Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 54-сабақ Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Сәулет өнері
Тақырыбы: № 54-сабақ. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Оқу мақсаты: 3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;
3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.3.7.2 мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
-контекстегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіну үшін анықтамалық материалдарды пайдаланады
- үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
- үлгі негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтап, тыныс белгісін қолданады
Оқушылардың көбі:
-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын анықтамалық материалдарды пайдалана отырып, мысал келтіре отырып ашады;
-сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
- сызба негізінде бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын анықтайды, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады;
Оқушылардың кейбірі:
-контекстегі таныс емес сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсіну үшін сөз мағынасын тәжірибе арқылы ашады;
-сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады;
-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның орнын біледі, сәйкес жай сөйлем құрастыра алады және тыныс белгісін қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныпта жүргізілетін диктант түрлері

Курстық жұмыстың өзектілігі: оқушылардың барлық таным белсенділіктерінің басым көпшілігі бастауыш мектепте қалыптасатыны белгілі. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімдеріне ерекше күрделі әрі маңызды міндеттер жүктеледі. Солдардың бірі – оқушыларды сауатты, орфографиялық, пунктуациялық анықтамаларды ескере отырып, көркем әрі ұқыпты жаза білу дағдыларын қалыптастыру. Басқаша айтқанда, олардың ауызша тілі мен жазбаша тілін қоса дамыту, тілдік қорын молайту, адамгерлішік қасиеттерге тәрбиелеу. Осы аталған міндеттердің ішіндегі ең бастыларының бірі – оқушының жазба тілін дамыту. Ал, диктант әдісі арқылы оқушылардың жалпы жазбаша жұмысының негізгі бөлшегі іске асады. Сондықтан да диктантты жаздыру үшін оның мақсатын, міндетін, негізгі қызметін, оның түрлерін, орфографиялық талдауды, оны бағалау нормаларын дұрыс ескеру, т.б. мәселелер өздерінің өзектілігін танытады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
 Бастауыш сынып оқушыларының диктант жұмыстарын толығымен саралау: олардың мазмұнын, мәнін, басқа жазба жұмыстарынан өзіндік ерекшеліктерін, түрлерін, оларды тексеру нормаларын зерттеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің отбасым №4 (1 сынып, 3 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім
Сабақтың тақырыбы:Менің отбасым №4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2.1.1 Сөз көлемі және сөздік қор құрамының саналуандылығы.
Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.
1.3.1.1 Зейін қойып оқу.
Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Таныс сөздерді қолдады. Сұрақтарды қайталай алады. Жаңа сөздердің айтылуын түсінеді.
Көбі: Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді. Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсінеді.
Кейбірі: Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ құрастыра алады. Жаңа сөздердің мағынасы мен айтылуын түсініп сөйлемде қолдана алады.............
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0