Балабақша сабақ жоспары: Біз көңілді балалар

Мақсаты: Дене шынықтыру жаттығуларына деген ызығушылықтарын дамыту.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Қажетті құралдар: Доп, қапшық, резенке есектер, арқан.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Жүргізуші: Балалар, сендердің естеріңде ме, ең алғаш балабақша табалдырығын аттағанда кіпкішкентай едіңдер. Ал, қазір сендер өсіп, денелеріңді шынықтырдыңдар, жылдамдыққа, шапшандыққа, шыдамдылыққа үйрендіңдер. Ендеше бүгінгі сабағымызға өзіміздің қандай мықты, алғыр, күшті екенімізді көрсетейік.
Бірақ жарысты бастамас бұрын денемізді жаттықтырып алайық (балалар жаттығу жасап болған соң екі қатарға тұрады).
Жүргізуші: Міне, денемізді жаттықтырып алдық, жарысқа дайынбыз ба?
Балалар: Иә, дайынбыз.
Командалардың сәлемдесуі.
Бірінші команданың капитаны Матаев Архат, команданың аты "Жас ұлан".
Біздің ұранымыз: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Тал бесігім туған жер,
Туған жердің ұрпағы, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Менің достарым


Тақырыбы: Достық неден басталады
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету.
Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу..
Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.

Шаттық шеңбер
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым!
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Балалар: Сәлеметсіз бе.
Балалар: Сәлеметсіз бе Сәуле? Мен сенің досыңмын.
Сәлеметсіз ба Жарас? Мен сенімен достасқым келеді.

Әңгімелесу
Тәрбиеші: Балалар біз «Өзін - өзі тану әлемінің» картасындағы екінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз. Бұл аялдамадағы суретке әңгіме құрастырады.
Балалар: Бұл суреттен бір - біріне қамқор, тату, адал достарды көріп тұрмыз.
Біз осы «Өзін - өзі тану әлемінің», « достық» аялдамасының дос, достық туралы біліп, бір - бірімізбен достасуды үйренеміз. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Тәуелсіз елдің көшбасшысы

Сабақтың мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Тұңғыш президент»мерекесі жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз,елбасы.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтел...
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жақсылықпен жаным дос

Сабақтың тақырыбы: Жақсылықпен жаным дос
Сабақтың мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Оқытудың мақсаты: Жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, сыни ойлауын дамытуға ықпал жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге және ой қорытуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа үйрету. Сонымен қатар оқушыларды адамгершілікке, жақсылыққа тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері: Оқушылар «жақсылық», «жақсылық жасау» туралы білімдерін кеңейтеді;
Жақсылық жасау іскерліктерін дамытады;
Мейірімді, қайырымды болуға тәрбиеленеді;
Топпен жұмыс барысында ойы толығады, әрекетті сыни бағалауды
үйренеді;
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.
2. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс
3. Шығармашылық жұмыс. Ой толғау
4. Сергіту сәті.
5. Топтық жұмыс. Топтастыру. Дәйексөз талдау. Дәптермен жұмыс
6. Қорытынды. Ой түйіндеу. Бағалау. Рефлексия. Кері байланыс.
1. Ұйымдастыру. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Шуақты көктем

Мақсаты: Музыканың жан - жақты ырғақтары туралы әңгімелеу, оларды ажырата білуді түсіндіру. Тіл байлығын молайту, әнге құштарлығын арттыру, ән арқылы ой - өрісін дамыту. Әнді сүйіп тыңдауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Көктем мезгілі бейнеленген, құстардың, талдардың суреттері
Сөздік жұмыс: көктем, жаңбыр, күн, сәулесі, бұлт, тал
Биллингвалдық компонент: көктем – весна, жаңбыр – дождь, күн – солнце, бұлт - облоко, тал – дерево

Мотивациялық қозғаушылық
Балалар музыка залына әдемі әуенмен кіреді.
- Балалар, бүгін көктемнің алғашқы күні!
- Күн жарқырап, күннің өзі бізді көктем мезгілімен құттықтап тұрғандай. Бүгінгі оқу қызметімізді әдемі бір өлең шумағымен бастағым келіп тұр:
Құлақтан кіріп бойды алар, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Әжелер отбасының берекесі

Жас ұрпаққа жасайтын тәрбиелеудің маңыздылығы қазақ халқы ерте түсінген.
Бала өмір жалғасы, халықтың мұрагері, әже тәрбиесінің бала өмірінде алатын орны ерекше әже тәрбиесін көрген бала болашақта ізетті, адам болып өсуіне күмән жоқ. Олай болса, балалар құрметті қонақтар мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырумен «Әжелер - отбасының берекесі» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Сайысты бастамас бұрын әділ – қазылар алқасын дайындап алайық.
Сайыс шарттары.
1. Таныстыру.
2. Өз өнері.
3. Сұрақ – жауап.
4. Салт - дәстүрден көрініс.
5. Қазақтың ұлттық асын дайындау.
Жүргізуші
Әжем менің жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем
Ақ таяққа сүйеніп
Аман – есен жүр әжем. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Мұғалім

Мұғалімдер күні бүгін,
Күні ұстаздардың шаттанған,
Шәкіртіне дем бергізген,
Жетелеген армандарға.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Әжеме

Ақжаулығың қолда,
Алаң болып жолда.
Күте–күте шаршадың ғой әже,
Қою қара шәйің.
Кәмпит пенен майың,
Жиналмаған дастарқаның әже.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Күшігім

Өзі адамға үйірсек,
Өліп-өшіп ойнайды.
Қиқуласып жүгірсек,
Қашып жүр деп ойлайды.

Қуып жетіп қалғанда,
Білмейді не істерін.
Балтырыңнан алғанда,
Батырмайды тістерін.
Тақпақтар
Толық
0 0