Қазақша Анекдот: Түнде

Бір кұні түнде Қожа әйеліне:
- Әй, кемпір, тұр, менің ұйқым ашылмай тұрғанда көзілдірігімді алып бер, - дейді.
Кемпір түн ішінде көзілдірігінің неге....
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
109 -60

Қазақша шығарма: Ас атасы - нан

Қазақта «ас атасынан» деген сөз бар, яғни астың, дәмнің үлкені – нан. Бала ақ пен қараны ажыратып танымай тұрып-ақ оған оң қолына нан ұстауды, нанды баспауды, тастамауды үйретеді. Нан қасиетті. Адам кез келген тамақты екі күн жесе, ол қанша нәрлі болғанымен сол тамақтан жалығады. Ал бірақ адам баласы өмір бойы наннан шықпайды, наннан зерікпейді, жалықпайды. Дастарқаныңыздың үстінде күнде нан тұрмаса, көңіліңіз де, дастарқаныңыз да – орта, берекеңіз кетіп, дүние ойсырап тұрған секілді басқа тамақ көзіңізге....
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Қазақ деген халықтың баласымын...

Әр халықтың қазынасы, баға жетпес байлығы ол – ана тілі. Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ата-бабаларымыз сан жылдар арман еткен, аңсаумен өткен тәуелсіздігіміздің негізгі тірегі де – ұлттың тілі.Қазақстанымыз тәуелсіздік алғалы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болып, жыл өткен сайын қанатын кеңге жайып, өрістеп келеді. Оған Елбасымыздың өзі ерекше ықылас танытып, «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!», «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп, қазақ тілінің мемлекеттік қызметте де, өндірісте де, ғылымда да, білім беруде де тиісті дәрежеде қолданылуы үшін бар жағдайдың жасалуы қажеттігін қадап айтып келеді.Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, оның қолданылу....
Шығармалар
Толық
33 -18

Балабақша | Математикадан дидактикалық ойындар

Қарағанды қаласы,
№ 42 "Тілек" балабақшасының тәрбиешісі
Сакенова Калкен Сериковна

«Біреу және көп» дидактикалық ойыны № 1
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны № 2
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды....
KZ
Толық
3 -1

Қазақша Жұмбақ: Ойын - сауық, Музыкалық аспап

Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған.
Домбыра

Ағаш , темір, қағаз, желім,
Бұлардың басын қосқан көрдім жерін,
Шырқырап неше түрлі ән салады,
Ішіне толтырып ап барлық жемін.
Гармонь
Жұмбақтар жауабымен
Толық
120 -66

Мақал - мәтел: Әйел, қатын

Әйел боянса — бұзылады,
көп қиқандаса — ұрылады
(Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса — жеңіледі,
еркелесе — жеңеді
(Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса күші екі көзіне жетеді.
Мақал-мәтелдер
Толық
23 -12