Биылғы оқу жылы қалай басталады?

Алты айға созылған пандемия салдарынан 2020-2021 оқу жылы қалай басталатыны бастауыш сыныптарда оқитын, әсіресе бірінші сыныпқа баратын балалары бар ата-аналарды алаңдатқан болатын. Алайда министрлік тарапынан оңтайлы амалдар ойластырылып, білім беру саласына бірқатар өзгерістер енетіні мәлім болды.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Менің отбасым

Менің отбасым"
Мақсаты: балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдістер: Әңгімелеу, жұмбақ, тақпақ айту, ойын, сұрақ - жауап, сергіту, шаттық шеңбері.
Көрнекіліктер: отбасы суреттері, қуыршақтың киімдері, макеті.

Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері:
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.

- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?
- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз өз отбасымыз туралы болмақ.
Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?
- Иә, балалар, барлық үйдің өз отбасы болады олар бір - бірімен тату - тәтті тұрады.
- Қане, балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көрейік. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сыныпта жаңа педагогикалық технологияны пайдалану

КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгереді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
- білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтыланумен байи түсуде;
- ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық педагогикалық бағыттағы негізгі ой – тұжырымдары төмендегіше сипатталады: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Баяндама: Бала бойында азаматтық пен патриотизімді қалыптасыруда мектеп пен отбасы қарым - қатынасы

Мемлекетіміз бен Үкіметіміз өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту мәселесіне шексіз қамқорлық жасап келеді. Тәрбие жұмысын жүргізу—қиын да күрделі іс. «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлаудан басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды» деген қазақтың белгілі ағартушы педагогі Ыбырай Алтынсариннің ата-ананың бала тәрбиесіндегі атқаратын рөлін айрықша атап көрсеткен бұл сөзі бүгінде өз мән-маңызын жойған жоқ.
Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы–егемен еліміздің ертеңгі болашағы. Бала тәрбиесі—өте.......
Баяндамалар
Толық
0 0