Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Туған тілім - ардағым туған жерім - шаңырағым

Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Туған тілім - ардағым, туған жерім - шаңырағым»
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту; зейінін тұрақтандыру; ойлау қабілетін дамыту; сөздік қорын байыту; байланыстыра сөйлеуін дамыту;
Білімділігі: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту, Отанын, туған жері туралы білу, құрметтеу
Тәрбиелік: Тілін, дінін, елін, жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге баулу
Көрнекілігі: Оқу іс - әрекетінің презентациясы, мақал - мәтелдер топ ішіндегі «Астанаға саяхат», Бәйтерек, Қазақстан Республикасының рәміздері ту, елтаңба, гимні, Қазақстан картасы,, Алтын адам, т. б.
Әдіс - тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, саяхат, ойындар .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Білім еліне саяхат

Тақырыбы: Білім еліне саяхат
Мақсаты: Сандар қатарын, санның құрамын табу. Қосу азайту амалдарын қолданып есеп шығару тәсілдерін тұрақтандыру.
Дамытушылығы: Ойлап, көріп тану, зейінін, тесте сақтау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, дербес іс әрекетке тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Өзін жеке тұлға ретінде сезініп берілген тапсырманы орындап, өз ойын, еркін айтуға жетелеу.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: сандар, карточка, фигуралар, эйлер шеңбері, графикалық диктант, кубик, пифокарта, фломастер.

Шаттық шеңберін құру
Біз талантты баламыз,
Оқып білім аламыз.
Апайларды көргенде
Иіліп сәлем береміз.
- Балалар, бүгін біз математика патшалығына саяхатқа барамыз. Бүгінгі біздің саяхатымыз ерекше болайын деп тұр. Қолымдағы сиқырлы таяқшаның көмегімен барамыз. Ал, енді көздеріңді жұмыңдар
Математика патшалығы.
Сәлеметсіңдер ме! Балалар. Міне, біз сендермен математика патшалығына тап болдық.
Математика Патшайымы: Кімде кім бұл жолдан өтіп әрі қарай математика патшалығының сарайын аралағысы келсе ең алдымен менің тапсырмамды орындауларың керек.
1 - тапсырма:
1 - ден 10 - ға дейін тура санау, 10 - нан 1 - ге дейін кері санау.
Карточкамен жұмыс .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Өзім жайлы

Жылап тұрсада жүрегім,
Білдірмей жаймен күлемін.
Анамды тосып әр күні,
Алаңдап менде жүремін.

Адасып қалдым байқаусыз,
Өмірге келген күні мен.
Сенемін әйтеуір бір күні,
Табады іздеп анашым.
Тақпақтар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Неліктен біз тісімізді тазалап қолымызды жуамыз

Сабақтың мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту. Қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділігі: Балаларды ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптастыру. Тіс туралы түсініктерін кеңейту, тістің ауыртқан жолдарымен таныстыру.
Дамытушылығы: Сабақ барысында сөздік қорын байыту, ой қабілеттерін дамыту. Өз беттерімен және бірігіп жұмыс істеуге қарым - қатынастарын қалыптастыру.
Тәрбиешілігі: Тісті күніне екі рет жуу. Таңертең, кешке. Әр адамның жеке тіс щеткасы болу қажет.
Түрі: Ашық сабақ.
Типі: Дамыта оқыту. Тәй - тәй бағдарламасы.
Қолданылған әдіс - тәсіл: ойын, сөздік, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, сызба арқылы.
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, ғажайып кезең, дәрумендер, дидактикалық ойын.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері
Дос бол сабын, сумен сен, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Тілегіміз бейбітшілік

Мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлармен, олардың ерлігімен таныстыру. Олардың ерен ерліктеріне еліктеушілік сезімдерін туғызу. Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Міндеті: Сөздік қорын молайту, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілік: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларының суреттері.
Белингвизм: М. Маметова, Ә. Молдағұлова, Б, Момышұлы, Т. Бигелдинов, Қ. Қайсенов, Р. Қошқарбаев.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тілек шеңберін ұйымдастырады.
Күн сәуле шашқаны үшін рахмет!
Бұлт жаңбыр сепкенің үшін рахмет! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Баяндама: Кембридж тәсілімен тізбектелген төрт сабаққа кіріктірілген «Сыни тұрғыдан үйрету» модулі туралы

Сыни тұрғыдан ойлау курсы батыстың білім жүйесінде ХХ ғасырдың 70 – жылдарында осы жүйеде туған дағдарысты жеңуге байланысты талаптан туған. Білім беру қызметін көрсету үшін күрес басталады. Бірте – бірте бұл күресте сыни тұрғыдан ойлау мен бейресми қисынға бағытталған жаңа білім беру парадигмасы алдыңғы орынға шықты.
Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұстазым

Мың алғыс ұстазым,
Мың алғыс мектебім.
Сен берген біліммен,
Бүр жардым көктедім.......
Тақпақтар
Толық
0 0