Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қордайдан өткенде)

Түн еді, жым-жырт еді, ыңсыз-шыңсыз,
Айтқандай айға әңгіме көкте жұлдыз.
Ақырын теңселеді биік таулар,
Төменде жерге сүңгіп құдиған құз.
Оппа нар жота-жота ақ қояндай,
Үйіліп кесе-кесе жатыр солай.
Жамылған қараңғыда......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Абай Құнанбаев (Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда? (М. Ю. Лермонтовтан))

Босқа әуре боп келдің бе тағы мұнда?
Хүкімші шалдар мәз боп отыр ма онда?
Антұрғандық қылығын алла ісі деп,
Нандырар қандай сопы, қандай молда?
Мені өлтірді-ақ, не пайда осыларға? .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Әңгіме: Шөмішбай Сариев | ХХ ғасырдың 60 70 жылдардағы қазақ лирикасының көркемдік ізденістері


1960-70 жылдар – Қазақтың қазіргі заман поэзиясына жаңа есімдерді алып келумен қатар, рухани және әлеуметтік өміріміздің, қоғамымыздың кезеңге лайық шындығын ашуда, поэтикалық формалар /түрді/ мен образды, бейнелеу құралдарын барынша терең тамырлы дамытуда, қазақ әдебиеті үшін жаңа бір күрделі кезең болды. Позиядағы айтарлықтай жаңа бір құбылысқа айналды. Ұлы М.Әуезов сөзімен айтқанда жыл келгендей жаңалық сездіре келген Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Қ.Мырзалиев, М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, М.Шаханов, т.б. ақындар әдебиет есігін өзіндік үнімен, өзіне лайық даусымен батыл еніп, еркін ашты.

Бұл арада 70 жылдан астам уақыт өз өктемдігін жүргізіп келген Кеңестік жүйенің әдебиетіміздің өсу процесіне кері ықпал тигізген әсерін айтып өтпеуге болмайды:

Біріншіден, бес ғасырлық ғұмыры бар қазақ әдебиетінің алтын қоры, бай қазынасы – фольклордың, ауыз әдебиетінің дәстүрі жалғасын таппай дағдарысқа ұшырады.

Екіншіден, Қазан төңкерісінен кейін, көп ұзамай: «Революцияны жақтайсың ба, жоқ оған қарсысың ба?» деген жалауды көтеріп, оған нақты жауап іздеді де, идеялық мазмұнына, әрі шығармашылығына қарай төрт топқа бөлінді.

Біріншісі – Кеңес үкіметіне сеніп, қолына қалам да, қару да алып күрескен Сәкен Сейфуллин, Баймағанбет Ізтөлин т.б. ақындар тобы. Екіншісі – бұл дүниенің болашағына барлай қарап, баянына үлкен ой көзімен қараған Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. ақындардың жұлдызды шоғыры. Үшіншісі – әдебиетке демократтық бағыт ұстаған нағыз бұқарашыл ақындар – Сәбит Дөнентаев, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров. Төртіншісі – еңбекші бұқара, халық арасынан шыққан ел ақындары – Жамбыл Жабаев, Иса Байзақов, Нұрпейіс Байғанин, Нартай Бекежанов т.б. тегеурінді талант иелері. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Біз – қазақпыз, биікпіз, байтақ елміз

Қаншама ауыр кезеңдерді бастан өткерген Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр... Алғаш Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған Керей мен Жәнібек бабаларымыз екені бәрімізге аян. Шу мен Таласқа дейінгі алқапты иелік етіп, Қозыбасыда ту тігіп, ең алғаш ханымызды да сол жерде ақ киізге отырғыздық. Жауларымыз сескенетіндей ел болдық. Кейін Әбілқайыр ханның бастауымен Ресей боданына айналдық.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының бірінші қарасөзі (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының бірінші қарасөзі
Сабақ мақсаты: Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0