Шығарма: Абай шығармашылығындағы бүгінгі қазақ

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Абай Құнанбаев

Абай – қараңғы қазақ көгіне нұрын шашқан дана дария. Ақиық жан өзінің өнегелі өлеңдерінде халқымыздың тұрмыс – тіршілігімен сабақтасып келе жатқан кертартпа мінездеріне тоқтау салып, жастардың жарқын болашағына үлкен үміт артады. Жүрегінің түбіне терең бойлауға шақырған дара тұлға байырғы жұртымыздың көзге көрінерлік кемшіліктерін қара сөздерінің адуынды күшімен жаза білді. Сол сарқылмас мол мұраның толқыны бүгінгі жаңа заманның жағалауына келіп, алыс айға талпынған жас жүректерді бұрыс жолдың бағытына мойын бұрмай, даналардың жолымен жүруге үгіттейді.

Бүгінде Абай армандаған жас буындардың бейнесі қалай қалыптасып келеді? Қазіргі таңның жарқын мақсатын болашақпен байланыстыратын ХХІ ғасырдың өрендері өресі кең бабаларымыздың дала төсіне сіңген үні мен жаһандану жаңғырығының арасында қайсысының айтар ойына құлақ түрерін білмей адасып жүр. Шартарапты шарқ ұрған шағаладай арпалысқа түсіп жүрген жастар әлемдік даму жолын ұлттық дәстүрлерімізбен сабақтастыру үшін не істеуі керек? Бұл сұрақтың жауабын махаббатты ғадауатпен майдандастырған ақынның «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінің терең толғанысты шумақтарынан табуымызға болады.

Керек іс бозбалаға – талаптылық,

Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық.

Кейбір жігіт жүреді мақтан сөйлеп,

Сыртқа пысық келеді, көзге сынық,.....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сыбайлас және вертикаль бұрыштар (Геометрия, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алғашқы геометриялық мәліметтер
Сабақ тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.2.2 сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамаларын біледі, оларды анықтай және кескіндей алады;
7.3.2.3 вертикаль және сыбайлас бұрыштардың қасиеттерін қолданады.
Сабақ мақсаттары: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар анықтамалары мен қасиеттерін біледі, оларды анықтай және кескіндей алады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Ықсанның бәйбішесі Бәтимәнің жоқтағаны (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ұядан жалғыз сұңқарым,
Мыңнан озған тұлпарым,
Жатып бір қалды-ау қабірде-ай!
Бәйшешегім қуарып,
Тасыған дариям суалып,
Қалғаным ба, апырым-ай!
Қыршыным менің, бағланым,
Аузына күпір кірмеген.
Бозбалалық мінезге
Елігіп әсте ермеген.
Ақылы дана данышпан,
Кеудеге сыймай кернеген.
Жеткіншектер жеткенше,
Лажым бар ма Аллаға,
Ілгері өмір бермеген.
Қайран да мырза, жас манап,
Көңілімнің сәулеті.
Бабаңа қонған қызыр кеп,
Дулаттың дария суаты.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Абайкөк (5 ­нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сылаң қаққан сипатын көрмегендей, Абайкөк,
Денесі мен мүсіні сөйлегендей, ай-ай деп.
Сұлу сымбат жайдары балбыраған, Абайкөк,
Еш адамға көз қиып бермегендей, ай-ай деп.

Қайырмасы:
Бар тілеуім көңілімдегі
Жалғыз ғана сіз-ай деп.
Ойдан өмір кетпейтұғын
Сіздің ақша жүз-ай деп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Байды алдаған шал

Бұрынғы өткен заманда бір шал, кемпір және бір қызы болыпты. Бұлардың мал дегенде бес-алты ешкісі болған. Әр күні шал ешкісін бағып жүріп, ұйықтап қалып, қасқыр шалдың ешкілерін жатақ жеріне қуып кетеді. Шал ұйқыдан тұрып қараса, ешкілері жоқ. Сонан ізіне түсіп отырып, бір інге келеді. Шал қасқырдың інге әкеліп кіргізгенін білетін, қасқырды ұстап алмақшы болып, іннің аузында қапты қолына алып, аңдып тұрады. Біраздан соң қасқыр іннен шыға берген уақытта қасқырды қапқа салып алып, аулына қайтады. Өз үйіне жете алмай, жолда бір байдың үйіне келіп, қонады, үйге кіргеннен арқасындағы қапты керегенің басына ілдіріп қояды. Бір уақыттан кейін бай сұрайды шалдан «қабыңыздағы не?» – деп.
Шал айтады:

– Қаптағы тұқымы асыл бір көк қошқар еді, – дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Қарабай батыр

