Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі

Ақжол шабдар атым бар, Ақшамға азан айтып, аллаһу әкбар дегенде, Алматыдан шығып Ла-й-ла-һа-ил-ла-ла дегенде Қарғалыны қақ жарып, Ұзынағашқа бардым. Сол жерден бір ауыз тиіп аттанып, бұлаң құйрықпен қазан қайнап жатқанда, Қазан қаласына бардым. Қазан қаласында бір жомарт адам бар еді. Баяғы қонақ келді деп атымды шаужайынан ұстай алды, — депті.

(Алматы уезі Байжарас ұлы Рақметқалидан)

Өтірікті айтқан жақсы,

Қостаушысы табылса

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қоштап, ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын растамақшы болыпты.

Өтірік бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары: «Жақсы-жаманнан не тіл бар?» — десе, өтірікші: «Ел аман, жұрт тыныш. Жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп бара жатқан елді көрдім», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кешке сол ауылға қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар, кеше бір қонақ, көкті көбелей, аспанды аралай ел көшіп бара жатыр екен дейді. Онан не білесің?» — дейді. Қостаушы: «Болса-болар, өйткені аспаннан анда-санда көрегенің сағанағы түсіп бара жатқанын көрдім», — депті. Бұл өтірік содан кейін лақап алып елге тарап кетіпті.

Келесі күні өтірікті бастаушы енді бір елге келгенде, тағы да естіген-білгенді сұрағанда: «Бөтен айтарлық сөз жоқ, жалғыз-ақ жолда бір үлкен көл өртеніп жатыр екен», — депті. Ел нанбапты.

Енді келесі кеште алдыңғы уәдемен қостаушы өтірікші келіп қоныпты. Ауыл адамдары тағы да: «Жарқыным, жақсы-жаман не тіл бар. Кеше бір қонақ келіп, жолда бір көл өртеніп жатыр деп кетті. Онан не білесің?» — дейді. Сонда қостаушы: «Жолда бір кепкен көлдің табанынан піскен балық жеп, қайран болған едім. Мынауыңыз сол жер болар», — деген екен. Бұл тапқырлыққа риза болған ел: «Өтірікті айтқан жақсы, қостаушысы табыл-са», — деп мәтел етіп кетіпті.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Достық байланыстар (7 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Сабақтың тақырыбы: Достық байланыстар
Сабақтың түрі Қайталау, алдынғы білімді бекіту сабағы.
Жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме құрастырып жазу.
7.ӘТН2.Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану
Сабақтың мақсаты:
Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме жазу дағдысын дамыту.
Сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің қойылу мәнін түсіндіру, оқушылардың мәтінді мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
Барлық оқушылар:
Стиль, жанр ерекшеліктерін түсініп, теориялық білімін тәжірибеде қолдана алады
Оқушылардың көбісі:
Жазба жұмысын сауатты орындайды, көркемдегіш құралдарды орынды қолдануға тырысады, сөйлеу тіліндегі интонацияның логикалық екпіннің қойылу себебін түсіндіре алады
Кейбір оқушылар:
Көркемдегіш құралдарды еркін қолданады, публицистикалық стильмен қатар авторлық стильді байланыстыра алады, мәтінді мәнерлеп оқиды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Наубайхана өндірісі

Наубайхана өндірісі
Жоспар:
1. Өңдірістің технологиялық сулбасы.
2. Қамырды дайындау тәсілдері.
3. Қамырды илеу және ашыту.
4. Қамырды бөлу. Нанды пісіру.
5. Нанды шығару.

1. Бидай нанын дайындаудың технологиялық сұлбасы келесі операциялардан тұрады:
• қамыр илеу
• ашыту
• қамырды бастыру
• ашыту
• қамырды бөлшектерге бөлу
• бөлшектерді домалақтау
• алдын-ала тынықтыру
• қамыр дайындалысымен қалыптау
• соңғы рет тынықтыру
• пісіру
• нан сақтауға суыту .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Итбай хан

Бұрынғы өткен заманда көденің көгерген жасыл кезінде, жерге қар жаумай, жердің түрі кілемнің түріндей жайқалып түрленіп тұрған уақытта, өзендердің сулары орта түспей, Жайсаңның көлі мұхит дариясындай үлкен көл болған мезгілде, бір Итбай деген хан болыпты. Итбайды шешесі тапқанда, күндіз екені де, түн екені де белгісіз болыпты. Егерде мұны тапқаны күндіз болса, күн сәулесі көрінбеген қараңғы болса керек. Күннің сәулесі көкте де көрінбейді, жерге де түспейді, жақын тұрған тауларды да қыздырмапты. Алыстағы даланы да жарық қылмапты. Күннің бір сәулесі тым болмаса Итбай ханның туған үйіне де түспепті.

Егерде туған мезгіл түн болса, көкте ай, жұлдыздар да көрінбеген шығар, бұлардың біреуі де Итбайға қарай......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ОЙЫҢДЫ АЙТ)

Алаңдайды , ауырлайды тұл бойым ,
Сағынышпен күткендеймін жыл тойын .
Шаршамастан жыр бұлағын іздейін
Нұрға бөлеп туған жердің қыр – ойын .

Таң алдында гүлді орап сәулеге ,
Бұлбұл үнін сайратамын кеудеге .
Алауратып алыс.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Қорқыт Ата «Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 2-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт Ата «Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: А/И1. Әдеби шығарманың композициясы
8.А/И1. Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.
Сабақ мақсаты: Көркем шығарманың композициясын жан-жақты талдайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0