Балабақша сабақ жоспары: Тарихқа саяхат

Білім беру саласы: Шығармашылық
Білім бөлімі: Сурет салу
Апта тақырыбы: Тарихқа саяхат
Тақырыбы: Сәукеле
Мақсаты: Ұлттық баскиімдерді ажырата білуге; ою-өрнек элементтерін үшбұрышқа орналастыра білуге үйрету; көз мөлшерін дамыту; бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:сәукеленің суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар:сурет дәптері, гуашь, қылқалам, су, сүлгі, үнтаспа, баяу әуеніді күйтабақ, доп.
Сөздік жұмыс: сәукеле, әшекейле, өрнекте.

Қызмет кезеңі Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық
қозғаушы Педагог алдын ала жасалған көрмедегі ұлттық баскиімдерді балаларға көрсетіп, салыстырады.
Шеңберге тұрып балаларға доп тылақтырады; педагог жекеше түрде айтқан сөзге балалар сол сөздің көпше түрін айтып жауап береді (тақия-тақиялар, етік-етіктер).
Балалар ұлттық баскиімдерді естеріне түсіреді, әңгімелейді.

Ұйымдастырушы
ізденуші Қазақтың ұлттық киімдері туралы әңгімелеу. Балалардың анық сөйлеулерін қадағалау.
«Сырмақты әшекейле» дидактикалық ойын.
Балалардан үшбұрышқа ұқсас заттарды атауды сұрау.
Сәукеле туралы түсінік беру.
Ұлттық баскиім – сәукелені әшекейлеуді ұсыну (сәукелені қиіп дайындап беруіне болады)
Салыну жолдары:
Алдымен үшбұрыш сызып алынады, төмен жағына сызық жүргізіледі, төбесіне үкі салынады. Балалардың қалаулары бойынша ашық түстермен жұмыс жасалады. Дайын сәукелені жуан қылқаламмен боятып, сәл кепкеннен кейін жіңішке қылқаламның ұшымен әдемі ою-өрнектер салып өздері қалаған түспен әшекейлету.
«Қызғалдақ» және « толқын» өрнектерін салуды ұсыну. Балалар сұраққа толық жауап береді.
Киімдерді атайды, неден жасалғанын, қайда киетінін айтады


Балалар қылқаламдарын суға салып, ыдыстың шетіне сүртіп, бояумен қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды.
Қандай түспен, қылқаламмен қай жерін бояп жатқандарын айтады.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қоршаған ортамен танысу Үй жануарлары

Мақсаты: Балалардың мысық пен күшік жөнінде түсініктерін кеңейту, олардың тіршілігімен таныстыру. Тілін дамыту, антоним сөздерді пайдалану арқылы сөздік қорын тереңдету.
Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: көрсету, сұрақ - жауап, бақылау.
Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, слайд, маркерлер

1. Ұйымдастыру кезеңі, сәлемдесу.
Жылулық шеңбері.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн, балалар!
- Балалар үй жануарлары деп нелерді айтамыз?
- Кім оларды атап береді?
Бүгін біз сабақта мысық пен иттер туралы айтамыз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Сиқырлы жолдар

Сабақтың мақсаты: Балалардыңқарапайым математикалық ұғымдарын толықтыру, ұзын- қысқа заттарды, үлкен- кіші ,бір және көп деген ұғымдарды қалыптастыру. Геометриялық пішіндер , түстерді ажыратуға арналған ойын – жаттығулар арқылы қисын ойлау қаблеттерін дамыту.
Билингвальді компонент :Длинный – ұзын, короткий – қысқа.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Көңілді әндер Балдырғандар полькасы

