Өлең: Жұмабай Арман (Абайға арнау)

Сөз әлемі секілді әр ақынға,
Қалықтаған қара өлең қанатында.
Көргенін сөзбен салған Абай атам,
Қазақтың поэзиясында дара тұлға.

Әр өлеңі шариғат, құранға бай,
Тағлым ала алмайсың бұдан қалай?
Тамырын тереңдеткен....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Екі бөшке)

Көшеде екі Бөшке келе жатты,
Бірі бос, екеуінің бірі зат-ты.
Ішінде заты бары жай аяңдап,
Салдырлап келе жатыр босы қатты.
Адамдар даусын естіп қорқып-сасып,
Ығысып, алыстан-ақ жолын ашып .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы, тіл білімі және салалары

КІРІСПЕ
Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: «Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде–ақ көркем шығарма тілінің дамуымен қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады», - деп жаза отырып, мынадай қорытындыға келеді: «Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20 жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, «кітаби» тіл дәстүрінің элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады»
20-жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының ғылым тілін ана тілінде қалыптастыру жөніндегі бастамалары ғалымдарымыздың айрықша назарын аударатындығы ілгеріде де айтылды.
Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды қалыптастыруда маңызы ерекше болды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Жұмағали Саин | Ырысбай мен Балдақ

Күн кешке айналса-ақ, шеткі құрым үйдің қасынан күңгірлеген домбыраның қоңыр үні шығады. Домбыра қоқыр күймен ақырын ғана сарнап ызың қағады да тұрады. Оның даусы серпіліп жоғарыға шырқайды. Баяулап төмен де түспейді, бір қалыппен ырғалып, күңіренеді де тұрады.

Бұл дауыс, бұл күй, бізге көптен таныс, көптен құлағымызға сіңген күй. Оны кім тартып отырғанын біз кісіден сұрамай-ақ білеміз.

Кешке домбыра тартылып қоңыр күй шықса Ырысбай қарт екен дейміз. Домбыра тартылды дегенше-ақ, Ырсекең қасына баралық деп жүгіре жөнелеміз...

...Міне, домбыра даусы шықты. Біз жиналып алып соған қарай жүрдік. Күндегі домбыра, күндегі күнмен талас тартылатын қоңыр күй, күндегі ыңыранып ән салатын Ырысбай қарт, оның тартатын күйінде де, отырған отырысында да өзгеріс жоқ. Кірлеген ақ домбырасы қолында; теңселіп, ыңыранып отыр.

Ағытылып айтылып отырған өлең де жоқ, толықсып көкке өрлеп құйқылжыта салған ән де жоқ. Тек қана ыңыранған өлеңнің, баяуланған әннің жобасы, сарыны ғана.

Осылай отырған Ырсекеңнің қасына келіп сәлем береміз. Ол иек қағады да қояды. Келген бізді көзінің астымен бір шолады да домбырасын тарта береді.

— Беу, Ырысбай-ай, неғып күңірентіп отырсың домбыраңды,— дейді. қасына келіп, Жанақ.

— Еріккеннен тартып отыр дейсің бе, несіне сұрайсың соны,— дейді қарт. Кәрі саусақ пернеден пернеге жүгіріп, қоңыр күйді баяулатып тарта береді. Ол домбыра тартып отырғанда, ыңырсып домбыраға қосылып отырады. Анда-санда көзін жұмып бала тербетіп отырған адамдай-ақ теңселіп, ырғалып қояды.

Ырысбай қарттың қоңыр күйін, біз бала шағымызда тыңдадық қой, сондықтан оның толық мәнісіне түсінбейді екенбіз. Тек қана өзді-өзіміз ойнағанда Ырысбай болайын ба деп, ақ ағашты қолымызға ұстап еу-еу деп ыңырсу үшін, терең ойлы кәрияның қызық мінезін келемеж ету үшін ғана оның қасына жиналады екенбіз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Олжабай батыр


(Поэма)

– Батый болсаң сен неге,

Жауға қайсы шаппайсың? –

Деп сұраған ініге,

Қайтарар жауап таппайтын.

Жауар күндей түнеріп,

Ешкімге тіл қатпайтын,

Күн батып таң атпайтын.

Елегізіп өз-өзінен,

Төсегінде тыныш жатпайтын.

Батырлардың есімін,

Дұғалықтай жаттайтын.

Күндердің күні әлдекім

Атап мұның есімін.

– Шық, далаға шық, – деді,

– Айтқанымды ұқ, – деді.

Абылайдың қолына

Келдім сені тіркетіп,

Ақсарбас айтып жолына.

