Реферат: Қазақ әдебиеті | КЕНЕБАЙ Жұмаш

КЕНЕБАЙ Жұмаш Айтжұманұлы (Жұмаш Көкбөрі) – Халықаралық ЮНЕСКО сыйлығының иегері. Өлеңмен жазылған «Аягөз» атты тарихи романның, «Аққу-жүрек», «Бастау», «Қарлығаш», т.б. жыр жинақтарының, 1990 жылы Алманияның Мүнхен қаласындағы «Азаттық» радиосынан бір сағаттық радиоинсценировка ретінде эфирден таратылған 1986 жылғы әйгілі Желтоқсан көтерілісі туралы елімізде тұңғыш рет жазылған (Хасен Оралтай басқарып тұрған жылдары «Азаттық» радиосынан жыл сайын эфирге беріліп тұрды) «Зобалаң» дастанының авторы, дарынды ақын. Барша түріктілдестердің ортақ ұлы тұлғалары туралы, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Роза Бағланова Тәжібайқызы (1922 - 2011)

Роза Тәжібайқызы Бағланова (1 қаңтар 1922, Қазалы, Түркістан КФР, КСРО — 8 ақпан 2011, Алматы, Қазақстан) – әнші, Қазақстанның (1955) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996).

Өнер жолын Ташкент филармониясының ән-би ансамблінде әнші болып бастаған. Сол ансамбльмен 2-дүниежүзілік соғыс жылдары майдан даласында өнер көрсетіп, 1945 жылы тоғызыншы мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысады. 1947 – 1949 жылдары Қазақ опера және балет театрының, 1949 – 1960 жылдары Қазақ филармониясының, 1960 жылдан Қазақконцерттің әншісі болып, ұлттық ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосты, ерекше сазды әншілік мектептің қалыптасуына ықпал жасады. Роза Бағланова қазақтың халық әндерін, замандас композиторлар әндерін, шет ел халықтарының (венгр, өзбек, қырғыз, тәжік, украин, грузин, Әзірбайжан, корей, қытай, моңғол, орыс, үнді, чех, швед, т.б.) әндерін нақышына келтіре орындады. 1946 жылы Мәскеуде өткен бүкілодақтық эстрада әншілері 2-конкурсының дипломаты, 1949 жылы Бухаресте өткен бүкіл дүниежүзілік Жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы» ордендерімен, Шапағат медалімен марапатталған.

Өмірбаян
1922 жылы Қызылорда облысында туған. 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Кіші жүздің Жағалбайлы руынан Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталды. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында істейді. 1949 жылы Бухарестте өткен бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істеді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Иондық байланыс 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Иондық байланыс 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.8 қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің электростатикалық тартылыс нәтижесінде иондық байланыстың түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.9 иондық байланысы бар қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құру.
Сабақ мақсаттары: - иондардың және олардың зарядтарының түзілу процесін түсіну;
- иондық байланыс қарама-қарсы зарядталған бөлшектердің электростатикалық тартылыс нәтижесінде иондық байланыстың түзілетіндігін түсіну;
- иондық байланысы бар қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Абай мұрасы – қазақтың ұлттық қазынасы

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ – барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін...
Ойымды ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, фиолософ Абай атамыздың осы бір өлең жолдарымен бастасам деймін. Осы өлең жолдарынан ақынның әр өлеңін, әр шығармасын жастарға мұра етіп, олардан үлкен үміт күтіп, үлгі көрсетіп жазғандығы көрінеді. Ақынның жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді. Ұлы дананың қай шығармасын алып қарасақ та, оның астарында сарқылмас қазына, үлкен тәлім – тәрбие жатыр. «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа», - деп ең әуелі адам баласы адам болып қалу керектігін баса айтқан. Өз заманында да сан түрлі оқиғаның куәсі болып, жемқорлық, әлімжеттік сынды жаман қасиеттерге қарсы тұрып, сол қасиеттерді ұрпақ бойынан көрмес үшін адамдықты, адалдықты тереңнен жырлап, толғана насихаттаған. Абай шығармаларын оқыта отырып, ұрпақты Абай үлгісінде тәрбиелеу – ізгілікке, имандылыққа, адамдыққа, биік адамгершілікке бастайтын жол.....
Эсселер
Толық
0 0

Өлең: Шәпибай-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дегенде Шәпибай-ау, Шәпибай-ау,
Атымды талға байлап, келдім жаяу.
Атымды талға байлап келсем жаяу,
Шәпи қыз отыр екен ұйқылы ояу.

[Қайырмасы]
Ахоу, қайран жар ай, (3)
Пай-пай-пай!
Бөде үй, бөде үй,
Арман-ай!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау. (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Қайнау, меншiктi булану жылуы. Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ): 8.3.2.15 – меншікті булану жылуын анықтау;
8.3.2.16 – қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• меншікті булану жылуының физикалық мағынасын түсіну;
• қайнау температурасының қалыпты атмосфералық қысымға тәуелді екенін білу;
• булану, қайнау, конденсация процестері кезінде жылу мөлшерін анықтауға арналған формулаларды есеп шығару барысында қолдана алу.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Тілдік қатынас мәселесіне байланысты қолданылатын терминдер жүйесі

Тілдік коммуникация туралы мәселені қарастырмастан бұрын, "коммуникация" немесе "коммуникативтік" терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылатындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Қазақ тіл біліміне қатысты шыққан еңбектерде "коммуникатив" деген сөз алпысыншы жылдардан бастап кездеседі. Тілшілер кітаптарында бұл терминді тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметіне қатысты қолданғанмен, оның мән-мағынасына түсініктеме беріп, зерттеу жүргізе қойған жоқ.
1959 жылы шыққан казақ тілі сөздігінің бірінші томында "коммуиикация" сөзі берілмеген. Бұл сөздікте "коммуникациялық" деген сын есім көрсетіліп, оған қысқаша түсініктеме айтылған. Мысалы, "Коммуникациялық" — сын. Қатынастық, қарым-қатынастық.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі мен орыс тілінің түсіндірме сөздіктерінің арасында байланыс бар. Әсіресе ертеректе шыққан сөздіктерде "коммуникация" сөзінің мағыналары бірдей болып келеді.
С.И.Ожеговтың сөздігінде де екі сөзге түсініктеме беріліен. Мұнда "коммуникация"' сөзінің екі мағынасы көрсетілген. Соның екіншісі бұл терминнің тілге қатысты қолданылу ерекшелігін атап өтеді:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Болатбек Баймаханов

Болатбек Бимендіұлы Баймаханов - медицина ғылымдарының докторы, профессор
Ол 1962 жылы 3 қыркүйек күні Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Болатбек Бимендіұлы Алматы медицина институтының емдеу факультетін (1986) хирург мамандығы бойынша бітірген. Ал 2006 жылы Т. Рысқүлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетін экономика бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Алғашқы еңбек жолын 1986 жылы Қызылорда облыстық ауруханасының дәрігер-хирургі болып бастады.
1987 жылдан - эндоскопист-дәрігері;
1990 жылдан - А.Н. Сызғанов атындағы Клиникалық және сынақтық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері;
1991 жылдан -хирургия бөлімінің ғылыми қызметкері;....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0