Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қош келдің Наурызым

Мақсаты: Балаларды қазақтың салт - дәстүрімен, қазақ киімдерімен таныстыру.
Жүру барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, апайлар Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Бәріңізге жаңа жыл бақыт жылы, бейбіт жылы болсын!
Анель: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын Наурыз!
Бекарыс: Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Елорда - Астана

Мақсаты: Балаларға Астананың көрікті жерлерін атау, өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту. Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, бақылау, салыстыру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Астана көрінісі, Бәйтерек, үш бидің ескерткіші
Жаңа сөздер: Елорда, Есіл, парламент

Ұйымдастыру кезеңі.
Біздің туып - өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы.
- Иә, балалар, бүгінгі сабағымыз Елордамыз Астана туралы болмақ.
- Ал қанекей балалар Астана қаласына барғандарын бар ма?
Сендер Астанаға бардыңдар, сол жайлы айтып беріңдерші. Қане балалар кімде қандай сұрақ бар екен. /Астана қаласына барып қайтқан балаларға сұрақ қою/
Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз Астана қаласына саяхат жасайық. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Аналар-мәңгі жасасын

Жүргізуші:
- Аяулы біздің ата-аналап мен әжелер, Сіздерді Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Біздің сәбилеріміз сіздерге, аналарға деген ыстық лебіздері мен шексіз махаббатарын ән мен таппақ арқылы жолдамақ. Қабыл алыңыздар!
Армысыздар, аяулы аналар,
Армысыздар әжелер мен апалар!
Мерекемен құттықтайды сіздерді,
Шашу шашып, өнерімен балалар.
- Балалар сонда қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? (Күн жылынады,қар ериді, жер көктейді, бәйшешектер шығады,құстар қайтып келеді)
- Қазір қандай ай? (Наурыз)
- Сонда бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі)
- Балақайлар, аналардың бүгінгі мерекесіне жайындаған қандай сыйлықтарын бар? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Баяндама: Батырлар жыры

Мақсаты: Білімділік: Батырлар жырының мазмұны мен идеясын игерте отырып, жырды талдау арқылы жан-жақты ашу, меңгерту. Тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз отанын,туған елін сүйіп, қазақтың тарихи тұлғаларын біліп, құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: батырларға тән қасиеттерді талдата отырып, оқушылардың.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Есеп және аудит | Ақша қаражаттары есебі мен аудиті

Бухгалтерлік есеп жүйесі Қазақстан Республикасының экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күнде бухгалтерлік есеп басқару жүйесінедгі басты орынды алуда.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол әрине халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикалық тұрақты өсуіне әсер етеді.
Қаржы – несие институттары мен операциялардың қайта бағытталуына, кәсіпорындар өзара қатынас жүйесінің өзгеруіне байланысты бухгалтерлік есеп және есеп беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп, басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылғандықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есептің ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.
Бұл дипломдық жұмыс ғылым мен тәжірибеге сүйене отырып, бухгалтерлік есепті түсініп, оны игеруге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Әрбір тарау халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тәжірибесіне сәйкес келеді. Дипломдық жұмыс қолданыстағы заңдар мен нориативтік базаларға сәйкес жазылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Мен және менің отбасым

Сабақтың мақсаты:
1. Халқымыздың салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары жайлы білімдерін дамыту, ата-ана шығармашылығын ұштау, балалардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу.
2. Балабақшамен ата-ана бірлігін нығайту.
3. Отбасы–Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдыққа , мейірімділікке, ата-аналарының шексіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу...
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс айы

Кіріп келді қыс айы,

Көп күттік бұл айды.

Қыста жауар аппақ қар,

Ұшар шанада балалар.

Аспан аппақ жер тайғақ,

Жауар тағы қар аппақ.
Тақпақтар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Ойыншықтар қонақта

Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру. Ойыншықтарды сипаттауға үйрету. Қандай? сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету.
Дамытушылық: Балалардың тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ойыншықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үй макеті, қыс туралы суреттер, әр түрлі жануарлар, доптар, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: ойыншық
Қостілділік: доп – мяч, қоян – заяц.
Балалар топқа кіреді, қонақтармен амандасады.
Ұл – қыз сәлем береді,
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Сәлеметсіздер ме қонақтар?
Таңғы шеңбер.
Бала, бала, балапан,
Кәне қайсы алақан?
Саусақтарың айбат,
Былай, былай ойнат.
Топ – топ басайық,
Жалаудан күн жасайық, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Үй құстары

Сабақтың тақырыбы: Үй құстары (слайд)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың үй құстары туралы білімдерін тиянақтау. Оларды құстардың түрлерімен таныстыру.
2. Дамытушылық: үй құстарының өзіне тән қасиеттері туралы әңгімелеу және ойлау сөйлеу қабілеттерін дамыту. Әдемі, таза жазуға баулу.
3. Тәрбиелік: Отанын сүюге, аң құстарды қорғауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: саяхат сабақ, түсіндіру әңгімелеу.
Сабақтың түрі: “Мақта қыз бен мысық” еретігісі желісіндегі саяхат сабақ.
Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика
Көрнекілігі: Суреттері, “Мақта қыз бен мысық” еретегісіндегі кейіпкерлер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Ғажайып сәлемдесу:
Мұғалім: Оқушылар:
Мейірімді жүрекпен, Үлкенге де сіз,
Ақпейілді тілікпен, Кішіге де сіз.
Амандасып алайық Сәлем бердік сіздерге
Бір жадырап қалайық Құрметпенен біз .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Баяндама: Қазақстан тарихын оқытуда белсенді әдістерді қолдану жолдары

Тарих – бүкіл адам баласының бойынан өткізген жағдайын тарихи
тәжірбиесін баяндайды, тарихи білімді адам ғана өзі өмір сүрген қоғамдағы
орнын, атқарған қызметін дұрыс анықтай алады. Қазақстан
Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан тарихын оқып
үйренудің қажеттігі туралы: «Бұл тәуелсіз.......
Баяндамалар
Толық
0 0