Тұтанған үміт жылт етіп,

Жұрт жүрегін жылытты.

Айбалтасын қолға алып,

Атқа қонды ертемен,

Намысты ту қып өртеген.

Аттанды Абылай қолына,

Белгісіз елге бір Берен.



-2-



Олжабай қамшы басады

Астындағы жүйрікке,

Сан қырлардан асады.

Алдынан қосы килікті,

Ат басын іркіп Олжабай,

Қосының жайын сұрады.

Жөн айтар жан табылмай

– Абылайдың қайда тұрағы? –

Деп дауысын көтерді.

– Қараңдар мына есерді,

Танауының асты кеппеген.

Желігі бар-ау ептеген

Төңкерердей төбені, –

Деді, –төрде отырған.

Сарбаздың бірі шіреніп:

– Ат бақтырсақ қайтеді?

Тұр ғой өзі сұранып,

Әкіреңдеуі жаман, әй, тегі

Болып жүрмесін бір Алып.

Ат бағуға бар дегенде

Қалғандай ед жағы қарысып,

Жалғызға Алла жар деген.



-3-



Көп қазақтың бірі боп

Ат бағуға кірісті.

Ат бағудың сыры көп,

Дөңгелетті бұл істі.

Қасқырға тіс салдырмай,

Аттарды бақты қырағы.

Ұрыға да алдырмай,

Өзін істе шыңдады.

Айтқандарын үлкеннің

Құлақ қойып тыңдады.

Жусағанда жылқысы,

Өрлей өріп өрісте,

Келер болса ұйқысы,

Ұйқы соғу теріс пе?

Сол күні де Олжабай

Киімдерін шешініп,

Ен далада көсіліп,

Жайғасып ойға берілген.

Шүршітті жеңіп елірген

Табыссам аман еліммен.

Осы сәтте қиырдан

Шұбалған ақ шаң көрінген.

– Кетпейді, – деп бұйырған.

– Көрмеңдер, – деп, –мені кем.

Өз-өзінен жұлынып,

Өз-өзінен бүлініп.

Айналасына алақтап,

Аш қасқырдай жалақтап,

Жұдырықтай шал көк шолағын

Басқа, көзге төпелеп,

Тартып барад төтелеп.

Қорғанға қарай ентелеп:

– Мені де, аға, ерте кет, –

Демек болып Олжабай.

– Жөніңді айтшы, әй, ағай,

Қайда, неге асықтың?

– Сөзін қара пасықтың,

Естімеген тегінде.

Ойран сап шүршіт төріне,

Он сан орта жүздің

Ұраны болған көгінде,

Олжабайдай ер ұлан

Дал-дал қылып қақпаны,

«Олжабайлап» ат қойған.

Қаланы сол ап қойған,

Үлестіріп жатыр олжаны.

Жетсең қазір болғаны,

Сені де құр қалдырмас.

Болсаң дағы балғын жас, –

Деп батырды қарасын.

«Он сан орта жүз... Олжабай...

Орта жүз... Олжабай»

Сөздерді осы қайталап:

– Кім? – деді бұл айқайлап,

Түсіре алмай есіне.

Алла бақытын ашса егер,

Ертесі не кеші не?!

– Сен! –деді сонда бір дауыс.

– Сен! – деді, – сол – Олжабай!

Жан-жағына қараса,

Ешкім жоқ.

Таң-тамаша.

Әлгі дауыс айтқанын

Берді тағы қайталай.

– Сен – Олжабай, сен – Олжабай!

– Мен дейсің бе, Олжабай? –

Деп тебіренді есіл ер.

Сүртіп жүзін басқан тер,

Алғыс айтты Аллаға.

Мың сан рет толғанып,

Айбалтасын қолға алып,

Басты атына қамшыны.

Алда қамал тұр алып,

Осы қамал талайдың

Өр рухын жаншыды.

Батырлардың сыртаны

Келсе дағы айбындап,

Бүрсіз бе әлде табаны?

Ала алмады ай-жылдап.

Қаладағы шүршіттер

Күндерін бейбіт сағынды,

Қазақ қолы сырттағы.

– Сындырма, Алла, сағымды,

Күйретпе болашағымды.

Отбасымен аман жүздесіп,

Сар далада сағымды

Бір-екілі бақсам малымды,

Арманым жоқ дер едім.

Талайдың тауы шағылды,

Дамылсыз дабыл қағылды,

– Деп ойлаумен күні өткен

«Олжабайлап» ұрандап,

Шықты дауыс бір өктем.

Ғаламатымен Алланың

Жанды-жансыз дір еткен.

