Сценарий: БЕЙБАРЫС пен КЕТБҰҒА

Бүгінгі Қазақстанның бір қаласындағы бір мектептің онбірінші сыныбында бір мұғалім апай сабақ жүргізіп отыр.
Мұғалім апай: Балалар, мен өзім шалғайдағы ауылдан көшіп келіп, осындай оқуға барлық жағдай жасалған мектепке орналасып, өздеріңдей кілең білімді балалар оқитын классқа сынып жетекшісі болғаныма қуанамын. Сіздер бірнеше тіл білесіздер, араларыңызда ғылыммен, өндіріспен, экономикамен, саясатпен, әлеуметтік және басқа да нақты мәселелермен айналысамын дейтіндер, өнертапқыштар, спортсмендер, ақындар, күйшілер, суретшілер бар, барлықтарыңыз таланттысыздар. Мұғалімдер Сіздерге өзіміздегі және шет мемлекеттердегі ең жақсы тәжірибелерді пайдалана отырып жан-жақты білім беруге тырысты. Енді бір-екі айда мектептіде бітіресіздер, бәріңіздің қалаған мамандықты таңдауға мүмкіндіктеріңіз бар, шетелге оқуға бара қалсаңыздар біздің еліміздегі білім деңгейінің жоғары екендігін дәлелдей жүріңіздер. Қазіргі жаһандану заманында ел мен ел қоян-қолтық араласып жатқан.....
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Қазақша реферат: Қоңырбайұлы Ағыбай (1802 - 1885)

Қоңырбайұлы Ағыбай (1802–1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері — Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80–90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы. Ағыбай батырдың шыққан тегі Орта......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Гүлмария Тұрысбекқызы | М.Дулатовтың Оян қазақ өлеңі мен А Байтұрсыновтың Маса өлеңіндегі идея үндестігі


XX ғасыр басындағы қазақ халқының азаттық күресінің басында тұрған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов тәрізді айбынды Алаш азаматтарының еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек еткені баршаға мәлім. Аталған ұлт зиялылары саяси қызметтерімен ғана емес, сондай-ақ өздерінің өлең-жырлары арқылы да қалың елді жайлаған қараңғылық бұлтын сейілтуге бар күштерін сала білді. Бұған М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А.Байтұрсыновтың «Маса» өлеңдері арқылы көз жеткізе аламыз.
Бұл екі шығарма авторының да негізгі айтар ойы- ұйқыдағы халықты оятып, оларды жаңаша өмірге, еркіндікке, елдікке баулу . М.Дулатов «Оян, қазақ!» өлеңінде:
«Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,
Қарағым, енді жату жарамас-ты.»,-деп, қазағының ешбір ойсыз, харекетсіз «қалғып» жүргенін, сөйтіп бәрінен құр қалғандығын ашына жырлайды. Өмірді босқа өткізбей, өзге елдер тәрізді жарыққа ұмтылуға шақырады.
Осы сынды А.Байтұрсынов өзінің «Маса» өлеңінде:
«Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қ .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жақсыбай Сарбалаұлы сырдың жыр жұлдызы


Осынау Сыр өңірі ырысы артып, ынтымағы жарасқан киелі мекен. Бұл өңірден бұлбұл дауысты әншілер де, аузы дуалы билер де, артына өшпес із қалдырған ақындар да, елге мәлім қоғам қайраткерлері де шыққан. Соның дәлелі ретінде Жақсыбай атамызды алсақ болады. Жақсыбай ата өнегелі өмірінде артына мол мұра қалдырған тіл жанашыры. Ол кісі бір мамандықпен шектеліп қалмаған. Жақсыбай ата -жергілікті ақын, дәрігер, мұғалім, тіл жанашыры.

Жақсыбай Сарбалаұлы 1942 жылыдың 20 қаңтарында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Таң ауылында үлкен отбасында дүниеге келген. Бала күнінде кітап оқуды жаны сүйген. Кешкілік ауыл үлкендері жиналып Жақсыбай атаға ауқымды шығармалар, әңгімелер оқытатын болған. Отбасылық жағдайына байланысты Таң ауылынан Жалағаш ауданына көшіп келеді. Жалағаш ауданындағы №123 мектепте білім алады .....
Әңгімелер
Толық
0 0