Өмірбаян: Жанат (Жан) Байжанбаев Әнуарбекұлы (1961 жылы 5 тамыз)

Байжанбаев Жанат (Жан) Әнуарбекұлы - актер.
1961 жылы 5-тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
1982 жылы Алматы көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген.
1984 жылдан бастап Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының штатты актері.
КСРО кинематографистер Одағының мүшесі (1989).
2005 жылы «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
Отбасылы. Жары – Гүлнар, қыздары - Диляра мен Рамина.
Кинодағы рөлдері:
2015 Рэкетир 2: Жаза (Қазақстан) - Жан ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Өзен мен Қарасу)

Қарасу Өзенге айтты: «Ғажап мұның!
Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным?
Тасисың бірде кеме, бірде салдар,
Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын.
Суыңда күндіз-түні тыныштық жоқ,
Қалайша шаршамайсың, жарықтығым? .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометрияның алғашқы мәліметтері
Сабақ тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.9 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу
7.3.1.10 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін дәлелдеу және қолдану
Сабақ мақсаттары: оқушылар сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын біледі, осы бұрыштардың түрлерін таниды және бейнелей алады
оқу материалын меңгеру және бастапқы түсіну, меңгеру объектісі аясында байланыстар мен қатынастардың мәнін ұғынады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Етекбайдың өлеңінен)

Қолдан ұстап бермейміз шырылдатып,
Бір күн қырып тұқымды бітірсе де.
Бата қылғын, ей Албан, бұған деп,
Алдымынан ғазауатқа шығам деп.
Жаманатты қылмаймын болыстарды,
Өзім жауап алдында қылам деп.
Қол көтерді дұғаға қанша халық,
Өзің медет бергейсің бір жаппар хақ.
Әскер келсе қайқаңдар бір жан қалмай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!». Осындай керемет ұғымдардан Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туын желбіретіп, әнұранын әуелетіп отырған елміз. Тәуелсіздік туының желбірегеніне, міне, 25 жыл толады. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы мемлекетіміз бен халқымыз үшін ең басты әрі құнды мереке болмақ. Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді, тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды, толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді. Мемлекет басшысының елді дамытудағы стратегиялық бағдарламалары мерзімінен бұрын жүзеге асып келеді. Биылғы жылды Мәңгілік Ел болуға бекінген мемлекетіміздің бүгіні мен келешегі туралы ой толғайтын есепті жылы десек, қателеспейміз.
Осы орайда, 2015 жылғы 30 қарашадағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басқалы тұрғанымызды айта келіп:
«Бұл - тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді»- деп, алдағы кезеңде әлі де кездесетін сын-қатерлерден мүдірмей өтуге шақырған болатын. Сонымен қатар, біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда атқанын, сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туғанын мақтанышпен айта келіп, халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрғанын атап өткен еді. Қазір алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 25 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты......
Шығармалар
Толық
0 0

Өмірбаян: Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы (1947 жылы 15 қыркүйек)

Дербісәлі Шейх Әбсаттар қажы Бағысбайұлы (15 қыркүйек 1947 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы) – шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы, филология ғылымдарының докторы (1998).

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірген (1969).