Сабақты тақырыбы: Көңілді әндер «Балдырғандар полькасы»
Мақсаты: Оқушыларға тақырыпты меңгерту. Еркін сөйлеуге, өз ойын жеткізе білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға, есте сақтау, тыңдай білу, әнді дұрыс орындауға дағдыландыру. Балалардың музыкалық әсерін кеңейту, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Типі: жаңа сабақ
Көрнекі - құрал: суреттер. ямаха
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Музыкалық сәлемдесу, дауыс жаттығуы,
2. Мақсат қою:
Жаңа ән үйрену.
3. Жаңа сабақ:
Адам өмірінде әр түрлі жағдайларға байланысты оның көңілі өзгеріп тұрады. Оны бет әлпетінен көруге болады. Олар - көңілді, қуанышты, салтанатты. Немесе көңілсіз, мұңды, ашулы.
Ал осындай көңіл - күйді музыкадана тыңдап ажыратуға болады. Мысалы
Музыка тыңдау: «Сурок» Бетховен және «Домбырасыз сән қайда» әні
Салыстырамыз: көңілсіз әуен қалай ойналды? (мұңды, ақырын, жай)
Көңілді әуен қалай ойналды? (ойнақы, жеңіл, тез)
Осы екі түрлі музыканы түспен көрсет: Күңгірт, сары, жасыл, қызыл, сұрғылт,
Ән үйрену: «Балдырғандар полькасы». Әнді қолмен көрсетіп, қимыл әрекетпен орындап үйрену.
4. Түсінгенін тексеру.
1. Әнді сұр түспен орында.
2. Әнді сары түспен орында.
3. Әнді жасыл түспен орында.
4. Әнді рөлге бөлініп орында.
5. Қорытынды:
Көңіл - күй түстері туралы нет үсінгеніңді айт. «Бақа» әні қандай көңіл - күйде орындалуы керек деп ойлайсың?
Бағалау.
Үйге – әнді жатта, әр түрлі көңіл күйді көрсететін күлтелер жаса. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Баяндама: Жаһандану жағдайындағы гуманитарлық білім берудің тиімділігін арттыру жолдары

Барған сайын құлашын кеңге жайып, әлемді қаусыра қамтып келе жатқан
жаһандану үрдісі жаңа дәуірдің айқын сипаты болып отыр. Бұл үрдіс қоғам
дамуының заңдылықтарынан, өркениет интеграциялануының басым сипатынан,
білім беруді интернацаландыру мен әлемдік қауымдастық нысандарының өзара
ықпалдасу амалдарынан жылдан-жылға тереңдей.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Дос іздеген бота

«Дос іздеген бота»
«Әдістемелік әзірлеме»
Аннотация
Бұл ертегінің мән - мағынасы өте зор. Достық, бейбітшілікті ту еткен Қазақстан Республикамызда қаншама ұлт өкілдері өмір сүреді. Олардың бар мақсат - арманы бейбіт, тыныш, бақытты өмір. Сондықтан мен бұл халық ертегісінің кейіпкерлерін әр түрлі ұлттармен сабақтастырып, барлық ұлттардың бір отбасыдай тату - тәтті өмір сүретінін, болашағымыз тек қана бейбітшілік пен келісім екендігін, олар болса адамзаттың ең басты құндылығы екендігін көрсеткім келді.
Мақсаты: Ертегі көрініс арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу. Рөлдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу; көркем сөздерді мәнерлеп орындауға бағыттау, жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлық сезімін қалыптастыру. Ертегіге деген қызығушылығын арттыру арқылы сахнада өзін - өзі еркін ұстауға қалыптастыру.
Ертегінің кейіпкерлері:
Автор – Қазақ тілі мұғалімі .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Қош бол даярлығым

Мақсаты: Балаларды мектепалды даярлық тобынан шығарып сала отырып, оқу - білімге деген қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Ертеңгілік.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе сөз. (Музыка ойналып тұрады. )
- Құрметті ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бір жыл бойы мектепалды даярлық тобында тәрбиеленіп, білім нәрімен сусындап, оң, солын танып, білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық топпен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Бүлдіршіндерімізге сәт - сапар тілей отырып, «Қош бол, даярлығым!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық топпен қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
(Балалар ортаға шармен шығып билейді) .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Көктем келді, алақай!
Шаттанайық балақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Асыр салып ойнайық.
Тақпақтар
Толық
0 0