Ертеде Қарабай деген батыр болыпты. Өзі атқан оғы жерге түспейтін мерген де сияқты. Қысы-жазы жапан кезіп, аң аулаумен болады екен. Бір күні аңнан қайтып, үйіне таяп қалғанда, сол жердегі бір құдықтың маңынан екі көзі тостағандай, екі құлағы тебінгідей бір қара дию кезігіп, екеуі алыса кетіпті. Неше күн, неше түн алысып, әрең дегенде Қарабай диюды жеңіп, құдыққа тастайды да, қақпағын жауып, қазандай таспен бастырып тастапты. Қарабайдың үйінде шешесі мен қарындасы ғана бар екен. Қарабай оларға «Мен жоқта анау құдықтың қасына барушы болмаңдар»—деп тапсырыпты да тағы да аңға кетіпті. Шешесі мен қарындасы құдықтың маңына бармауға уәде берсе де көңілдерінде «Соның ішінде не бар екен, бір көрсек?» деген ынтық түсіпті. Сонымен Қарабай аттанып кеткен соң барып қазандай тақтайды аударып, қақпақты ашса, құдықтың ішіндегі дию: «Мені шығарып алыңдар! Байы жоққа бай боламын, байы барға ашына боламын», – деп жалбарыныпты. Жапан даладағы жалғыз үйде іші пысып жүрген қыз бен қатын мұны естіп қуанып кетеді де диюды арқан тастап шығарып алып, көңіл қосып, мауқын басып жүріпті. Бір күні дию: «Бүйтіп бұғып өткізген өмірден мезі болдым. Абзалы Қарабайды өлтіріңдер. Сонан соң емін-еркін күн өткізейін»,—депті.

«Батыр-ау, сіздің шамаңыз жетпегенде біз қайтіп өлтіреміз?»,—депті қыз бен қатын сасқалақтап.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 1-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия
Сабақ тақырыбы: Редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттардың тотықсыздандыру қабілетін зерттеу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.3 редуцияланатын және редуцияланбайтын қанттарды зерттеу және анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
тәжірибелік жолмен ерігіш және ерімейтін қаттарды анықтай алады.
нұсқауларды қатаң сақтай отырып, ерігіш және ерімейтін қанттарды сапалы анықтайды.
Көптеген оқушылар:
тәжірибе кезінде болатын химиялық реакцияларды түсіндіреді.
Кейбір оқушылар:
жүргізілген тәжірибелерге бағалау беріп, оларды сандық қатынаста пайдалануды ұсына алады. ........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Байлық

Байда пейіл болса,
Кедейде мейір болады.

Байдың малы ортақ.

Байдан жұғар, балдан тамар.

Бай - жарлының бақташысы.

Дәулеттінің дәмімен.

Түгін тартса, түбінен май шығады.

Байдың малы ардақты,
Жарлының жаны ардақты.

Жүзді айдап, бірді жетелеген.

Басытқыға бал ішкен,
Сусынына шай ішкен.

Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометрияның алғашқы мәліметтері
Сабақ тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
Сабақ мақсаттары: – сыбайлас және вертикаль бұрыштардың, перпендикуляр түзулердің, перпендикулярдың түзуге қатысты анықтамаларын және қасиеттерін қолданады,
– дәлелді пайымдаулардың дағдыларын қалыптастырады және дамытады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Ақбай

Баяғыда Серікбай деген байдың Ақбай деген жалғыз баласы болыпты. Ақбай ат аяғы жерге жетер елді аралап, өзіне лайықты сұлу қыз іздеп, таба алмапты. Сөйтіп, жүргенде бір елде отыз күн ойын, қырық күн тойын берген бір байдың қызының тойы болыпты. Ақбай қасына қырық жігіт ертіп, он бес күн жол жүріп, сол той болып жатқан елге келіпті.
Бұл тойда қасында қырық қызы бар, Бибісара деген бір байдың қызы да қырық ақ отау тіктіріп салтанат құрып жатыр екен. Алыстан келген қонақ деп, Ақбайларды да осы қырық қыздың отауына түсіріпті.
Екі күн өткесін, қыздармен танысып, үйреніскен Ақбай Бибісарадан: «Сіздің басыңыз бос па?»—деп сұрапты.
Бибісара айтыпты: «Мен дүнияға келгелі өзімнің алдыма қойған шартым бар еді. Сол шартымды толық орындаған жігітке тиемін,—деген. — Неше адамдар таламан болып аламын деп келсе де, менің қойған шартымды орындай алмайды».
Сонда Ақбай отырып: «Шартыңызды айтып көріңізші, мен де бағымды сынайын!»—дейді......
Ертегілер
Толық
0 0