Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Асанның Мырзабайы

– Сол жолы бір ел жаққа барып қайтқан сапарымда қайтар кезде пойыздан қап кетемін бе деп аздап алаңдағаным бар, – дейді Сабыр шылымын тұтатпаққа қалтасынан сіріңкесін қарағыштап жатып. – Ауданның орталығындағы теміржол вокзалының ішінде жолаушылардың қарасы да әжептәуір еді. Мұндайда жолсерік ала кетсе жақсы, ал ала кетпесе ше?.. Тағы да қайда барып жүрмекпін деп ойланып тұрмын келіп. Жұмыстан да қап қоймауым керек еді. Жұмыс болып тұрса ғана, ақшаң болып тұрады ғой. Құрылысшының жұмысы солай. Пойыз қазір-ақ кеп қалардай, пойыз келетін жаққа алаңдап қараймын келіп. Бірақ пойыздың станцияға кеп тоқтауына әлі де біршама уақыт бар еді. Қайтсе де, осы пойызға аяқ артып, ілігіп кетуім керек болатын.
*** .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Биология | КЛЕТКААРАЛЫК БАЙЛАНЫСТАР

Көпклеткалы жануарлар организмдерінің органдары мен ұлпаларының
Құрамындағы клеткалардың өзара байланысы клеткааралықбайланыс
деп аталатын күрделі арнаулы құрылымдар құрайды.Қабат құрайтын

клеткалар ерекше құрылымдарды құрамастан өзара байланысады.Мұн-
дағы клеткалардың байланысы жай байланыс арқылы қамтамасыз еті-
леді.Екі клетканың плазмалеммаларының арасында 15-20 нм клеткаара-
лық кеңістік болады. Жай байланыстан басқа клеткаларды өзара байла-
ныстырып бекітетін арнаулы құралдар болады.Ол құлып деп аталатын
құрылым.Бұл әдісті бір клетканың плазмалық мембранасы екінші клет-
каның мембранасының ойысына сәйкес келетін өсінді құрайды.Құлып
тәрізді немесе тісті байланыс эпителиальдық ұлпаларда көп кездеседі.
Тығыз байланыстар.Екі көршілес клеткалалардың плазмалық мембранала
ры мейлінше жақындап , бір-біріне жабысып,қалыңдығы 2-3нм бір
жалпы қабат құрайды. Байланыстың аймағы макромолекулалар мен
иондарды өткізбейді.Тығыз байланыс ми капиллярларының эпителий-
лік клеткаларының арасында ми клеткаларына қаннан заттардың еркін
диффузиялануына кедергі болып гемато-энцефальдық тосқалыл құрай-
ды.Тығыз байланыс клетканың апикальдық жиегінде болады.
Десмосомалар- эпителийлік клеткалардың көбіне тән. Десмосома грекше
десмос –байланыс, сома- дене, ара қашықтықтары 30-50 мкм екі көршілес
Клеткалардың плазмалық мембраналарының диаметрі 0,5 мкм-ден екі
дөңгелек немесе сопақша участоктерінен түзілген .Мембрананың астын-
да клетканың ішінде орналасқан тонофибриллалар бекитін тығыз пласр-
тинка болады. Тонофибриллалар тірек қызметін атқарады. Көпшілік
Жағдайда жанасатын клеткалардың десмосомалары бір-біріне тығыз
беттеспейді, арасында сұйық ағатын клеткааралық кеңістік болады.Элек-
трондық микроскопта десмосома аймағы көршілес клеткалардың плаз-
малық мембраналарында орналасқан күңгірт дақ болып байқалады.
Десмосомалардың функциясы –клеткаларды өзара бекіту.
Саңылау тәрізді байланыс,нексустар.Клеткадан клеткаға химиялық зат-
тарды тікелей жеткізуге қатысатын құрылым.Көршілес клеткалардың
мембраналары коннексондар деп аталатын құрылымдармен байланысқан.
Коннексон- ортасында ені 2нм каналы бар,молекулалық массасы 20мың-
дай коннектин белогінен тұратын цилиндр тәрізді агрегат.
Саңылау тәрізді байланыстың зоналарында клеткалардың функциялық
ерекшелігіне байланысты 10-20-дан бірнеше мыңға дейін плазмалық
мембрананы тесіп өтетін коннексондар болады.
Коннексондар иондар мен төменгі молекулалы заттардың бір клеткадан
екінші клеткаға өтетін клеткааралық каналдардың міндетін атқарады.
Синапстық байланыс. Байланыстың бұл түрі нерв ұлпасына тән.Екі
нейронның арасында және нейрон мен рецептор немесе эффектор ара-
сында кездеседі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Үлес)

