Реферат: Қазақ әдебиеті | Көшек батыр Ерубайұлы, Көшек Ерубайұлы

Көшек батыр Ерубайұлы, Көшек Ерубайұлы - 19 ғасырда өмір сүрген батыр, шешен, би. Тама тайпасының Дәулеткелді руынан. Әкесі Ерубай би Жолдыбайұлының үлкен ұлы. Жасынан тентектігімен танылып, Атбасар уезінің оязын сабаған атағымен батыр атанған. Арқадағы ағайындарының көбеюін дәлел қылып Алшын-Жағалбайлы болысы құрамынан Таманың Әліп бұтағын бөліп алу шығартқан. Сөйтіп ол болыстықтың атауын Қарақыз қойдыртып, Қосшығұл болысқа .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес процестерінің дамуын зерттеу

Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталуы, сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс екендігі, ес балаға өте қажет жан құбылысы екендігі, оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Баладағы ес процестері және есте сақтау заңдылықтарын анықтауда жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін екендігі, есте қалдырудың ұзақ немесе қысқа болуы неліктен болатыны, ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкіндігі, естің адам танымына ықпалы қандай болу керектігі, өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашуы: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілеуі, ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолдануы, бала есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г:Э: Мюллер еңбектерінде жария етілуі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Көпбай Әлімбетұлы (1904 жылы)

Көпбай Әлімбетұлы (1904, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылы – өлген жылы белгісіз) – халық ақыны. Ақындық өнерімен жастай танылған. Оңтүстікке аты жайылған ақын Нұралы Нысанбайұлының шәкірті.

Дастан-қиссалары
«Алмас – болат»

Арнау, толғаулары
«Туған өлкем»,
«Алатау – ырыс аймағым»,
«Арыс – Түркістан каналы»,
«Ер шопан»,
«Ақ бидай».
Ауыл өмірі, бейбіт тұрмыс, достық, бейбітшілік тақырыбын жырлады....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қоғаммен байланыс | Банк имиджінің қалыптасуы

Банкілер – ақшалай қаражат пен қорлануды шоғырландыратын, несие беретін, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен осы айырысудағы делдалдықты жүзеге асыратын, ақша мен бағалы қағаздар шығаратын, алтынмен, шетелдік валютамен операцияларды және басқа міндеттерді жүзеге асыратын мекеме. Сонымен қатар, банк қоғамдық пікір мен көпшіліктің іскерлік қарым-қатынасынан туындайтын ең нәзік және сезімтал институт болып табылады. Банктік ҚБ-ң ерекшелігі - банктің өзінің қызмет шарттарымен ерекшеленуінде.
Олардың жаратылысынан заттай әлпеті жоқ, бұл жердегі ұсыныс пен қызмет олардың банк маркасы алға жылжығанда ғана жүзеге асады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Электртерістілік және байланыс полюстілігі (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Электртерістілік және байланыс полюстілігі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.6 атомдардың электртерістілік ұғымының физикалық мәнін түсіндіру және оның негізінде химиялық байланыстың түрін болжау;
10.1.4.7 ковалентті байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;
Сабақ мақсаттары: - Электртерістілік ұғымының не екенің біледі және түсінеді;
- Ковалентті байланыстың не екенің біледі;
- Ковалентті байланыстың түзілу механизмін түсінеді;
- Ковалентті байланыстың түзілуін нақты мысалдар арқылы жазып түсіндіреді;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Абайдың Баянға берген бағасы (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Абайдың Баянға берген бағасы
Сабақтың мақсаты:
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып мақала құрастырып жазу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Жаңа технологияның ұжыммен байланысы

Оқыту әдістерінің барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс іс-әрекеттерінің соңғы нәтижесінде тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған.
Тәжірибелі педагогтың жеке іс-әрекет стиліне байланысты тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс-әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады.Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді.
Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің тобын шартты түрде бөлуге болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов оқымысты аса дарын иесі аудармашы

Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысында туған. Алғаш ауыл молдасынан хат таниды. Он үш жасар Ахметті елдегі ағайындары әке аманатымен Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне оқуға береді. Халықтың сана-сезімін оятып, бойына ізгілік дарыту, оны жағымсыз қылықтардан арылту мақсатына қызмет етер деген ниетпен И.А.Крыловтың мысалдарын аударып, 1909 жылы Петербургте өзінің алғашқы жинағын «Қырық мысал» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Ыбырай шығармаларының ең басты мақсаты – қараңғылық пен саяси құқықсыздықта мүшкілдік күн кешкен халық бұқарасын жақсы болашақ жолындағы күресте бірлікке шақыру, өнер-білімге, мәдениетке, прогреске үндеу болып табылады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Азербайджан халқының ұлы ақыны Физули

