Қаракөз Байжұмақызы Тілеубекова (Қарагөз Тлеубекова) - әнші, актриса Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында туылған. Әке-шешесі Алматы қаласында туып-өскен. Әкесі - Байжұма, ауылда гараж меңгерушісі болып қызмет атқарған. Анасы - Ақжолтай, ауылда шарап шығаратын зауытта қызмет істеген. Отбасында жеті ағайынды. Қаракөз - егіздің сыңары, егізінің есімі - Ботагөз. Театр актрисасы Гүлбаушан Тілеубекова үлкен әпкесі. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітірген. 1995 жылдан "Бауыржан-шоу" әзіл-сықақ театрының актрисасы. Қазақстан арнасындағы "Елім менің" теле-думанының тұрақты қатысушысы. Тұрмыс құрған. Жолдасы - тарихшы, заңгер, бизнесмен. Фильмография: 2009 - «Қызды қалай ұрлаймыз?» 2010 - «Ғашық жүрек немесе коктейль для звезды» (реж. А.Ұзабаев) 2011 - «Несиеге махаббат» (реж. С.Әбдіқалықов) 2011 - "Алып қашу операциясы" (реж. Сардор Расулов)....
Бір Малшы көлеңкеге келіп жатып, Қасқырдан иттеріне сеніп жатып, Үстінде көк шалғынның, самал жерде тырайып қалды сабаз ұйықтап қатып. Келеді қара жылан шағайын деп .....