Қазақ тілін 40 жыл зерттеген профессор шала қазақтарды сынамауға шақырды

АҚШ-тағы Индиана университеті Орталық Еуразияны зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман 40 жыл бойы қазақ және өзбек тілдерін зерттей келе «шала қазақтарды» сынауға болмайды деген тұжырым жасады.

Бұл туралы «Мой городқа» сілтеме жасап, nur.kz хабарлады.

«Мен «шала қазақтар» деген ұғымнан хабардармын. Менің бірнеше «шала қазақ» достарым бар. Олар өз тілінде сөйлеуге тырысқан сайын, айналасындағылар саусағын шошайтып, сынға ала бастайды. Олар тығырыққа тірелген. Бір шетінен өз тілдерін үйренгісі келеді, екінші шетінен сол үшін көпшіліктің мазағына қалады. Ал мен, Америкадан келген профессор, қазақша қате сөйлеп бастасам, шала қазақ емес, керісінше, қазақша сайраған адам болып шығамын. Олай болмауы керек», — деп ағынан жарылды Фиерман сұхбатында.

Уильямның ойынша, мұндай «шала қазақтардың» қалыптасуына КСРО кезіндегі саяси қуғын-сүргін мен қазақ тілінің үш рет жазу емлесін ауыстыруы себеп болған.

«Репрессия — орыстандыру саясатының бір бөлігі болды. Бұдан бірінші кезекте....
Жаңалықтар
Толық
0 0

Ақша - ырымдар

✅ Дастарханның үстін қолмен сыпыруға болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әpi қиқымды қолға емес, ыдысқа салу қажет. Ұдайы жасап көpiңіз, әpi қаржылық жағдайыңыздағы өзгepicтi де бақылауды ұмытпаңыз.

✅ Күн батқаннан кейін ақша санамауға тырысыңыз. Егер санауға тура келсе бipeyгe жасатқаныңыз жөн.

✅ Егер ciз сатушы болсаңыз, ақшаны қолма-қол алып, ал қайтарарда үстел үстіне қойғаныңыз жөн.......
Кеңестер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Жабайы жануарлар

Оқу іс - әрекетін ұйымдастыруға арналған технологиялық карта
Тобы: №1 «Балапан» ІІ кіші топ
Тәрбиеші: Бағыбергенова Ш
Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Экология,
Бөлімдері: Тіл дамыту, ҚМТҚ, Қоршаған орта
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар»
Мақсаты: Әр аңның атын, балаларын ажыратып дұрыс атауға, жаттықтыру және олардың тіршілік ететін ортасы туралы түсініктерін бекіту. Жабайы аңдарға байланысты көрнекіліктер пайдалана отырып, балалардың ой – өрісін дамыту. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Іс - әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушы Балалар біздің балабақшамызға қонақ апайлар келіпті кәне амандасайық!
Балалар кеше сендерге орманға саяхатқа шығатыны алдын ала хабарладым ыңғайлы киімдеріңді киіп келіңдер деп. Жарайсыңдар киініп қол сөмкелеріңді әкеліпсіңдер. Ендеше кәне жолға шығайық. Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылсын!
Көкке шуақ шашылсын!
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті,
Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Саяхатқа шығатындарына қуанады)
Киімдерін жол сөмкелерінің дайын екендігін көрсетеді.
Іздену ұйымдастырушы Міне балалар орманға да келіп жеттік қараңдаршы орманда ағаштар көп екен. Орманда балалар нелер мекендейді? Дұрыс айтасыңдар балалар! Орманда міне әдемі саңырауқұлақтар да бар екен......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Сауат ашу

Қорытынды оқу іс - әрекеті.
Мақсаты: Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау. Дидактикалық ойындар барысында есте сақтау, көру, ой - қиялын, сезіну қабылдау жүйелі сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыра отырып, алған білімдерін тиянақтау.
Әдісі: Дидактикалық ойындар «Кім тапқыр», «Кім тапқыр», «Кім білгіш», «Жоғалған әріптер», «Буынға буын қос», сергіту сәті, әліппе әні, көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Слайд, ребус, карточкалар.
Түрі: Сайыс сабақ.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті:
Мотивациялық қозғаушы
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге қонақтар келді. Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Табиғат әлемі

Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, коршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Әдіс –тәсілдер: ТРИЗ әдісі, саяхат, әңгіме, түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауаптар.

Көрнекі – құралдар: АКТ, тақырып бойынша суреттер, видео – слайд, теледидар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

ҰОІӘ дайындық

Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендерді көргеніме өте куаныштымын. Ендеше бір-бірімізге деген жылы лебіздрімізді білдіріп таңғы шаттық шеңдерін жасайық.

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз



Сәлеметсізбе!

Біз де куаныштымыз



Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды даламыз

Жарқырайды қаламыз

Қайырлы таң достарым

Қайырлы таң бақшамыз .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Жасыл шырша жанында

Мақсаты:
Білімділік: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру.
Дамытушылық: Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру.
Тәрбиелеу: Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

Балалар көңілді әуен ырғағымен әсем безендірілген залға келіп кіреді.
Жүргізуші:
- Құрметті ата - аналар, балалар және әріптестер! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жыл сіздерге табыс, молшылық, жақсылық, қуаныш әкелсін!
Тәрбиелеп өсіріп отырған ұл - қыздарыңыздың дені сау, үлкен азамат болып өсе беруіне тілектеспіз. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

Мақсаты:
Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт –дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат-әрекетіне баулу, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадыңдамытып, әрекет үйлесінін жетілдіру.
Ойын барысы:
Алдаркөсе балаларды жайлауға шақырып, онда жігіттер жарысын өткізіп, ойындар ойнауға шақырады.
"Киіз үй" қимыл – қозғалыс ойыны, 6-7 жастағы мектепалды тобының балалары.
Балалар төрт командаға бөлінеді де, ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, орындықта орамал ілулі тұр. Орындық айна қасында музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады:
"Күннің көзі жарқырайды, көктем елі шақырады".
Басқа музыка шырқалады, балалар шашылып, әр түрлі би қимылдарын орындайды. Осы кезде ойыншықтар орнын ауыстырады. Музыка үзіледі, балалар өз ойыншықтарына жүгіріп келіп, киіз үй тігеді.
"Нысанаға түс"- "Таяқ-тастау", "Балапандар", "Арқан тарту" ойын-аттаркционы.
Мақсаты: Төзімшілікті, күшті, белсенділікті дамыту, өз әрекетін әріптесінің әрекетімен келістіру дағдысын меңгерту.
Эстафеталар: .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Белқопа

Туған ауылым Белқопа,
Астана ол елорда.
Белқопа орта мектебі.
Құстар әлемі көктегі.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Дос

Күнде бірге жүреміз,

Бірге ойнап күлеміз.

Бірімізге –біріміз

Көмектесіп жүреміз.
Тақпақтар
Толық
0 0