"Жақсы сөз - жарым ырыс". Ғасырлар қойнауынан қаймағы бұзылмай келе жатқан ана тіліміз нақыл сөздерге бай. Бүгін біз сіздерге соның бір парасын ұсынамыз.
1. Өзіңе жағымсыз істі өзгеге істеме.
2. Ешқандай жақсылық зая кетпейді.
3. Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланың айырмасындай. Біріншісі шөпті сүтке айналдырады, екіншісі сүтті уға айналдырады.
4. Кімде-кім ашуға ашумен жауап қайтармаса, екеуін де – өзін де, өзгені де құтқарады.......
Гипотрофиясы бар балалардың тамақтануын,емін бақылау және күтімін ұйымдастыру.
Мақсаты:Баланың антропометриялық көрсеткіштерін қалпына келтіру,асқынуларын болдырмау. Медбикенің іс-әрекет жоспары Түсініктеме 1.Ауру жөнінде туыстарына хабарлау. - туыстары ол туралы білуге құқылы. 2.Баланың тамақ рационындағы ақуыз,май,көмірсуды реттеу-ді ұйымдастыру. - Гипотрофияның себебі- дұрыс тамақтанбау- балада ақуыз,май,көмірсу жетіспеу-шілігі дамиды. 3.Баланы қосымша сұйықтық енгізумен қамтамасыз ету. - Эксикоз дамуының алдын алады. 4.Гипотрофияның дәрежесіне байланысты та-мақ көлемін бірте-бірте көбейту. -Тағамды қорыту қиындайды. 5.Баланың күн тәртібін ұйымдастыру және қадағалау -Күн тәртібі уақытымен тағам қабылдауына көмектеседі,нәтижесінде тағам жақсы сіңеді. -уақтылы ұйқыны қалыптастырады,ол организмнің қорғаныс факторын жоғарылатады. 6. Балаға белсенді қозғалыс режимін ұйымдастыру. -Өкпеде іркіліс көріністері дамымайды. 7.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алуға байланысты шаралар жүргізу. - гипотрофия екіншілік иммунодефициттің дамуына байланысты қолайлы жағдай болып есептелінбейді 8.Туыстарын баланың жасына байланысты массаж,гимнастика жүргі- зуге үйрету. -Бұлшық ет гипотониясының дамуының алдын алады. -Массаж,гимнастика организмді нығайтады,иммунитеттің жоғарылауына көмектеседі. Рахит кезінде балаларды бақылау және күту.
Мақсаты:аурудың айқын клиникалық белгілерінің дамуына,қосалқы аурулардың дамуына жол бермеу.
Мейірбикенің іс-әрекет жоспары. Түсініктеме. 1.Туыстарына ауру жөнінде,мүмкін болатын асқынулары түрінде мәлімет беру. -Туыстары мәлімет алуға құқылы -Туыстары барлық жүргізілетін күтім шараларының мақсатын түсінеді. 2.Баланы толыққанды тамақтандыру,олардың құрамында міндетті түрде витаминге (әсіресе Д),кальцийге бай тағамдардың болуын қадағалау. -Рахит-бұл көп мөлшерде Д витамині жетіспейтін полигиповитаминоз. Бала организмінде кальцийдің төмендеуі байқалады. 3. баланың таза ауада ағаш көлеңкесінде ұзақ уақыт болуын қадағалау. -УКС әсерінен бала терісінде Д витаминінің түзілуі жүреді. -Ағаш көлеңкесі инфрақызыл сәулені ұстап қалады және баланы қызып кетуден сақтайды. 4. балаға күнделікті массаж бен гимнастиканың өткізілуін ұйымдастыру. -Рахит кезінде бұлшық ет гипотониясы байқалады. 5.Қосымша аурулардың қосылуының алдын алу. -Рахит қолайсыз преморбидті жағдай.....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі Сабақ тақырыбы:Кейіпкердің іс-әрекетін бағалау «Суды бақылаушының күмәні бар» А. Дитрих Г. Юрмин Оқу мақсаттары: • 3.2.6.1 кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау • 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру Сабақ мақсаттары: • Барлық оқушылар: кейіпкердің іс-әрекет мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды және иллюстрация нұсқасымен салыстыра алады Көптеген оқушылар: мәтіндегі кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты қөзқарасын білдіреді, бағалай алады.......
Ежелден халықтың медицинада тәжірибеден өткендіктен, сұлы арқылы дәрі-дәрмектің күші келмейтін көптеген сырқаттарды емдеп жазуға, адамды әлсіздіктен арылтуға, күш-қуатын арттыруға болатындығы анықталған. Біз ғылыми, медициналық, тарихи танымдық басылым, материалдарын, халық емшілерініғ ақыл-кеңестерін пайдалана отырып, сіздерге мынандай сұлы емдерін, диеталық дәмдерін ұсынып отырмыз. Шипалық нұсқауларды орындауда өзіңіздің дәрігеріңізбен ақылдасып қабылдауыңызды өтінеміз. Өйткені әркімнің табиғаты, ағзасының жағдайы, бойындағы жасырын. Белгілі дерттері әрқилы ғой. ......
