Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Жабайы жемістер мен жидектерді саңырауқұлақтарды өңдеу технологиялары

Жабайы жемістер мен жидектерді, саңырауқұлақтарды өңдеу технологиялары
Қоғамдық тамақтану үшін жабайы жемістер мен жидектерді, саңырауқұлақтарды өңдеу технологиялары, бұқтырылған қырыққабат, жидек сорпалары, көкөніс маринадтары, салаттар, тұздықтар, жартылай дүмбілдер - сорпалар, тұздық пасталары, заправкалар, томат қосылған көкөніс дәмтатымы, томат қосылған пассерленген сәбіз және т. б. консервілер шығарылады. Түскі тағамдар 1 - ші және 2 - ші болып бөлінеді.
Өндіру кезінде бөлек заправка мен шикізат дайындалып, араластырылады, соңында консервіленеді. .....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 6-сабақ Бала Абай (3 сынып, III тоқсан, 6 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 6-сабақ Бала Абай
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну.
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/
септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Мәтіндегі айтылған ойды түсініп, сұрақтарға жауап беру.
2. Мәтінді дұрыс оқу және жанрын ажырата білу.
3. Жіктік жалғауын дұрыс қолдану.
Оқушылардың барлығы: мәтінді оқиды, тыңдайды, мәтіннің мазмұнын түсінеді, жалғауларды дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: батаны мәнерлеп оқиды, сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін мазмұнын айтады, тиісті сөздерді ретімен қолданады.
Оқушылардың кейбірі: өлеңді орфоэпиялық нормаларды сақтай отырып мәнерлеп оқиды, сұхбаттасын түсініп, олардың жауаптарын толықтырып отырады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Абайды тану

Абайдың өмірі мен еңбектері турасында айтылатын тексеру, зерттеудің алдындағы кіріспе сөздің ендігі бір бөлімін Абайды тану деген жайға арнаймыз.

Абайды тану жұмысы көлемді, сан сапалы, ғылымдық жолмен тек Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін, жалпы советтік социалистік мәдениетіміздің зама-нында ғана молайды.

Бірақ, бұл сөздерге қарап, революциядан бұрын Абай жөнінде ешнәрсе жазылмады, айтылмады деуге болмайды. Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған. Бұл жөнде Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тарағанын еске алу керек.

Бірінші жолы — баспа арқылы тарауы; екіншісі — халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы; үшіншісі — қолжазба түрінде өр көлемді жинақтар боп, көшіріліп тарауы. Және осылайша ақын шығармаларының оқушы, тыңдаушы жұртшылыққа мәлім болуымен бірге, Абайдың өмірі мен ортасын, еңбектерінің әр алуан сипаттарын, өз шамасынша, көпшілікке мәлімдеп отырған үлкенді-кішілі танытқыш сөздерді, деректерді де еске алуымыз керек.

Бұл соңғы айтылған жайлар, жоғарыдағы ескертуіміз бойынша, Абайдың революциядан бұрын қаншалық танылғанын аңғартатын деректер болады.

Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу болғандықтан, алдымен революциядан бұрын Абайды баспа жүзінде танытқан еңбекке тоқайық. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Бурабай ұлттық табиғат паркінің ландшафттық ерекшеліктері

Тақырыптың өзектілігі: Бұл бітіру жұмысымның тақырыбын осылай алу себебім: жеріміздің әсем де, сұлу табиғатын, оның табиғат қорларын, ондағы казіргі өзекті экологиялық жай күйін жазғым кеді.
Орманды рекреациялық мақсатта қолдану орман биогеоценоздарының бұзылуына, әсіресе бұл демалушылардың көптеп жиналған аймағында (жағажай маңы, сауықтыру орталықтары, балалар лагері) анық байқалады. Орман экожүйесіне рекреацияның кері әсері көбнесе оның түріне байланысты.
И.Л.Трапидо рекреацияның орман биогеоценоздарына әсерінің түрлерін көрсеткен/1/:
- механикалық әсер:
а) таптау
б) зақымдау (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, алау жағу арқылы топырақты күйдіружануарларды үркіту, ағаштарды зақымдау)
- Келушілер әсері:
а) органикалық және органикалық емес заттармен (азық-түлік, қағаз, металл)
б) жаңа биологиялық түрлер тарату (әр түрлі өсімдіктер тұқымдары арқылы) ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту

Кіріспе
Абай Құнанбаев шығармашылығы,өмірбаян туған жер , өскен ортасы жайлы оқушылар орта сыныпта сабақ үстінде мәлімет алады. Ақынның өсіп келе жатқан жас буындардың күнделікті өміріне іс жүзінде қажетті аса құнды ой-тұжырымдарын бастауыш сыныптан бастап жас ерекшеліктеріне лайықтан танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылуда. Бастауыш мектепте қазақ тілі, ана тілі пәндеріне баса назар аударылады. Себебі ана тілі ерте меңгерілсе , басқа пәндерді де соғұрлым оңай және толық меңгереді. Ана тілі арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырумен бірге дүниетанымын қалыптастырып, өмірге бейімдейді.Ақын шығармашылығы мен өміріне қатысты бастауыш сыныптарда өткізілетін тақырыптар көп жағдайда педагогикалық жүйелілік бірізділік , сабақтастық секілді т.б қағидаларға сәйкес келе бермейді.
Міне осындай мәселелерді шешуге үлес қосу мақсатында осы дипломдық жұмысымызды арнап отырмыз.
1.1 Диплом жұмысының мақсаты:
Ана тілі, әдебиет пәні – қоғамтанудың басты құралдарының бірі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0