Қосылып, бірнеше адам ортақтасып,
Үй салып, ортасынан дүкен ашып,
Саудасы жұғымды боп, байып әбден,
Шат болып, көңілдері судай тасып,
Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып,
Үлесіп отыр еді шуылдасып .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері, орналасуы мен олардың құрылымдық байланысы. Актинге байланысты қаңқа бұлшықет ұлпасының типтері 2-сабақ (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақ тақырыбы: • Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттері, орналасуы мен олардың құрылымдық байланысы. Актинге байланысты қаңқа бұлшықет ұлпасының типтері 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:• жылдам және баяу жиырылатын бұлшықет талшықтарының ортақ қасиеттерін және олардың орналасуы мен құрылысының байланысын анықтау
Сабақ мақсаттары:• Жылдам және баяу жұмыс істейтін бұлшықет талшықтарының құрылысымен танысу
• Осы бұлшықет талшықтарының ерекшеліктеріне кесте толтыру арқылы сипаттама беру
• Бұлшықет талшықтарының жиырылу механизмін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай

Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын- соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран- тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми- зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару- жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми- техникалық орталық болып есептеледі.
Космодромда өнеркәсіп және шаруашылық орындары шоғырланған. Олар да космос кеңістігін зерттеуге атсалысады. Мұнда космосқа ұшырылатын космос корабльдерінің, зымырандардың, зымыран- тасымалдаушылардың бөлшектері жиналып, космосқа ұшырылып отырады. Космосқа ұшқан космос корабльдерінің ұшатын бағыты белгіленіп, ұшу жылдамдығы анықталады. Онда зымырандардың бағытын және жылдамдығын анықтайтын электронды есептеу орталығы бар.
Космодром 1957 жылы Байқоңыр қаласында салынған. Бұл қалада қазіргі кезде 6 мың халық тұрады. Космодромда 9 зымыран ұшуру кешені, 15 зымыран ұшыратын қондырғылар бар. Ресейдің барлық космосқа ұшқан корабльдері мен зымырдандары осы Байқоңыр космодромынан ұшырылған. Зымырандарды отынмен қамтамасыз ететін 3 станция, космонавттардың денсаулығын бақылайтын медициналық орталық, 1- классқа жататын 2 аэродром, сұйық оттек, сұйық озот өндіретін завод, электр жылу жүйесі, газ құбырлы электр станциясы, 470 шақырым темір жол, 1280 шақырым автокөлік жүретін магистраль, электр, жылу, сумен қамтамасыз ететін жүйелері бар. Космодромның құрылысы алғашқы кезде тым құпия болған. Салынған жүйелер мен құрылыстар объектілерді жасырын түрде жүргізілген. Қазақ елінің жерге деген билігі жоқ болатын.
Байқоңыр космодромы Қазақстанның оңтүстік-батысында, яғни Қызылорда облысының территориясында орналасқан. Бұл аймақтың ауа райы өте құбылмалы келеді. Қысы суық, жазы ыстық, жауын-шашын 90-150 мм-дей аз жауады. Сол себептен ауа райы ылғалсыз болып келеді де, құрғақшылық жиі-жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау-тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. өсімдік әлемі онша көп емес. Орман-тоғай бұл аймақта өспейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өмірбаян: Кененбай Қожабеков Молданұлы (1928 - 1988)

Кененбай Молданұлы Қожабеков (3 ақпан 1928, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір ауылы — 3 қараша 1988, Алматы) — актер, Қазақ КСР-інің халық артисті (1972).
Өмірбаяны
Алматы театр училищесін бітірген (1950).
1950—1961 жылы Республикалық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет етті.
1958 жылдан бері "Қазақфильм" киностудиясының актері.
1960 жылдың 10 қаңтарында Балалар мен жасөспірімдер театрынан шығып келе жатқан кезінде Ыдырыс Ноғайбаев, Нұрмұхан Жантөрин үшеуіне көше басбұзарлары шабуыл жасап, жұлынына әлденеше жерден пышақ салып, омыртқасын зақымдайды. Осы бір қарғыс атқан күнді актердің өзі «құлап түскен күнім» деген екен.
Театрлық және кинематографиялық рөлдері ....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат)

Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да, жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға.....
Өлеңдер
Толық
0 0