Стихи: Астана (Нур-Султан)

Вслед за долгой зимой,
вновь приходит весна.
Что прекрасней всего
ты моя Астана!
Мы гордимся тобой,
ты светла и тепла,
много радости нам
твоя стать принесла!
Расцветай и расти,
ты любима навек,
в моем сердце всегда
будет твой Байтерек!
Сборник стихов
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Р. Бердібай - фольклор зерттеуші

Кіріспе
Рахманқұл Бердібайдың есімі бүгінде анықтаманы қажет етпейді. Ғұлама ғалымның биік тұлғасы, энциклопедиялық зердесі, азаматтық келбеті өзінің лайықты бағасын алған. Қазақ әдебиеті ғылымына ғана емес, түрік дүниесінің руханиятына өлшеусіз үлес қосқан ғұламаның ұлт мүддесін қорғаған батыл үні сонау елуінші жылдары естіле бастаған болатын. Ұлт мүддесін мәңгілік серігі еткен ғалым кеңестік кезең саясатына қайшы көзқарастары үшін аз қиындық көрген жоқ. Осы қудалаулар мен қиындықтар ғалымның журналистикадан бастау алып, әдеби өмірдің ұлы майданына, руханияттың асқақ әлеміне ұласқан шығармашылық жолын көктей өтіп жатты.
Р.Бердібай өзінің өнімді еңбек жылдарында 32 кітап, мыңнан астам мақала шығарды.
Исі түркі халқы пір тұтатын Маулананың мынадай сөздері бар: «Жел соққан сайын солқылдақ шыбықтай иіле берсең, асқар тау болсаң да, шыбық құрлы құның болмайды». Р.Бердібай иілуді білмеген асқақ рухтың иесі. «Рухы биік адам қоғам рухын көтереді» деген нақыл сөз осы Р.Бердібай секілді асқақ рухты адамдарға арналған тәрізді.
Р.Бердібай тарихи ақиқаттарды бүркемелеу немесе бұрмалай көрсету белең алған тоқырау жылдарының өзінде ұлтының шыңдалу процесін ашып көрсетіп, оның рухын асқақтататын мәселелерді көтеріп, соларды нақты жүзеге асыруға арналған істердің басында болды.
Ғалымның фольклортанушылық қызметін талдау бағытында алған жұмысымыз зерттеушінің бұл саладағы еңбегіне жаңаша көзқарастық тууы мен аңыз әдебиетімізді басқаша қырынан жол тануымызға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының өзектілігі:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - /1/ деп дамып келе жатқан мемлекеттің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды. Сол себепті біз білім мен ғылымды дамытуға өз үлесімізді қосуға міндеттіміз.
Бүгінде көптеген зерттеу еңбектерінің авторы атанған Р.Бердібай қазақ халық ауыз әдебиетін зерттеуде тыңға түрен салып, соны сүрлеуді қалыптастырды. Эпостанушылық қызметі өз алдына бір төбе. Жұмыста ғалымның фольклорды жаңаша стильде қарастыру реті, қазақ музыкасы мен тарихи мұраларын қалпына келтірудегі зор еңбегі тұжырымдалды.
Диплом жұмысының мақсаты:
1. Р.Бердібайдың фольклортанушылық қызметіне шолу;
2. Ғалымның қазақ фольклортануында алатын орнын айқындау;
3. Р.Бердібайдың қоғамдық қайраткерлігіне шолу.
Бұл мақсаттарды орындау үшін мына төмендегі міндеттер жүзеге асырылды:
1. Р.Бердібайға қатысты материалдар мен деректер жинақталды;
2. Ғалымның зерттеу еңбектері талқыланып, сарапталды;
3. Ғалым туралы жазылған пікірлерге талдау жасалып, ой қорытындысы түйінделді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жарлы бай)

Бір күні Жарлы отырып ойға қалды,
Байларға кейбір сараң көзін салды.
«Ішіп-жеді, рақатын көрмеген соң,
Не керек, - деді, - жиып пұл мен малды?
Малыңда не қызық бар ептеп жиған,
Жаныңа еш рақат етпей жиған? .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Өткелбай би Исаұлы