Орта ғасырда өмір сүріп, артына өшпестей мұра қалдырған шығыс поэзиясы алыптарының бірі, азербайжан халқының ұлы ақыны - Мухаммед Физули. Шығыстан жарқырап туған ғажайып жыр жұлдыздары қатарында азербайжан халқының ұлы ақыны Физули есімі де тұр. Қазақ халқына Фердауси, Рудаки, Низами Омар Хайям, Хожа Хафис, Жәми, Сағди, Набон есімдерімен бірге Физули атыда баяғыдан таныс. Өйткені, Таяу және Орта Шығыс әдебиетінің тарихында аса айтулы құбылыс болып саналған Физули поэзиясының қазақ халқының әдебиеті мен рухани өміріне біраз әсер-ықпалы тигені даусыз. Ол
(шамамен 1448 жылы туып, 1556 жылы өлген) араб Ирагының Кербале (қазақ ұғымында кер бала) дейтін қаласында, өзінің оқымыстылығымен аты шыққан Сүлейменнің семьясында дүниеге келген. « Физули » - білімдар, өз тілді, орақ ауызды деген мағынаны білдіретін сөз болса керек. Ақынның бүкіл табиғаты бұл есімнің дәл табылғанын, барынша лайық есім екенін айғақтайды. Ол соншалық көп білетін, оқымысты, ойшыл адам болған. Физули жас кезінде-ақ поэзия сипаттары мен шарттарына кәнігі жетіккен араб, парсы, түркі тілдерін үйреніп алған.
Ақынның әкесі Сүлеймен Бағдадқа азербайжаннның Арша округінен көшіп барған көрінеді. Оны кейбір зерттеушілер муфти болған деседі. Бірақ Физули өз шығармаларында әкесінің кім болғандығы туралы ештеңе айтпайды. Физули әуелі Кербаледегі мектепте, кейін Бағдадтағы медреседе оқиды. Ол мектепте оқып жүрген кезден бастап-ақ махаббат жайында қысқа-қысқа өлеңдер жаза бастайды. Бірақ ғылымсыз поэзия бос сөз екенін түсінген ақын өз поэзиясында философиялық ойларға да ерекше мән берді. Физули шығармалары өзінің көзі тірісінде және кейінде қол жазба күйінде тараған. Сондықтан да оны халық « біздің білімпаз »деп атап кеткен. Шынында да Физули өз кезінде көп нәрседен хабары бар өз заманының озық идеяларын берік ұстанғанында, ізгілік үшін күреске бел буып түскенін де жақсы білеміз. Оның бүкіл поэзиясы адамгершілік уағызына толы. Ақын әманды адам еркімен ар-ожданын қорғауға шақырды: қарапайым бейнет кештердің мүддесін орындауға жан сала кіріседі, зорлық пен қанау ауыртпалығынан жаны күйіп, белі бүгілген, қабырғасы қайысқан қалың бұқараға қайсарлықпен ара түсіп отырады.
Ол байлық пен әкімдіктен, аз күнгі « өткінші рахаттан » бас тартып, кішіпейілділік пен қарапайымдылықты қадір тұтады, қан төгер қатал соғыспен әділетсіздікке, әлеуметтік езгімен теңсіздікке қарсы тұрады. Өз
замандастарын төзімділікке шақыра отырып, ол болашаққа үлкен үміт артып сеніммен қарайды.
Физули творчествосы сезімді баурап алатын шыншылдығымен, шынайы адамгершілік қасиеттерімен дараланды. Физули шығармаларында суфизмге тән қарамақайшылықтармен пантеизм идеясы да бар. Ол азербайжан, араб, парсы тілін жақсы білген және сол тілдерде көркем шығармалар жазған. Сондықтан да ол өз шығармаларында Абу Новастың,
Хасанның, Хаганидің, Низамидің, Әлішер Науаидің, Ахмеди Шейхының аттарын жиі атап, шығыс мұсылмандарының әдеби өмірімен таныс екенін аңғартып отырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0