Ертегі: Момынбай мен жеті қарақшы

Ертеде өз еңбегімен дәулет құрған Момынбай деген кісі болған екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қарып-қасер, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол елде сонымен қатар дүниені құртқан, ұрлық-қарлық, зұлымдықпен аты шығып, жеті қарақшы атанған бір жеті қу болған екен. Күндерде бір күн бұл қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі: «Момынбай өз малын баққаннан басқа ешбір кәсіп қылмайды, сонда да оның дәулеті күннен-күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та дәулетіміз еш артпайды. Қой, не қылсақ та амалдап осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық», – деседі. Осылай уәде байласып жөні келсе алдап, жөні келмесе ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың азды-көпті дәулетін құртып, жоқ қылады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Мархабат Байғұтов «Алмастың ағашы» (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Тарау: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Мархабат Байғұтов «Алмастың ағашы»
Оқу мақсаттары: 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Шығармадан негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді анықтайды
Көпшілік оқушылар: Мәтіннен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді
Кейбір оқушылар: Мәтін мазмұнына сәйкес дереккөздерден ақпарат табады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Сәулет өнері»
Сабақ тақырыбы: № 59-сабақ Сөйлем мүшелерінің байланысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;
3.4.2.7 сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;
3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;
3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
-жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) мүшелерін ажыратады;
-сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;
-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді
Оқушылардың көбі:
-тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;
-сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажыратады;
-қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді
Оқушылардың кейбірі:
-сурет бойынша жасаған болжамын негіздей алады;
- сөйлем мүшелерінің байланысын таба алады.
-қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;
-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0