Қақпаға қарай аңдыздап,

Шапқан жалғыз қараны,

Қалды тұрған жұрт байқап,

Есуасқа көбі балады.

Гүрс - гүрс атқан оққа да,

Қарамады, қайран ер!

Көз алдына келген ед,

Қырылып қалған қалың ел.

Дарбазасы шүршіттің

Дүрліктірген көп жұртты.

Қорғасын мен қалайының

Қоспасынан құйылған

Шапқан ерлер алмақ боп,

Қыршынан қиылған,

Көп мықтының

Алуға тісі батпаған.

Қақпаны алу ақыры,

Олжабайға бұйырған.

Керемет көп біз білмейтін

Жалғанда,

Талайларды қалдырған

Қақпа сонау арманда.

Тоз-тозы шықты әп-сәтте

Айбалтамен,

Салып-салып қалғанда.

Кіре алмай жүрген арманда,

Қалың қазақ күткен көп.

Ішке кірді ентелеп,

Өлтіргенін өлтіріп,

Қойдай қуып желкелеп,

Жүндей түтіп шүршітті,

Тәубасына келтіріп

Талай-талай ерлерді.

Көрген патша

Жараланған,

Олжабайды көріп көзімен.

Сұраған екен таңқалып:

– Мұнысы, сірә, ұлыларға тән қылық.

Бұлшық етіңді оқ жұлып,

Кеткенде қалай қақпаны...

– Деген екен Олжабай:

– Білмеймін мен басқаны,

Тиген оқты ойға алар кісі мен емес.

Жарақатты шын батыр

Жаны шықпай елемес.

– Қақырата бердім қақпаны.

Қақырата бердім ынтыға.

Шығарып естен басқаны,

Қанды шаңы торлаған,

Жаулардан әбден сорлаған.

Ашылсын деп қазақ аспаны,

Аянбай салдым барымды.

Алға ұстап арман, арымды,

Елемедім, сенсеңіз,

Селдей боп аққан қанымды.

Шүберекке түйген ем,

Халқым үшін жанымды...

Ағасының ерлігін естігенде

Төрт - бестегі інісі

Жарасып – ақ тұр мұнысы:

– Менің ағам – бати ! – деп

Олжабайлап ұран тастапты.

Тал шыбық мінген достарын,

Қан майданға бастапты.

Сол өнеге, сол ұран

Жеңіске елді бастады.



Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Өмірбаян: Құралбай Орынбасар

Құралбай Орынбасар – самбодан Азия және Еуропа чемпионы
Ол Азияны үш рет бағындырған, Еуропа кубогының қола жүлдегері атанған, қазақ күресінен Еуропа және Азия чемпионы атанған, дзюдо спортынан Рио-де-Жанейродағы паралимпиадаға қатысып қайтқан ардагер балуан. Самбодан «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», сондай-ақ дзюдо және қазақ күресінен ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

1976 жылы 1-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Отырар ауданының «құрметті азаматының» бапкерлігімен талай сындарда топ жарып жүрген спортшылар жектілікті. Олар: Әбілдаұлы Сабыржан самбо, қазақ күресі және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Самбодан 2009 жылы өткен Азия чемпионатының және осы жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары Шоқан Ыбырай Абай

