Балабақша сабақ жоспары: Асыл әжем ақ әжем ақ жаулықты дана әжем

Мақсаты: Балабақша мен ата - аналар арасында тығыз қарым - қатынас орнату, халқымыздың ұлттық мейрамы Наурыз мерекесін дәріптеу, ұлағатты дәстүрді құрметтеуге, аналар еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата - аналар, әріптестер! Адам үшін ең аяулы, ең қатерлі жан – ана. Бала дүниеге келген күннен бастап, өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы мен мейірімін, махаббатын бере білген аналар үшін елімізде бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол – 8 наурыз мерекесі.
Ана деген ыстық қой әрбір жанға
Теңеймін аналарды нұрлы жанға
Көктемгі мейрамдарыңыз құтты болсын!
Анадан артық адам бар ма, сірә!
Асылдай әжелерім қартаймашы
Таудан аққан бұлақтай сарқылмашы
Өздеріңді мәңгілік аялаймыз
Көк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.
Ардақты аналар, аяулы да қымбатты ақ жаулықты әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! Отбасыларыңызға құт - береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілейміз. Құрметті қауым! «Асыл әжем, ақ әжем, ақ жаулықты дана әжем!» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Наурыз тойын аңсап дәйім
Ата – бабам жырлап келген.
Той – думандар жалғассын деп
Той бастарды дәстүр еткен – дейді дана халқымыз. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ұлпа қарлар мерекесі

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, серуен – саяхат, өлең оқу. Сұрақ – жауап, қимылдық ойын, сергіту жаттығулары.
Керекті құралдар: Қысқы орман пейзажы, ұлпа қарлар кесетін ақ қағаз, қайшы.

Сабақтың барысы: Сәлемдесу
Қайырлы таң - Алтын күн,
Қайырлы таң - Көк аспан!
Қайырлы таң - апайлар!
Қайырлы таң - достарым!
 Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс
Тәрбиеші: Балалар, орманға барғыларың келе ма?
Балалар: Иә
Ендеше мен сиқырлы қалпағыммен шапанымды киіп алайын, соның көмегімен біз орманға саяхатқа шығамыз.
Қане, барлығымыз көзімізді жұмып 1, 2, 3 деп санайық. Міне балалар орманғада келіп жеттік. Орманнан не көріп тұрсыңдар?.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жайлауда

Тақырыбы: Жайлауда.
Мақсаты: Жайлау және оның орналасқан жері, ағаш үйдің құрылысымен таныстыру. Сурет бойынша әңгіме құрап өз ойын толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды білімділікке, сауаттылыққа баулу.
Ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: Туған жердің табиғатының сұлулығын сезінуге, оны аялап қорғауға, адамгершілікке, қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Жайлау суреті, киіз үйдің құрылысы, төрт түлік малдың және жабайы жануарлар суреттері, малдан алынатын өнімдер суреті.
Әдісі: Әңгімелеу, ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақтар, мадақтау.

1. Ұйымдастыру бөлімі.
- Қане, балалар, апайлармен сәлемдесіп алайық:
Балалар: Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме!- деп
Сәлемдесіп аламыз.
- Жарайсыңдар балалар. Бәріміз орнымызға отырайық.
Балалар күн жылынып көктем шыққанда малдар қайда шығады?
- Далаға, өріске, жайлауға шығады.
- Көктем шығысымен малдарды жайлауға бағады. Олар жайлауға киіз үй тігеді. Киіз үйдің құрылысына кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық жатады.
- Ал, балалар үй жануарларын маған кім атап береді?
- Түйе, жылқы, қой, сиыр, ешкі т. б.
- Балалар, бізге жайлаудан төрт түлік малдың бірі түйе келіп тұр екен. Бізге әкелген көптеген тапсырмалары бар екен.
1 - тапсырма: Суретке қарап әңгіме құрау, ат қою.(Жайлауда) .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ертегілер елінде Бауырсаққа көмек

Мақсаты: 1. Сауат ашу, математика, қоршаған орта пәндерінен жыл бойы алған білім, білік дағдыларын пысықтау, бекіту. Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар, көлеміндегі сандар, табиғат туралы алған білімдерін жалпылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.
2. Баланың тілін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды бақылау сабағы.
Әдіс - тәсілдері: Көркем сөз, сұрақ - жауап, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтеді.
Көрнекілігі: Сандар сәулесі, әліпби, ертегі кейіпкерлері, суреттер.
Дидактикалық ойындар: «Көршісін ата», «Ретімен орналастыр», «Орныңды тап», «Сөз қуаласпақ».
Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика, қоршаған орта......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мақтаншақ қоян ертегісі

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Міндеті: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Мықтылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: ой толғаныс, салыстыру, көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын.
Көрнекіліктер: қояндардың, иттердің, қарғаның бет перделері, іздердің суреттері
Сөздік жұмыс: қорқақ, сұр, қоңыр, ақ.
Билингвальды компонент: қоян - заяц, үй қояны - кролик, қарға - ворона

Барысы:
Шаттық шеңбері:
Күлімдеп күн бүгін
Қарады маған да
Күлімдеп күн бүгін
Қарады саған да
Шуағын төгіп нұр
Сәлем күн Ана! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ауылда Нұрғали Қадырбаев

Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ауыл өмірі туралы мағлұматтар алады және оларды естерінде сақтайды. Үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, үй жануарлары, үй құстары аудио – әңгіме, проектор, компьютер.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ассоциация әдісі әңгімелесу, триз әдісінің элементтері.
Сөздік жұмысы: қармақ, күбі, едәуір

Тәрбиешінің іс – әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, балалар!
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен.
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Отбасым – бақыт мекені

Бөлімі: Өзін – өзі тану
Мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: - отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
- отбасындағы өзара сыйластық қарым – қатынас дағдыларын дамыту;
- отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: отбасы – семья, ата – дедушка, әже – бабушка, аға – брат, апа – сестра. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Алғашқы қар

Күзде иіні жұтаған
Қыр көмілді ақ қарға.
Майыстырып бұтағын,
Ақ тон киді бақтар да.

Жылғалардан қақ көрдім,
Жатыр шеті шетілмей.
Дала жаңа дәптердің
Жазылмаған бетіндей.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстаз

Ұстаздарды ардақтап,
Сыйлайық біз оларды.
Бізге берген біліммен
Өрлейік біз шыңдарға.
Тақпақтар
Толық
0 0