Балабақша тәрбие сағаты: Қыс

Сабақтың мақсаты: Балаларға жыл мезгілдері туралы әңгімелеу, қыс мезгілі жайлы білімін қалыптастыру, сөздік қорын молайту. Сұрақтарға жауап бере білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Сурет бойынша әңгіме құрап, толық жеткізе білуге, жүйелі әңгімелеуге үйрету. Тіл байлықтарын молайтып, ойлау қабілеттерін арттыру. Балалардың тынымдық ұйымдастыру, құрастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Технология: Ойын технологиясы, «Тәй-тәй технологиясы», Мәселелік оқыту технологиясы.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, сергіту сәті, эксперемент көрсету.
Көрнекілігі: Қысқы суреттер, аққала, таратпа құралдар, қар.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Қыс

Аппақ қар да жауады,
Ақ мамыққа толады,
Аяз ата келеді,
Сыйлықтарын береді.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Әнші бала

Әнші бала ән салады бұлбұлдай
Айтты маған жәй дыбыспен сыбырлай
Ән айтамын ән айтамын жалықпай
Әндері оның неткен сұлу әсем-ай.
Тақпақтар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ф дыбысы және әрпі

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Сауат ашу
Тақырыбы: Ф дыбысы және әрпі
Мақсат - міндеттері: 1. Оқушыларды Ф әрпімен таныстыру. Оқушыларға Ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.
2. Сөздік қорларын дамыту.
3. Сауатты жазуға, еңбекті сүюге баулу.
Құралдар: әліппе - дәптер, Ф дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер, өтілетін тақырыпқа байланысты суреттер .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қ дыбысы мен әріпі

Дамытушылығы: Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды отан сүйгіштікке, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, буындар, ребустар, сөзжұмбақ. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Менің ойыншықтарым

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Менің ойыншықтарым
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ойыншықтарды мейірімділікпен және ұқыпты қарауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әртүрлі ойыншықтар.
Билингвальды құрағыш: Ойыншық – игрушка

Сабақтың барысы:
- Сәлеметсіздер ме балалар. Қайырлы таң. Бүгінгі күніміз көңілді, шуақты, cәтті өтсін.
Шаттық шеңбер:
Кішіге де сіз
Үлкенге де сіз
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз
Ойыншықпенен денеміз
Шынығамыз, өсеміз
Жылдан - жылға
Бір жылға
Үлкен болып өсеміз
- Балалар айтыңыздаршы қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілі.
- Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
- Үш айдан тұрады.
- Аттарын атайықшы.
- Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.
- Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай? Ауа - райы қандай болады?
- Қыс мезгілінде күн суық, аяз, боран, көк тайғақ болады, арасында қар жауады.
- Өте жақсы балалар.
- Ал енді балалар бос уақыттарыңызда не істейсіңдер үйде, балабақшада?
- Ойнаймыз.
- Немен ойнайсыңдар?
- Ойыншықтармен.
- Ия, дұрыс. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Төлдер айтысы

Оқу іс әрекетінің мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Ертегі мазмұнын түсіну, төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету. Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрсету.
Сөздік жұмыс: төрт түлік, төл.
Оқу іс - әрекетінің көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдерінің суреттері, аудиожазба.
Оқу іс әрекетінің барысы: Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сергіту сәті
Кел балалар күлейік,
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек
Көңілді боп жүрейік.
Тәрбиеші: - Балалар, ал аналарың сендерді қалай еркелетеді?
(Балалар аналарының өздерін қалай еркелететінін айтады.)
- Менің атым Гүлбағым, мені анам «қошақаным» деп еркелетеді.
- Менің атым Қайрат, мені атам «ботақаным» дейді.
- Менің атым Салтанат, маған анам «құлыншағым» дейді......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Баяндама: Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыны өзіндік әрекетке дайындау мүмкіндіктері

Әлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген. Бұл
негіздеме Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында жан-жақты
айқындалған: “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке
адамды қалыптастыруға және кәсіби.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жыл мезгілдері жаз күз

Білімділік: Жаз және күз мезгілдерінің белгілері бойынша түсініктерін қортындылау, жүйелеу; осы мезгілдерге тән табиғаттағы өзгерістер, өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістерді, күн мен түннің ұзақтығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын, өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту, монтессори технологиясын пайдалана отырып саусақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, салыстыру, пән аралық байланыс.
Сөздік жұмыс: тіршілік, егістік, шабындық
Билигвальді компонент: жыл мезгілдері – времена года, жаз – лето, күз – осень.
Көрнекі құралдар: жаз күз мезгілдерінің иллюстрациялық суреттері, жұмбақтар, жыл мезгілдеріне байланысты слайдтар.
Пәнаралық байланыс: қоршаған орта, сөйлеуді дамыту, шығармашылық.
Сабақ түрі: аралас, дәстүрлі емес.
Қолданылатын технология: монтессори. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Баяндама: Ақыл - ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту мәселелері

Адамзат күнделікті үлкені бар, кішісі бар, қарапайымы бар, күрделісі бар, көптеген істер атқарады.
Осы мүмкіндіктер оқушыларды дағдылы іс-әрекетке бағыттайды. Бірақ кейде міндетті ерекше жағдаймен шешуге тура келеді. Бұл жаңа міндеттер, оның шешімін өзінше шешу керек. Ол аса қиын болмаса да, оған шығармашылықпен қараған дұрыс. Ақыл-ойы кем балалардың шығармашылық мүмкіндіктері өте томен деңгейде болады. Сол себептен шығармашылық мүмкіндіктеріне дамытуға арналған арнайы әдіс-тәсілдерді қолданған.......
Баяндамалар
Толық
0 0