ХІХ ғасырдың жарқын жұлдыздары – Шоқан, Ыбырай, Абай салған ағартушылық – демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, жаңа буынның төл басы, дарынды ақын, ірі ғалым, әрі журналист Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы еліне беделді , намысқор, қайрат иесі болған. Өз тұсындағы әділетсіз ел билеушілердің зорлығына қарсы тұрған. Ел-жұртына қиянат жасаған Торғай уезі Яковлевті соққыға жыққан. Ақыры, іс насырға шауып, Байтұрсын інісі Ақтаспен Сібірге 15-жылға жер аударылады. Бұл оқиға 13 жасар, Ахметтің жүрегіне үлкен жара салған.
Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды. Одан әрі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмайды, өздігінен оқып, білімін жетілдіреді. 1895-1909 жылдар арасында Ахмет Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі ауылдық, болыстық және екі сыныптық училищеде бала оқытады.
Осы кезде қазақ жеріне орыс шаруаларының көптеген көшіп келуі жергілікті халықтың тілін, мәдениетін елдігін сақтап қалу мәселесін күн тәртібіне қояды. Тіл құрыса, халық та құриды. Ұлт атымыз өшпесін десек, қазақ әдебиеті мен тілін өркендетуді қолға алу керек деп ойлайды Ахмет.Осы ойын іске асыруға кіріседі. Осы жолдағы ізденістерін ол 1896 жылы А. Алекторовқа жолығудан бастайды. Алекторов бұл кезде Омбыда отырып, Ақмола, Семей болыстарының оқу жүйесін басқарып тұратын болатын. Онымен Ахмет қазақ даласында бала оқыту жайы туралы кеңеседі. Ахмет орыс оқымыстыларының миссионерлік мақсатын , олардың қазақтарды орысша оқыту арқылы орыстандыру саясатын көздейтінін түсінеді. Осыдан секем алады.Қазақты өнер-білімге жетектеу өзгелердің емес, өзі тектес оқығандардың парызы деп түйеді. Алекторовтан алған екінші әсері- Ахметтің білім мен өнер жолындағы ой пікірінің кеңейе түсуі еді. Қазақ тарихы мен фольклорынан аса бағалы материал жинап, зерттеген Алекторов Ахметтің көп көмескі түсініктерің айқындап алуына, алдына жаңа мақсаттар қоюына елеулі әсерін тигізеді.
Ағартушылық жолға түсіп, «қайтсем,халқыма пайдамды тигізем, қалай көзім ашам, ұйқысынан қалай оятам» деген мақсат Ахметті әдебиетке алып келеді. Ол әдебиетті халыққа ықпал етер күш санайды. Осы мақсатпен өлеңдер шығарады, И.А. Крылов мысалдарын аударып, сол үлгіде өзі де мысалдар жазады. Оның 1909 жылы Петербургте «Қырық мысал» деген кітабы, 1911 жылы Орынборда «Маса» деген өлендер жинағы басылады. Ахметтің Орынборға келгеннен кейінгі қызметі өте күрделі, әрі өнімді болған. Оның қоғамдық ой-пікірлері 1913 жылы 2-ші ақпанда шыға бастады, өзі ұйымдастырған «Қазақ» газетінде жариялана бастайды. Ол «Қазақ» газетінде патша үкіметі орындарынын құлағына жақпайтын мақалалар да жариялап отырған. Ол үшін талай рет ақшалай айып салынып, Ахмет түрмеге жабылған.
1925-1931 жылдар ішінде Қазақстанды басқарған Ф.И. Голошекин Қазақстан кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Октябрь» төнкерісін жүргізу саясаты ұстанды. Елдегі байлық пен малды тәркілеу жұмысын жүргізді. Халықты ашаршылыққа ұшыратты. Қазақ зиялыларының көпшілігі оны қолдаған жоқ. Голошекин өзіне қарсылық білдіргендерді «ұлтшыл» деп жариялап, олардың көзін жоды қолға алды. А. Байтұрсынов қара тізімге ілінген отыз адамның басы болып, 1929 жылы 2 маусымда тұтқынға алынды, жер аударылды. Азапты қуғын-сүргінен 1934 жылы қазанда ғана оралған ол 1937 жылы 8 қазан күні қайта ұсталып, 8 желтоқсанда атылды.
Менің мақсатым алдағы уақытта Ахмет Байтұрсынов туралы оқып, танысып, Ахмет Байтұрсыновты мысалшы деп тану, және оны басқаларға үлгі етіп, оның шығармаларын мұраға қалдыру. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | З. Ахметовтің «Абайтану» ғылымы саласындағы еңбектері

Кіріспе
Қазақ әдебиетінің кеңес дәуірінде өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан және Абайтану ғылымы саласында өзіндік із қалдырған негізгі өкілдерінің бірі- З. Ахметов. Ғалымның қазақ әдебиетіндегі алатын орнын, жеткен жетістігін, шыққан биігін, өзіндік қасиетін жарыққа шығарып, өскелең ұрпаққа паш ету бүгінгі жас ұрпақтың еншісінде десек, біздің бүгінгі ғылыми жұмысымыз осындай ірі жұмыстың бір шеті ғана болып табылады.
Жұмыста З. Ахметовтің қазақ әдебиетіне сіңірген еңбектері және оның маңызы тұрғысында сөз болады. Ғалымның Абайтану ғылымындағы жемісті еңбектері жинақталып нақтыланады және маңызы айқындалады.
Зерттеудің өзектілігі.
Біздің ғылыми жұмысымызда бүгінгі таңда зерттеу әлі де қолға алына қоймаған, кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде жемісті еңбек еткен, артында мол мұра қалдырған ірі тұлға З. Ахметовтің салған сүрлеуін жарыққа шығару. Осының негізінде төмендегідей міндеттердің шешімін табуға талпындық:
1. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізгі көрсеткіштері,
2. З.Ахметовтің қазақ әдебиетіндегі өзіндік салған сүрлеуі,
3. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен дамуы,
4. З. Ахметовтің Абайтану ғылымындағы өзіндік қолтаңбасы.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
-Абайтану ғылымының өркендеп дамуындағы еңбектерді топтастырып бір жүйеге түсіру;
-Егемендік алғанға дейінгі және егемендік алғаннан кейінгі Абайтану ғылымының өзара байланыстығының негізгі арналарын анықтап көрсету.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Зерттеу барысында сипаттама, жүйелеу, түсіндіру сияқты әдіс - тәсілдер пайдаланылды.

