Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық-әлеуметтік байланыстар

КІРІСПЕ
I тарау: Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси – экономикалық байланыстардың дамуы.
1.1 Қазақстан мен Ресей арасындағы достық, дипламатиялық қатынастардың орнауы.
Тәуелсіздікті алған кезден бастап - ақ Қазақстанның жоғары басшылығы Ресеймен тату көршілік катынастарды орнату қажеттігі туралы қорытындыға келді. Әңгіме шын мәнінде жаңа тарихи жағдайларда екі мемлекет арасындағы өзара қарым - қатынастың үлгісін жасау туралы еді. Басқаша сөзбен айтсақ, Қазақстанның сыртқы саяси стартегиясында Ресеймен ынтымақтастыққа бірінші дәрежелі назар аударылды.Қазақстанның пікірі бойынща, екі мемлекеттің әл - ауқаты көп жағдайда халықтар арасында қалыптасқан байланыстардың сақталуына, экономикалық, ғылыми -_ техникалық және гуманитарлық ынтымақтастыққа басты назар аудара отырып,әлеуетінің нығайтылуына, қазіргі бар қарым -қатынасты кең ауқымды ынтымақтастыққа, үдемелі мемлекетаралық кооперацияға айналдыруға байланысты (1 - 73). ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Байтұрсынов педагог ағартушы

Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістеме жүйесіне негізделеді. Әдістеме жан - жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне көңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында , ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерін де пайдаланатын болады. Бұлардың сайып келгенімен, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.
Қазақ тілін оқытудағы әдістеменің қайнар бұлақ көзі Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады.(1) Бұл әсіресе оның «Баяншы» (1940) және «Тіл жұмсар» (1928) деп аталатын таңдамаларында жақсы көрініс тапқан. Әрине бұлар әліпбиді қалай оқыту мен үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» оқулықтарын қалай таныта білуге арналған. Осы жайында автордың өзі кезінде былай деп жазған болатын: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін таныту үшін түрлі бөлшектерін тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін тетіктерін балаға шағындай бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап соларды танытып, соларды жұмсару арқылы барып үлкен құралды танытады».(2)
Оқыту жүйсіне байланысты біздің методика деп қолданып келген ұғымымызды кезінде А.Байтұрсынов әдіс сөзімен берген. Ол әдістің екі түрін көрсетеді: талқылау (айырыңқы) әдіс және жалпылау әдіс. Ол бұл әдістердің әр қайсысына анықтама береді. «Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы іріден ұсақтау».(3) Сөз жоқ, бұл аталған әдістемелер қазақ тілін мектеп ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Көкшетау Бурабай аймағындағы курортты рекреациялық шаруашылықтың дамуы

Тақырыптың өзектілігі. 1998 жылдан бастап Астана қаласы – Қазақстанның астанасы – Үкіметтің ресми резиденциясы мен елдің басқарушы орталығы. 1999 ж. Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды және Көкшетау-Бурабай аймағы Астананың даму жоспарына кіргізілген болатын. Көкшетаудың қазіргі кездегі әкімшілік статусы осы аймақтың дамуы мен гүлденуіне көмектеседі, осыған байланысты рекреациялық және туристік ресурстар меңгеріледі, осы арқылы таңдалған тақырып өзекті болып отыр.
Көкшетау–Бурабай аймағы –Қазақстанның солтүстігінің ең әдемі орны. Бұл – сұр жартастар мен қылқанды жапырақ ормандарының, әсем таулар мен тұнып жатқан өзендердің таңжайып өлкесі, даланың тамаша аралы. Таулардың, ормандардың және көлдердің үйлесімі ландшафттардың тек қайталанбас сұлулығын ғана емес, ерекше емдік климатты да құрап отыр.
Көкшетау–Бурабай аймағы – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері мен спорттық-сауықтыру лагерьлерінің өлкесі. Өзінің әдемілігімен және сұлулығымен Ресейдің, Қазақстанның әр бұрыштарынан және ТМД елдерінен ондаған мың адамды тартады. Бурабай қымызбен, емдік батпағымен және минералды су көздерімен атақты. Курортта әсіресе дала шөптері мен шыршалы орманның ғажайып иісіне қаныққан таза ауа ерекше жанға жағымды.
Бурабай – халықаралық мәнге ие курорт. Дәрігерлер мен демалушылардың жалпы пікіріне қарағанда, Көкшетау-Бурабайда басты емші болып табиғат табылады. Оның 5 негізгі «емдеу кабинеттері» бар: орман, су, тау, ауа және күн.
Көкшетау–Бурабай аймағы өзінің сұлулығы үшін және көлдерінің, өсімдік пен жануарлар әлемінің даралығы үшін «Қазақстан маржаны» деген поэтикалық атауға ие. Туризм - әлемдік экономиканың жетекші және ең бір динамикалық салаларының бірі. Жылдам өсу темпіне байланысты ол жүз жылдықтың экономикалық феномені болып мойындалып отыр.
Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімнің қалыптасуында, қосымша жұмыс орындары мен тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда балансының белсенділігінде маңызды роль атқарады. Туризм көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру және тағы басқа сияқты экономиканың негізгі салаларына ықпал етеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзінше бір катализаторы болып қызмет етеді.
Берілген дипломдық жұмыста біз Көкшетау–Бурабай аймағын курортты шаруашылықтың моделі ретінде қарастырамыз, сонымен қатар мұнда туризмнің дамуына қажетті болашақ жоспарлары қарастырылады.
Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қызыл әскер маршы)

Біз арыстан - еңбекшілер қыраны,
Біздің ұран - лениншілдер ұраны,
Қаны қара жауыздарды қүртамыз,
Қызыл әскер - езілгендер қорғаны.
Кеңес туын мәңгілікке қорғаймыз,
Жанып тұрған нажағайдан таймаймыз.
Тасты құмдай ұсатамыз қайратпен,
Аштық, тоқтың, барлығына.....
Өлеңдер
Толық
0 0