1970 - 75 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын оқыды.
1975 - 1976 ж. Марокко корольдігі, 1985-86 ж. Тунис Араб республикасы университеттерінде араб тілі мен әдебиеті бойынша біліктілік арттырудан өтті.
1976 - 77 ж. ҚР Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері.
1977 ж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, филология факультеті деканының орынбасары, Шығыс филология кафедрасының меңгерушісі.
1986 - 1988 ж. КСРО Ғылым Академиясы Шығыстану институтының докторанты.
1989 ж. Шығыстану факультетінің деканы.
1991 - 97 ж. Тілдер және Халықаралық байланыстар жөніндегі проректор.
1997-2000 ж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі, 1-сыныпты кеңесші дипломатиялық лауазым иесі.
2000 және 2005 ж. Қазақстан мұсылмандарының III және IV Кұрылтай жиынында Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, 2007 ж. Орта Азия мүфтилер кеңесінде бірауыздан осы кеңестің төрағасы,
2000 жылдың тамызында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараевода және 2002 ж. сәуірде Кипрде өткен Еуразия Ислам Шурасының IV - V халықаралық конференцияларында осы ұйым төрағасының бірінші орынбасары болып екі рет сайланды.
1977 ж. «Арабтілді Марокко әдебиетінің даму дәуірлері» деген тақырыпта (ғылыми жетекшісі - профессор Ю.Н. Завадовский) кандидаттық, 1998 ж. «VIII - XX ғасырдағы арабтілді Марокко сөз өнерінің әволюциясы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Қазақстан ғылымының өкілі ретінде Бағдад (Ирак), Сана (Солт. Иемен), Аден (Оңт. Йемен), Мекнес (Марокко), Токио (Жапония), Кашмир (Үндістан), Пешавар (Пәкістан), Мадрид (Испания), Колумбия (Нью-Иорк) университеттерінде дәріс оқыды. Бірқатар халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар мен симпозиумдарға (Душанбе - 1985, Москва - 1989, 2000, 2004, Александрия - 1992, Сеул - 1995, Мадрид 1996, Дели, Кашмир - 1999, Берлин - 2002, Каир - 2003, Афины - 2004), ЮНЕСКО-ның діни-мәдени конгрестеріне (Ташкент - 2000, Доха - 2001) қатысып, баяндамалар жасаған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасы мен Венгрия мемлекетінің байланыстары

Кіріспе
Ресми атауы: Венгрия Республикасы
Астанасы: Будапешт ( 1,76 млн адам)
Территориясы: 93 мың.км2 (Еуропа бойынша 16 орын )
Ақша бірлігі: форинт
Әкімшілік – территориялық бөлінуі : 19 облысқа бөлінеді. Будапешт ерекше қала статусына ие
Мемлекет басшысы: президент ( 5 жыл сайын сайланады ).
Венгрия - Еуропаның орталығанда орналасқан мемлекет . Жер ауымағы 93 мың. км2 . Халқы 10,8 млн. адам. Астанасы - Будапешт. Венгрия негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің 60% дан астам бөлігі жазық, қалған бөлігі таулы қырат. Жазық жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орман. Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температурасы -2 - 4°С , шілдеде 20-22°С. Жауын - шашын мөлшері 450 – 900мм . Жазы ыстық қысы суық болғанмен де елдің шығысында құрғақшылық басым. Дунай мен Тиса аралығындағы жерлер өте құнарлы болғандықтан, жүзімдіктер мен шабындықтар алып жатыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Су мен адам арасындағы байланыс

Су мен адам арасында байланыс көне заманнан бері карай қалыптасып келе жатқан жағдай.Әйтсе де, сыртқы ортаны, суды, ауаны қорғауға заңды түрде шара қолданбайтын бірде бір мемлекет жоқ.. Тіпті, теңіз суын қорғау зиянды заттарды шығарудың технологиясын реттеу және қалдықтарды барынша азайту жөнінде халықаралық келісім жасалған.
Бұл шаралар бұлжытпай іске асыру да керек етеді, себебі ауаның, судың топырақтың ластануы ең ақырғы шегіне жетті. Әсіресе бұл, мәселе халық өте жиі орналасқан өндірістік аудандарда тым үлкен орын алып отыр.Улы заттар бұл орындардан өзен суларымен, теңіз ағыстары және жел арқылы мыңдаған километр алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер шарының алыс түпкірлеріне қауіп тудырады.
Кейінгі жылдарда ластайтын қалдықтардың кәдімгі түрлеріне жерді радиоактивті заттардың улау қаупі қосылды. Ал оның зиянды әсерлері жердің тек белгілі аймағымен шектелмейді.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуы аса қауіпті. Қалдықтардың химиялық құрамының әр түрлі болуына сәйкес, олардың тигізер әсеріде қауіпті. Мысалы, Мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуы қиындатады. Үи тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас.
Сондай ақ ол судың оттек бойына сіңіру қабілетін төмендетеді және органикалық заттары ыдырататын бактериаларды құртып,балықтарды улайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш,мыс,қорғасынның әр түрлі тұраздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын фенол, цианидтер нағыз ретінде әсер етеді. Енді біреулері (қышқылдар мен негіздер) судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің ара қатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған (немесе аз мөлшерде ғана кездесетін ) бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмдерге қауіпті. ....
Рефераттар
Толық
0 0