І-ТАРАУ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ЖӘНЕ З. АХМЕТОВ

1.1. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиетінің өсіп-өркендеп, қанатын кеңге жайып, жан-жақты дамуындағы негізгі кезеңдердің бірі-кеңес дәуірі екендігі анық. Сол кезеңдегі билік басында отырғандар зерттеушілердің назарын осы дәуірдегі әдебиеттің жандануына бұрып, солардың негізінде кеңестік заманның артықшылығын, осы мезгілдегі әдебиет дамуының жетістіктерін баса айтуға бағыттады. Шындығында да жалпы әдеби істің ілгерілеуінде, әдебиет жанрларының тууы мен баюында, әдебиеттің қоғам ісіне батыл араласуында, ақын-жазушылар қатарының өсуі мен әдебиеттің тақырыптық арнасының кеңеюінде бұл дәуір әдебиеті аса үлкен орын алатын еді. Сондықтан күнделікті әдеби сыннан басқа бұл дәуір әдебиетіне келелі зерттеулер жасалды.
Кеңестік дәуірдегі әдебиет дамуын ғылыми қорытындылауға арналған тұңғыш еңбек -«Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» 1949 жылы жарық көрген еді. Кезінде ол сол дәуірдің идеологиялық талабына жауап бермейді деген сылтаумен сыналды. Одан кейінгі талап -осы аттас кітаптың жаңадан жасалған нұсқасы (1958). Очерк сол жылы орыс тіліндс басылды. Мәскеуде 1960 жылы жарияланды. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиеті туралы толық зерттеу кейін «Қазақ әдебиетінің тарихының» үшінші томы (бірінші, екінші кітаптар) күйінде жарық көрді (1967)[1].
1954 жылы қыркүйекте Қазақстан Жазушылары өздерінің үшінші съезін өткізді. Онда 1939-1954 жылдар аралығындағы әдебиеттің тәжірибесі, көркемдік табысы мен кемшіліктері талқыланды. Съезден кейін 1955 жылдың қаңтарында бастап соғыс кезінде тоқтап қалған «Қазақ әдебиеті» газеті қайтадан шыға бастады. Қазақ әдебиеті дамуының кейінгі жағдайларына бұл съез де, одан кейін (1954 желтоқсан) өткен. Одақ жазушыларының екінші съезі де пайдалы ықпал жасады. Оларда өмірді тереңірек зерттеу, көркемдікке жету әдебиеттегі түр мен стиль мәселелеріне бірсыпыра көңіл бөлінді.
Отызыншы жылдардан бастап қазақ әдебиетінің қарқынды басталысы бұл кезде бірсыпыра идеялық-көркемдік мектебінен өткен еді. Әдебиеттің тұтқасын ұстаған аға таланттар ұрпағы қалыптасты. Осылардың творчестволық ізденісі арқасында қырқыншы жылдардың екінші жартысында-ақ ұлттық әдебиетіміз үлкен-үлкен шығармалар туғызды.
Соғыс тәжірибесін жинақтауда, халық ерлігінің рухани мазмұны және оның қайнар көзін ашуда «Қазақ солдаты» романының орны үлкен. Онда жаңа заман батырының тәрбиелену, өсу жолы кең бейнеленген.
Осыларға жалғас қазақ әдебиетінде жаңа романдар легі дүниеге келді. Ә.Нүрпейісовтің «Күрляндия» (кейін «Күткен күн» болып өзгерілген - 1950) романы бұрын өдебиетте көрінбеген жас жазушының эпиктік талантын мойындатты. Оның кең тынысты романы өмір шындығын қамтуы мен шеберлігі жағынан ұнамды бағаланды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Сақталу заңдары». Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Cақталу заңдары
Сабақ тақырыбы: «Сақталу заңдары». Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.4.1 – сандық және эксперименттік есептер шығаруда сақталу заңдарын қолдану;
Сабақ мақсаттары: Импульс пен энергияның сақталу заңын қолдана отырып есептер шығару........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0