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономи-калық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жүмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығі Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады. Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетгік борыштың аза-юында, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуыңда) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады. Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған: басқарудағы демократизм; қаржы мәселелеріне саяси тәсіддеме (көзқарас); басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтай-лы үйлесуі (үштасуы); басқарудың ғылымилығы; орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудагы келісушілік; басқарудағы жауапкершілік ....
Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін. Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды. ....
Маркетинг (ағылшынша: marketing — нарық, базар, өткізу, сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің, т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Маркетинг нарық дамуының жай күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға, көрсетілген қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады. Маркетинг сұранымды жан-жақты зерделеп, болжау, жарнаманы пайдалану, өндірісті ынталандыру, сақтау және тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін, тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін технологиялық және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу, өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық, қаржы, коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады. Маркетингтің мәні — экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі, психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни маркетиңг-тауарларды өндіру мен өткізу туралы ғылым. Оның негізгі мақсаты барынша көп пайда алумен бірге айырбас, тауарлардың тұтынушыға жеткізілуін тездету және өндірістік-коммерциялық қызметтің тиімділігін арттыру арқылы нарықтың (адамдардың, фирмалардың, кәсіпорындардың) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымын қанағаттандыру. ....
Әрбір елдің өткен-кеткенін саралап баға беретін тарихы болады.Қазақ тарихы да сан мыңдаған ғасырлардан тұрады.Оның әрбір жылы азаттықты аңсаған,күреске толы. Егер де арғы тарихымызға тоқталсақ төрт мың,бес мың жыл тереңге кетер едік.Ал мен, бергі тарихымыздан сыр шертсем деймін.Қазақ елі болып таныла бастауы 1456 жылы Керей мен Жәнібек хандардың “Қазақ хандығын” құруымен байланысты. Қазақтардың жоңғар шапқыншылығына,ұлт-азаттық көтеріліс және екінші дүниежүзілік соғыс кезеңдерін бастан кешірді.Содан кейін ғана 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өз салт-дәстүрін,мәдениетін,тілін.дінін дамытты. Қазіргі таңда президентіміздің салиқалы саясаты арқасында қазақ елін бүкіл әлем таниды..Бұның барлығы сан ғасырлардан бергі тарихымыздың жемісі болып табылады.......
Бухгалтерлік есеп шаруашылық – қаржылық қызмет пен шешім қабылдаушы адамдар арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Қаржылық – шаруашылық қызметін ол туралы мәліметтерді, келешекте пайдалану үшін тіркеу жолымен өлшейді, қажет уақытқа дейін сақтайды, одан кейін тиімді ақпарат алу үшін оларды өңдейді және есеп беру арқылы ақпараттарды оларды шешім қабылдау үшін пайдаланушыларға береді. Шаруашылық қызметі туралы мәлімет, бухгалтерлік есеп жүйесіне кіруді білдіреді, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы ақпарат одан шығу жолы болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп ақпараттары біз ойлағаннан гөрі айтарлықтай кең көлемде пайдаланылады. Пайдаланушылар әр түрлі адамдар санаты болуы, мысалы, инвестицияны жүзеге асыратын немесе несие беретіндер, бірлескен экономикалық әрекет иелері болуы мүмкін. Маңызды басқару шешімін қабылдарда бұл адамдар субъектінің қаржылық және басқа да есеп берулеріне сүйенеді. Ақпаратты пайдаланушылар мынадай топтарға бөлінеді: -субъектіні басқарушылар; - субъектіден тыс, бірақ тікелей қаржылық мүддесі барлар; - субъектіге жанама қаржылық мүдделілік білдіретін топтар мен агенттіктер. Субъектіні басқарушылар – олар банк қызметін басқаруда және банк алдында тұрған мақсаттарға жетуіне толық жауап беретін компания адамдары - әкімшілік. Банктің алдына қоятын мақсаттары жеткілікті, бірақ оның жетістіктерге жетуіне және қатаң бәсекелестік жағдайында төтеп беру қажеттігі әкімшілікті негізгі екі мақсатқа: яғни пайдалылық пен өтімділікті нығайтуға барлық күшін жұмылдыруын талап етеді. Тиімді жұмыс жасайтын менеджерлер бухгалтерлік есеп мәліметтеріне және олардың талдауын негізге ала отырып шешімдер қабылдайды. Сондықтан әкімшілік бухгалтерлік ақпаратты басты пайдаланушылардың бірі болып табылады. Менеджер бухгалтерлер алдына келесі сұрақтарды қояды: соңғы тоқсанда банктің таза пайдасының көлемі қандай; пайда нормасы иелерінің күткеніне лайық па; банктің ақша қаражаттары жеткілікті ме.....