Өмірбаян: Эмир Байғазин Кенжеғазыұлы (1984 жылы)

Эмир Кенжеғазыұлы Байғазин (1984, Тамды) — қазақстандық актер, сценарийші және кинорежиссер, негізінен авторлық кино және арт-хаус жанрында түсіреді.
Өмірбаяны
Эмир Байғазин 1984 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданындағы Тамды ауылында дүниеге келген. Бес жасында оның жанұясы Алға қаласына көшіп келеді, осында ол алдымен қазақ мектебінде, кейін орыс мектебінде оқиды. Орта мектепті бітіргеннен кейін Эмир оқуға Ақтөбеге келеді, бірақ бір жылдан соң оқуын тастап, Т. Ахтанов атындағы облыстық драма театрда (2002-2004 жылдары) актер-студияшы болып жұмысқа орналасады. 20 жасында Байғазин Алматыға Т. К. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына театр актері мамандығына оқуға түсу үшін келеді, алайда соңында кинорежиссер мамандығын таңдайды.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ

КІРІСПЕ
Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, үсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.
Осы замандағы макроэкономикалық зерттеулерде тепе-теңдікке бағытталу көбінесе экономикалық агенттердің күтімдеріне түзету жасауға негізделеді, ықтималдық процесс деп түсініледі.
XX ғ. 40—60 жж. күтімдер концепциясының (негізін қалаушы швед экономисі Г.Мюрдаль) дамуы, макроэкономикалық мәселелерге жататын бірнеше экономикалық теорияларды, атап айтқанда экстраполяциялық, адаптивтік және рационалдық күтімдер теорияларын қалыптастырды: осы теориялар макроэкономикада жаңа классикалық мектеп деп аталады. Неоклассиктер макроэкономикалық тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз информация, экономикалық субъектілердің болжауларының қателіктерінің немесе, мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық конъюнктураның ауытқуларын жатқызады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сутектік байланыс 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық байланыс
Сабақ тақырыбы: Сутектік байланыс 1-сабақ
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.10 сутекті байланыстың түзілу механизмін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: • Сутектік байланыстың табиғатын түсіну
• Сутектік байланыстың заттардың физикалық қасиетіне әсерін түсіну ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекетінің байланыстары

Кіріспе
Ресми атауы: Венгрия Республикасы
Астанасы: Будапешт ( 1,76 млн адам)
Территориясы: 93 мың.км2 (Еуропа бойынша 16 орын )
Ақша бірлігі: форинт
Әкімшілік – территориялық бөлінуі : 19 облысқа бөлінеді. Будапешт ерекше қала статусына ие
Мемлекет басшысы: президент ( 5 жыл сайын сайланады ).
Венгрия - Еуропаның орталығанда орналасқан мемлекет . Жер ауымағы 93 мың. км2 . Халқы 10,8 млн. адам. Астанасы - Будапешт. Венгрия негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің 60% дан астам бөлігі жазық, қалған бөлігі таулы қырат. Жазық жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орман. Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температурасы -2 - 4°С , шілдеде 20-22°С. Жауын - шашын мөлшері 450 – 900мм . Жазы ыстық қысы суық болғанмен де елдің шығысында құрғақшылық басым. Дунай мен Тиса аралығындағы жерлер өте құнарлы болғандықтан, жүзімдіктер мен шабындықтар алып жатыр. Венгрияның солтүстігінде Карпат таулы аймағында ормандар территорияның 1/8 бөлігін алып жатыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Бай бәйбіше)

Ауыл анау. Байдың үйі жапырақ.
Байың анау қайта - қайта қақырып,
Қамығады, байбаламды сап отыр.
Бәйбіше анау - баптап саумал сапырып.
Бай:
− Ой, бәйбішем! Мұндай күн бар екен.
Құй, бәйбішем, саумалың тым бал екен.
Бәйбіше:
− Саумалым бал, саған ғана сақтап ем,
Білейін деп жаста көңілі бар ма екен......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Инвестициялық бай қорлары отандық және шетел тәжірибесі

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде.
Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын. Оған бірнеше фактор әсер еткен. Заңның жаңа басылымы барлық кемшіліктерді ескере отырып, инвестициялаудың ұжымдық нысанын дамыту және қор нарығына ішкі инвесторларды тарту мақсатында қайта қарастырылған болатын.
Бүгінгі таңда кәсіби басқарушылары бар инвестициялық қорларды құру ішкі жинақ қаражаттарының жиі өсуі мен оларды экономиканың нақты секторына тиімді тарту қажеттілігі жағдайында аса маңызды болып отыр. Сонымен қатар, доллардың ұлттық валютаға қатысты бағамының бірде көтеріліп, бірде төмендеуі жағдайында, доллардың евроға қатысты бағамының тұрақсыздығы, банктегі салымдар бойынша проценттік ставкалардың төмендеуі жағдайында альтернативті қаржы құралы ретінде қор нарығында инвестициялық қорлардың пайда болуы өте уақтылы болды және ол бағалы қағаздар нарығының жалпы дамуын қосымша ынталандырушы фактор бола алады.
Инвестициялық қорлар туралы заң инвестициялық қорлардың 2 негізгі түрін бөліп көрсетеді: акционерлік және пайлық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай қорлары заңның жаңа басылымымен алғаш енгізіліп отыр. Яғни бұған дейін пай қорлары болған жоқ.
Инвестициялық пай қоры дегеніміз пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруында болатын ақша жиынтығы. Инвестициялық пай қорлары акционерлік инвестициялық қорларға қарағанда, өз бетінше активтер портфелін басқара алмайды. Инвестициялық пай қорларының ақшаларын инвестициялауды тек басқарушы компания жүзеге асыра алады және сол басқарушы компания инвестициялық пай қорын құруды немесе олардың қызметін тоқтатуды жүзеге асырады. Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды және оны өз кезегінде «мүліктік кешен» деп атауға да болады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқық туралы түсінік және оның мемлекетпен өзара байланысы

