Курстық жұмыс: Экономика | ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯДАҒЫ АҚША

Кіріспе
Ақшаның құн түрінің дамуы мынаны куәландыруды: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді.
Әр түрлі құн теориясы бар. Олардың бірі — еңбекті теориясы, қоғамдық абстракты еңбекпен ұстау және тауар құны мөлшерін анықтайды, өндірістеріне жұмсалғанына.
Ақшаның бірінші қызметі—құн өлшемі. Ақшаның көмегімен басқа барлық тауардың құнын көрсетуге болады. Осы қызметті ойша нағыз ақшалар атқарады. Кез келген тауардыңқұнын ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен ұсынымның әсерінен құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді. Тауардың айырбасталу кезеңінде құнның көрінісі төмендегідей түрге ие болады: алғашқысы жай немесе кездейсоқ, ол алғашқы қауымдық қоғамда бірінші ең ірі еңбек бөлінісінен соң, жалпы алғашқы қауым тайпасынан малшылар тайпасының бөлінуі арқылы пайда болды. Бір тайпалар малмен айналысса, ал екіншілері – жермен айналысты, сөйтіп өнімді айырбастау үшін экономикалық негіз пайда бола бастады. Мұндай айырбас алғашқыда кездейсоқ, бірегей сипатқа ие болды: (1 қойға = 1 қап астық) эквивалент......
Курстық жұмыстар
Толық
1 0

Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы

КIРIСПЕ
Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша қажеттілігі және экономикалық маңызы

Ақшаның адам өміріндегі орны қандай?
Ақша деген не?
Ақша – ол ерекше тауар, қоғамдағы эквивалент қызметін атқаратын және жалпыға бірдей балама, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.
Әрбір кәсіпкер өзінің жұмысында үнемі ақша бірлігімен қарым-қатынаста болады. Ақша тарихи категория, тауарлық өнім. Ол натуралдық шаруашылықтың тауарлық шаруашылыққа ауысу кезеңінде пайда болады. Осы ауысу кезеңінесебеп болған адамдардың шығарылған өнімдерінің артық болып, «айырбастау» процесінің шығуы. Айырбастау үшін өнім «тауарға» айналды. Сөйтіп натуралдық-өндірістік орнына тауарлы өндіріс келді.
Тарихи ақшаларға тауарлар жатады, бұл тауарлар күнделікті айырбастауда эквивалент болып келді: мал, тұз, шай, бидай, күріш, жүн, еңбек құралы, сәнді бұйымдар, бақалшақтар. Уақыт өте келе ақша қызметін металлдар атқарды.
Осы монеталардың пайда болуы –ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады. Металдар мыс, күміс, алтын түрінде болды. Орта ғасырларда қағаз ақша Қытайда алғашқы рет пайда болды.
Ақша бес түрлі қызмет атқарады:құн өлшемі, айналыс құралы, қор және жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады, бірақ ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Мынадай түрлері бар: метал ақша, қағаз ақша несие ақшалары.Ақша тауарлы өндіріске қызмет етеді, сондықтан ақшаның қызметінің нәтижесі және оның осы өндірістегі маңызы болады. Мемлекет өзінің кіріс шығысының бәрін ақшаға шағып, өзінің керегіне жарату үшін бюджетке тиісті түсімдер түіруі үшін ақша маңыздылығы мен қажеттілігі мол.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Тақпақ: Туған жер

Жаным менің жадырайды келсе мұнда,
Келмеске кетсе, мәңгі болса құлда.
Кетсем егер шалғайға,алысқа мен
Тартып тұрар туған жерде таста,құмда.
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

КIРIСПЕ
Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Н дыбысы мен әрпі

Білімділік: Н әрпін таныту. Н дыбысының сөздегі орнын айыра білу. Баспа және жазба түрлерін жазуға үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге, ойлауға, есте сақтау қабілеттеріне үйрену.
Тәрбиелік: Нанның пайдасы туралы, аурудың алдын алуға кеңес беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ - жауап, баяндау, Пән аралық байланыс.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті әліппе, интерактивті тақта.
Сабақтың көрнекілігі: Суретті әліппе,

І. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық
Жүрекке жылу салайық,
Жиналған жылы шуақты
Бір - бірімізге шашайық
- Рахмет балалар. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Көрікті қыс

Мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу.
Дамытушылық: Ұжым сурет салуға үйрету, балалардың шығармашылық
қасиеттерін сурет салуға деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезім - деріне тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: серуен - саяхат, ғажайып.
Көрнекілігі: қысқы орман көрінісі, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүртетін шүберек.

Блингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег.
Барысы: Қайырлы күн балалар!
Алтын күн, жер анаға өзіңсің
Мейірлі шуағын төгіп тұр,
Біздің де жан дүниемізге жарық
Сәулесін шашып тұр, кәне біз де бір - бірімізге өзіміздің жүрек жылуымызды сыйлайық.
Балалар: (Балалар дөңгелек жасап тұрады).....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: «Кондуктор» ойыны

Сабақтың мақсаты: Санау, әр түрлі сандардың қосындысынан бір сан құрау, ұлттық валютамыз теңгемен танысуды одан әрі жалғастыру.
Көрнекілік: Әр баланың алдында ұсақ, 1, 2, 5 теңгелік (қағаздан қиылған) салынған әмиян.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Салт - дәстүр

Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
Тақпақтар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы

1. Астана қаласы
2 Біздің Ту
3. Кім тапқыр (сайыс сабақ)
4. Қар қандай болады?
5. Тапқыр достар (сайыс сабақ)
6. Үй жануарлары

Қазақ тілі
Сыныбы: мектепалды даярлық
Сабақтың тақырыбы: «Біздің ту»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік - елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
2. Тәрбиелік - оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0