оқушыларды мәтін қүрастыруға- дағдыландыру


Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібіне өткір қойылуда. Сондықтан оқушының жазбаша сөйлеу икемділіктерін дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың маңызы ерекше. Сондықтан баланы жазбаша сөйлеуге үйрету мәтін қүрастырудан басталады. Демек, сөйлеу тілін дамыту үшін баланың мәтін туралы түсінігі мен оны қүрастыра білу икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады.
Ал мектеп оқушыларының сөйлеу икемділіктерін дамытуда мәтін қүрастыра білу - қажетті мәселе.
Тақырыптың теориялық қолданылымы
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу - бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек-талабы түрғысынан білім мазмұнын жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман ағымына жауап беру мұғалімдерге жауапты істер жүктейді. Ол үшін:
- ғылыми әдебиеттердің негізінде мәтіннің ерекшелігін ашу;
- мәтіннің қүрылымын анықтау;
- мәтіннің жасалуы үшін оны қүрайтын элементтерді, сөйлем
қайырым ерекшелігін көрсету; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бейнелеу өнері | Бастауыш сынып оқушыларының суреті – шығармашылық туынды

Кіріспе
Қазіргі заманда бейнелеу өнерін 1-2 сыныптарда оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой - өрісін кеңейтіп дамыту үшін бейнелеу өнері ең қажетті сабақтың бірі болып саналады.
Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерін оқыту,затқа қарап заттың суретін салу және тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу. Ал екінші бөлімде сәндік қолданбалы өнер мен сәндік сурет салу және жолақ сызықтардың арасына ою - өрнектер салу жолдары зерттеледі.
Бейнелеу өнерін осы сыныптарда оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Елбасының өмірі мен қызметі

Елбасының әкесі Әбіш атасы Назарбайдың кенжесі. Ол кісінің Әбіштен үлкен Үмбет, Шалабай деген ұлдары, бір қызы болған екен. Қызы жас кезінде қайтыс болып кетіпті. Назарбай әлде би, болмаса болыс па, әйтеуір ауқымды аймаққа билік жүргізген, қолында мөрі бар адам екен. «Назарбайдың жазығы», «Назарбайдың диірмені» деп аталатын жерлер әлі де бар. Назарбай Шамалған, Қаскелең, Үшқоңыр жайлауларын қоныстаған екен.
Назарбай атасы дүние салғаннан кейін мөрін елбасының әжесі Мырзабала ешкімге бермей өз қолында ұстаған. 1929 жылдың қатерлі көктемінде қазақ даласына «Коллективтендіру» деген бәле келді.......
Шығармалар
Толық
0 0