Кез келген қоғам өзін-өзі реттегіш жүйе ретінде танылатыны баршамызға мәлім. Өйткені, қоғам өзіндегі тәртіпті әр түрлі құралдармен реттеп отырады. Мемлекет пайда болғанға дейінғі аралыкта тәртіпті рулық тайпалықк әдет-ғұрып нормалары арқылы реттеп отырған. Сондықтан да болар оларды орындау әр рудың, тайпаньщ азаматтық борышы боп қалыптасқан. Орна-тылған тәртіпті орындамағандарға өте катаң жаза колданылып отырған, ен ауыры - рудан, тайпадан қуып жіберу, мұның өзі өліммен пара-пар болатын, өйткені жалғыз адамның өмір сүруі о кезде күмәнді, сезік тудыратын. Бертін келе өндірғіш күштердің күрделенуіне байланысты қоғамның әлеуметтік күштерінің де күрт өзгерілуіне душар болды. Сөйтіп, бара-бара алғашқы қауым ыдырап, мемлекеттің пайда болуына әкеп соқтырды. Ендіғі жерде бұрынғы тайпалық, рулык әдет-ғұрыптар арқылы қоғамдағы тәртіпті сақтап тұру мүмкін еместі. Сөйтіп, қоғамның объективтік қажеттілігінен, яғни, жеке адамның сана-сезіміне байланысты емес туындайтын катынастарды реттеу - құқықтық ережелер болып табылады. Мұндай объективтік қажеттіліктің жаңа түрін құқық нормалары немесе құқықтық нормалар деп атаймыз. Бұлардың алғашқы тапсыз қоғамдағы әдет-ғұрып ережелерінен өзгешелігі олардың мемлекетпен ты¬ғыз байланыстығында. Құқық нормалары - бұл экономикадан туындайтын әдет-ғұрып сияқты өздігінен стихиялы түрде пай¬да болмайтын, кұкыкшығармашылык деп аталатын мемлекеттің айрыкша органдарының арнайы тағайындайтын қоғамдағы адамдардың мінез-құлық (тәртіп) ережесі, өйткені олар құқық нормаларын шығарады. Сөйтіп, мемлекет өзіне қажетті құқық нормаларын тудырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Нәбек аты)

Арабтың Нәбек деген жалғыз аты -
Сол екен болған малы, мүлкі, заты.
Озбайтын шапса жылқы асқан жүйрік,
Бітпеген өзге аттарға түр-сипаты.
Күн сайын жал-құйрығын сүзіп тарап .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Әзірбайджандардың Озан қоғамының қоғамдық бірлестігі

Қазақстанда ресми мәліметтер бойынша 78 мыңға жуық әзірбайжандықтар бар ,
олардың 6 мыңнан астамы Алматыда тұрады . Алматыдағы « Озан » Әзірбайджан қалалық мәдени орталығы 1996 жылы құрылды . Оның төрағасы биология ғылымдарының кандидаты И.Я. Кулиев , орынбасары Қазақ СРО- ның еңбек сіңірген геолог - барлаушы Н.Г.Мамедов , ол ҚР - ның « Құрмет алтын кітабына » енгізілді .
Қоғамның негізгі мақсаттары ұлттық мәдениетті , ана тілді , тарихты , салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарды жаңғырту , Алматы қаласындағы Әзірбайджан халқының өмірін зерттеу және қоғам қызметіне кіретін мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды жасау , ҚР - ның экономикалық өмірін зерттеу .Алматы қаласында тұратын әр түрлі ұлттардың мәдениетін дамыту мен халықаралық қатынастарды нығайту бойынша саясат жүргізудегі өкімет органдары мен басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет жасауы .
Достық Үйінде орналасқан әзірбайжан жекенбілік мектебі ана тілі мен мемлекеттік тілді , ұлттық әдет - ғұрыпты , салт - дәстүрді , фольклорды , әдебиет пен тарихты үйренуге септігін тигізеді . Оған тек қана әзірбайжандықтар ғана емес , сондай - ақ басқа ұлттың балалары да қатысады .
Орталықта ұлттық аспаптар жинақталған : тар , нагара , каманча , ұлттық киімдер , музыкалық жазбалар және видео касеталар .
Ән - би сабақтарына И.Әмирхановпен Л.Алазова жетекшілік етеді . 2002 жылы наурызда түрік халықтарының мәдени орталығында өткен мерекеге би тобы қатысты ., сондай - ақ « Сәлем , Голливуд ! » республикалық байқауына қатысты .....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Арғынбай Жұмажанұлы

Арғынбай Жұмажанұлы - Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында Тұлба көлінің жағасында туған. Қазақ орта мектебін, 1954 жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. моңғолия қазақ баспасында корректор, орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің бастығы, «Жаңа өмір» газетінің бас редакторы, ғылыми қызметкер сияқты жұмыстар атқарған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0