Өтетілеу би – Кетебайдың үлкен ұлы және әкесіні билік жолын ұстаған баласы. Өтетілеу шамамен 1760 жылдары дүниеге келген. Өтетілеу қарақалпақ, Бұқара, Қоқан, Хиуа хандықтары арасындағы түрлі келісімдерге араласқан би. 1834 жылы Бұқараға сапар шеккен П.И.Демезон мен И.В.Виткевичтің «Записки о Бухарском ханстве» атты еңбектерінде (жазбаларында) Өтетілеу би туралысөздер бар. Негізгі мазмұны: «...1824 жылға дейін хиуалықтар қазақтарды жыл сайын тонап отыратын, бірақ арнайы алым түрі жоқ болатын. Кейіннен тонаушыылық шектен шыға бастайды. Сол тұста Шөмекейлер Хиуа ханына арнайы елші жіберіп, зекетті өздері апарып тұратын болып келіске-ді. Бұл келісім 1832 жылға дейін созылады. Өтетілеу би 1832-33 жылдарда Хиуа ханына жолығып, бұдан былай зкетті өздері келіп жинауын ұсынады. Осыны күтіп отырғандай Хиуа бектері Сырдария бойына еркін ене бастаған.
Атақты Балқы Базар Төребай биге .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Аман Байбатырұлы

Аман байбатырұлы (т.-ө.ж.б.) — 1812 жылғы орыс-француз соғысының батыры, ақын. Ресей тарихында Отан соғысы аталатын бұл соғысқа қазақтың Нарынбай Жанжігітов (Георгиев кресінің толық иегері), Майлыбаев, Яков (Жақып) Беляков (шоқынған қазақ), Қарынбай Зындәуітов сынды есімдері .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Б. Төлеубайұлы «Тұңғыш қазақ ғарышкері» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру Б. Төлеубайұлы «Тұңғыш қазақ ғарышкері»
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады, шығармадағы оқиғаларға сүйеніп дамуын болжай алады.
Көптеген оқушылар: шығарма мазмұны бойынша қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады, кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп сюжеттің дамуын болжай алады.
Кейбір оқушылар: шығарма мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтар қоя алады жауап бере алады, кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп сюжеттің дамуын дәлелдер келтіре отырып болжай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық.
- Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту;
- Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді;
- Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді;
- Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру;
- Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірбаян: Есмұхан Обаев Несіпбайұлы (1941 жылы 23 маусым)

Есмұхан Несіпбайұлы Обаев (1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында туған) — актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1975). "Тарлан" тәуелсіз платинды сыйлығының лауреаты. Барыс, Парасат ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының лауреаты.
Есмұхан Несіпбайұлы 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Кеген ауылында дүниеге келген. 1960 - 1964 жылдары Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетінің режиссерлік бөлімін үздік бітірген.
Еңбек жолы
1965 - 1967 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы - режиссері болып, «Жаяу Мұса» (З.Ақышев), «Боран» (Т.Ахтанов), «Көзілдірік» (Б.Майлин) қойылымдарында режиссерлік қабілетін танытты....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қалқай ишанұлы Мамырбай

Қалқай ишанұлы Мамырбай 1822-24 жылдар шамасында «Қарабдал», «Абыла» атты өңірде туып, осында қайтыс болғн. Бұл қазіргі Қызылорда облысы Қармақша ауданының Қармақшы ауылында. Осы маңда Марал ишан қорымы бар.

Мамырбай Марал ишанның немересі, Қалқай ишанның екінші ұлы. 1850-51 жылдары ел билігіне араласа бастады. Елдің бірлігіне мен тірлігіне басшылық жасаған. Ояз бастығы да Мамырбайдың жұртшылық алдындағы беделін ескеріп, оны өз ауыл-аймағынан түтінпұл жинайтын жергілікті бастық етіп тағайындайды. Мұрағат құжаттарында оның 1863-66 жылдары 180 түтінді басқарып, түтінпұл жинағаны және оны өткізгені туралы Мамырбай Қалқаевтың қолын қойып, мөрін басқан құжаты сақтаулы.

Марал баба аталатын қорымды сәнді салынған Қалқай ишан үй-тамы бар. Оны салғызған Мамырбай екен. Мамырбай әкесі Қалқайдың арықтарын тазалатып, су жүруін үнемі қадағалап, егін егуге де елді бейімдеген екен.

Марал, Қалқай ишан балаларының ішінде орыс қызметіне араласқан Мамырбай болса да, .....
Рефераттар
Толық
0 0