Балабақша сабақ жоспары: 5 санының құрамы

Мақсаты: Көлемі бойынша заттарды салыстыруға жаттықтыру және ұзынырақ, қысқалау сөздерін қолдану.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,ойын арқылы.
Шаттық шеңбері: Армысың, алтын күн,
Армысың, асыл жер,
Армысың, жан досым.
Жылуыма, жылу қос,
Міне, менің қолым.
Мотивациялық кезеңі: Есік қағылып, хат әкеледі. Оның ішінде Мақта қыз, балалардан бес санының құрамын тауып берулерін сұрайды.
Іздену кезеңі: Балаларды бес санының құрамымен таныстыру үшін, оларды сандар әлеміне саяхатқа шақырады. Балаларды шеңбер бойымен поезд етіп, айналу.
1-ші аялдама:Бір саны- бір қой, бір қызанақ, бір Біржан, бір Мадина ...
2-ші аялдама:Екі саны- екі жылқы, екі саңырауқұлақ, екі Нұрай, екі Ерасыл...
3-ші аялдама: Үш саны-үш аю, үш сиыр, үш алма... .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Я Ю әріптерінің жазылуы

Сабақтың мақсаты. Я, Ю әріптері жазылуын еске түсіру. Й+у дыбыстарының орнына «Ю» й+а дыбыстарының орнына «Я» әрпі жазылатынын оқушылардың есіне түсіру, қайталау;
оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру;
Кездескен жаңа сөздердің мағынасын түсініп, дұрыс қолдана білуді үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушыларға сөздерді сөз құрамына талдау. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Баяндама: Жаңаша білім беруді оқу үрдісіне енгізу – ұстаз міндеті

Қазіргі заман жылдам әрі терең өзгерістермен ерекшеленеді. Білім беру
жүйесі ауқымды қоғамдық жүйенің бір саласы ретінде өмірде болып жатқан
жаңалықтарды есепке ала отырып өз құрылымын өзгертіп отыруы қажет.
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын,
әлеуметтік цивилизацияға.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Қош бол балалабақшам

Санжар мен Нұрсұлтан балық аулап ойнап жүріп қармақтарына сөмке түседі.
Нұрсұлтан: Санжар біздің қармағымызға не түсті қарашы
Санжар: Бұл сөмке ғой. Ішінде не екен қарайықшы
Нұрсұлтан: Мынау не кітап екен? Сен білесің бе?
Санжар: Нұрсұлтан, не болса да кітаптың пайдасы тиер. Апайлар: «Кітап деген – қазына» дейтін еді ғой
Екеуі: Алақай, алақай, алақай!
(Су патшасы балалар даусынан оянып, тіл қатады)
Су патшасы: Бұл не шу? Менің әлемімде не болып жатыр? Сендер кімсіңдер?
Балалар: Сәлеметсіз бе, сіз кімсіз?
Су патшасы: Мен су патшасымын
Балалар: Су патшасы сізден олай болса бір нәрсе сұрасақ бола ма? Мына кітаптың не кітап екенін біле аламай жатырмыз. Сіз білесіз бе?
Су патшасы: Е...е..е, бұл кітап адамзат баласының барлығының ең алғаш сауатын ашқан «Әліппе» кітабы ғой. Сендердің болашақтарың жарқын болайын деп тұр екен. Сендер енді мектепке барасыңдар, бұл кітаптың тиер пайдасы көп.
Санжар: Нұрсұлтан, олай болса біздікі не тұрыс? Қолымызда әліппе, одан да мектепке дайындалайық
Су патшасы: Талаптарың оң болсын, жолдарың болсын!
Нұрсұлтан: Айтқаныңыз келсін су патшасы, сау болыңыз!
(Сахна жабылады)
Балалар «Қоштасу вальсін» билейд .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Күнтізбелік жоспар

1. «Үй жақсыма? Бақша жақсы ма?»
2. Ә. Дүйсенбиев «Менің ойыншығым»
Тақырыбы «Күз»
1. Т. Молдағалиев «Өрік гүлдеп»
2. «Тәтті алма» Н. Құмар

«Жануарлар, құстар әлкмі»
1 О. Асқар «Мысықпен тілдесу»
2 «Мақтаншақ қоян» өзбек ертегісі
«Қыс келбеті»
1 К. Көпішов «Мұз айдыны»
2 Б. Данабеков «Қайырымды бала»
«Таң - ғажайып заттар»
1 Ш. Перро «Қызыл телпек» .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жыл басы - Наурыз

Мұғалім:
― Наурыз ― жыл басы, көктем мейрамы. Ел оған сағынып жетеді. Наурыз мерекесінде наурыз көже даярланады, дастархан жайылады. Халық бір - бірін мерекемен құттықтайды. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салынып, би биленеді. Әр түрлі ойындар ойналады.
Наурыз мейрамы күн мен түн тепе - теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егеді. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды.

1 - жүргізуші: Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт - дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек. (шашу )
Наурыз келсе, құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жолың болсын балдырған

«Жолың болсын, балдырған!» атты мектепалды даярлық тобының қоштасу кеші
Ханша: Қандай ғажайып әлем! (таң қалып қарайды) Біз қандай елге келдік, ақылшы періштем?
Періште: Бұл «№5 орта мектептің мектепалды даярлық тобының» балдырғандар елі.
Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады.
Ханша: Ой, қандай керемет әлем.

Періште: Көрдің бе сүйікті ханша менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай. Мен сізге уәде беріп едім ғой, егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп. Міне мен өз уәдемде тұрдым.
(Осы кезде Шайтан келеді) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Көктемгі қуаныш

Көктем келсе табиғат құлпырады,
Жүректерге ғажайып сыр тұнады.
Гүлге толып айнала күн жарқырап
Жанарларда қуаныш нұр тұрады.
Тақпақтар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Тіл - тірегіміз соғып тұрған жүрегіміз

Тақырыбы: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: плакаттар, слайд
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, көркем әдебиет, ән - күй
Әдіс - тәсілдер: аралас, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн екен. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар
келіп отыр. Олай болса, балалар, қонақтармен амандасып алайық.

Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату - тәтті доспыз. Қане, бір - бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.
Тәрбиеші: Ия, балалар, осындай жақсы көңіл - күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар. Олай болса ерекше күн деп есептеп, тақырыбымызды «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»,- деп бастайық. Мақсатым балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
І Ғажайып сәт. Есік қағылып, ішке шет мемлекеттен қонақ келді. Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті. Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Балалар, бұл қай мемлекет?
- Қазақстан Республикасы
- Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?
- Астана қаласы
- Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
- Ия, көмектесеміз......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0