Өмірбаян: Сәбит Оразбаев Қоңырбайұлы (1936 жылы 29 қаңтар)

Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (1936 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы Арыс ауданында туған) — актер, театр қайраткері. Қазақ КСР халық артисі (1976). Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994). Отан, Парасат, Достық және Еңбек Қызыл ту ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.
Сәбит Қоңырбайұлы 1936 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы Арыс ауданында дүниеге келген.
1955 - 1959 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін бітірген.
1960 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: Алғашында негізінен комедия жанрында, Қ. Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында», «Құдағи келіпті», Қ. Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» спектакльдерінде жарқырады. Осы сахнадағы жарты ғасырдан аса шығармашылық өмірінде қазақ және әлем классикасы, қазіргі заман драматургиясынан жүзге тарта сахналық кейіпкер сомдады. ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қытайдың Қазақстанға байланысты саясаты

Біздің ұлы көршіміз Қытай мемлекетінің тарихының ең бір күрделі де қызық оқиғаларға толы кезеңі - оның 19 ғасырлардағы тарихы болып саналады. Дәл осы кезеңнен бастап, Қытай өзінің осыған дейін өзін қоршаған елдер туралы ежелгі заманда қалыптастырған дәстүрлі өркөкірек саясатына өзгерістер енгізіп, өзінен де күшті елдер мен халықтардың өмір сүретінтіндігін, олармен тең дәрежедегі, тіпті кейде оларға тәуелділікті мойынадайтын саясат ұстануға мәжбүр болады. Осындай жағдайларға байланысты Қытай дипломатиясының нағыз қитұрқы саяси принциптері дүниеге келеді.
Қытай, осы жылдары, өзiмен көршi жатқан көшпелi тайпалардың шабуылына ұшырап, тiптi Қытай мемлекетiнiң территорияларын жат жерлiктердiң бөлшектеп, оны өз иелiктерiне айналдырған кезеңiн де бастан кешiрдi. Қьrтай көшпелiлердiң басқыншылығы салдарынан осы кезеңнен бастап eкi үлкен аймаққа - Солтүстiк Қьrтай және Оңтүстiк Қытай деп бөлiнiп, бiртұтас Қытай халқының тiлi мен мәдениетi, өмip сүру тiршiлiгi, тұрмыс салты мен шаруашылығы жағынан бiр-бiрiнен айырмашылығы бар eкi аймақтың өзiндiк сипатқа ие халқы болып eкire бөлiндi. Солтүстiк Қытай жерi көшпелiлердiң ғасырлар бойғы шабуылдары мен басқыншылық ошағына айналғандықатн және орта ғасырларда, бұл жерде көшпелілердің бірнеше мемлекеттерi өмір сүргендіктен тiптi, жергiлiктi халықтың антропологиялық түр сипаты да өзгеріске ұшырап, олардың тілі де мәдени лингвистикалық жағынан бұрыңғы көне қытай тілінен, әрине, оңтүстік қытайлықтардың тілінен көп айырмашылыққа ұшыраған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Елбай Қосымбайұлы (1900 - 1931)

Елбай Қосымбайұлы (1900, Маңғыстау өңірі, Жыңғылды, Тұщыбек аймағы, Қабырға мекені – 1931, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы) – суырыпсалма ақын, қолөнер шебері.

1931 жылы Адай көтерілісі кезінде қайғылы қазаға ұшырады.

Еңбектері мен шығармалары
Өлеңді жасынан серік еткен Қосымбайұлынан «Мал баққан қара шаруа», «Жарандар, құлақ салыңыз», «Мен жүйрік топтан озған», «Елбайдың термесі» атты шығармалары кейінгі ұрпаққа жеткен. Бұдан басқа «Беттескенде», «Ұмтыл, алға», «Надандық», «Жақсылық пен жамандықтың сипаттары», «Тәкаппар менмен туралы», тағы басқа өлең-жырлары белгілі.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Технология | Қаладағы көлікпен байланысты экстремальдық жағдайлар

Адамның өзі жасаған өмір суру ортасының бірден бір бөлігі – көлік жүйесі.Кез-келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күнді осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады.Көлік адамның,тіпті қоғам өмірінің боліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі.
Бүгінгі заманғы көлік жүйесі қоғамдық (теміржол, автокөлік, теңіз,өзен, әуе көлігі және труба арқылы) және жекеменшік болып екіге бөлінеді.Жоғарыда айтылғанның бәрі көлік жүргізушілер үшін ғана емес,айнала қоршаған орта үшін де аса қауіпті аймақ болып есептеледі.
Теміржол көлігі.Қазіргі замандағы теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі.Жүк таситын пойыздар 90 км/сағ., ал жолаушы пойызы- 140 км/сағ. Жылдамдығымен жүре алады.Жолаушылар таситын пойыздың жалпы салмағы 1000 т. асса,жүк пойыздарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді,сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтамай алмайды.Пойыздың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады.
Теміржолдарда ірі-ірі апаттар, мыңдаған шағын оқиғалар болып тұрады,темір жол ұйымдары үлкен зиян шегіп жатады, тіпті адам өлімдері де болып тұрады.
Пойыздармен тасымалданатын жүктердің 3000-нан астам түрлері қауіп туғызатын химиялық заттар екен.Олардың ішінде 0орша5ан орта5а6 табиғатқа,адамдарға ,үлкен залалын тигізетін газ,химиялық заттар, жанғыш заттар сияқты жарылысқа әкелетін, уландыратын, ауру тарататын зардабы бар жүктер өте жиі кездеседі.
Тыйым салынады:
 Вагонның төбесінде, баспалдағында , вагондардың арасындағы алаңдарға жолаушылардың журуіне болмайды;
 Жүріп келе жатқан пойызға мінгізуге (түсүруге)болмайды
 Жүріп келе жатқан пойыздың вагондарының терезесінен, есіктерінен шығып немесе бас шығарып қарауға болмайды
 Вагондарда жеңіл жанғыш, жарылғыш заттарды алып журуге болмайды
 Платформадан темір жолға секіруге болмайды
 Вагонда, тамбурда,арнайы орындардан басқа жерде темекі шегуге болмайды
 Пойыз өтіп келе жатқанда, платформаның шетіне 2м жақын тұруға болмайды.
Пойыздың құрамасының үстіне шығу,әсіресе, электрленген темір жолдардағы пойыздарға, контакты сымдарға 2 метрге жақындау адам өміріне аса қауыпты.
Әуе көлігі.
әуе көлігіндегі қаупсіздік келесі жолдармен қамтамасыз етеді:
 Жолаушылардың өздерін және қол жүктерін тексеріп отыру
 әуе кемелерін арнайы тексеру
 әуе кәсіпорындарындағы өткізу тәртібі мен объектінің ішкі тәртібін ұйымдастыру және қатал қадағалау
 авиациялық техникалардың күзетін қамтамасыз ету
 әуе кемелерін басып алуды қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен заттарды дайындау
 әуе жай мен азаматтық авиация объектлілерін қоршау
Осы аталған іс-шаралардың кейбіреуін қарастырайық.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Параллельді байланысқан тізбектердің индуктивтілігі

Менің курстық жұмысымның атауы «Параллельді байланысқан тізбектердің индуктивтілігі» деп аталады. Оның алу себебі, индуктивтіліктің түрлерін және олардың тізбектегі атқаратын ролін анықтап көрсету. Осы жұмыста қарастырылатын тақырыпшалары: тізбекте индуктивтіліктің байланысы, тізбектей байланысқан индуктивтілік, параллельді байланысқан индуктивтілік.
Мақсатым: берілген тақырыпшаларына атауларына сай схемаларын және формулаларын есептеу қорытындылау, және оларды жалпы сипаттау.
Айтуы бойынша, индуктивтілік не деген сұрақ пайда болады. Оған біраз тоқталып кетейік, индуктивтілік - токтың тудыратын магнит өрісі инд-сы векторының В модулі ток күшіне пропоционал болады. Ф магнит ағыны В-ға пропорционал болғандықтан, Ф~В~І болады. Демек, Ф=LI болады, мқндағы L өткізгіш контурдағы ток пен осы контурды тесіп өтіп жатқан магнит ағынының арасындағы пропорционалдық коэффициенті. L шамасын контурдың индуктивтігі немесе оның өздік индукция коэффициенті деп атайды ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың композициясын анықтау «Су әзілді көтермейді» Мамытбек Қалдыбай (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Шығарманың композициясын анықтау «Су әзілді көтермейді» Мамытбек Қалдыбай
Оқу мақсаттары: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, мәтін бойынша иллюстрацияларды сөйлеу барысында қолданады
Көптеген оқушылар: мәтін бөліктерін анықтауда белгілі бір тұжырым жасай алады, себебін түсіндіреді
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар ұсына алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Төлеубек Аралбай Мұхамеджанұлы (1950 жылы 18 наурыз)

Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай (1950 жылы 18 наурызда Семей қаласында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.
Әкесі - Аралбай Мұхамеджан, марқұм, теміржолшы болған. Анасы - Аралбаева Бәтіш, марқұм, үй шаруасымен айналысқан.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының драма және кино режиссурасы факультетін бітірген (1996), драма және кино режиссері.
1964 жылдан 1970 жылға дейін - Абай атындағы Семей облыстық Қазақ драма театрының актері.
1972 жылдан 1974 жылға дейін - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы студияның актері.
1976 жылдан бері - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Айдаһар жылы» (Мылқау Қытай) кинофильмінде, «Шегіртке» (Әлихан) телесериалында, «Азияшыл» фильмінде рөлдер орындаған.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланыс 2-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу
Сабақ тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланыс 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің құрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмін арасындағы байланысты түсіндіру
Сабақ мақсаттары: жиырылу және босаңсу күйіндегі бұлшықеттердің (миофибриллалардың) құрылымының сипаттау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.2 Жануарлар. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу
Тіршілік ортасындағы өзгерістерге байланысты жануралар санының өзгеруін түсіндіру
Ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: 3.2.2.3 - өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық қатынастарды зерттеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар біледі:
оксидтердің, қышқылдардың, негіздердің, тұздардың анықтамаларын және олардың арасындағы генетикалық байланысты біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0