Өмір мынау қатар тосқан Жеңілі мен ауырын, Шуағы мен дауылын. Бүгін мына сенің туған күніңде Қандай тілек айтсам екен, бауырым? Саған байлық тілер ем мен, Бірақ ол бір....
Бүгін біз үшін көңіл аса алабұртқан күн. Көңіл – қызымыз теңін тапты, отауын тігіп жатыр деп, қуаныштан шалқиды, көңіл – әлпештеп өсірген қызымызды қимастықтан толқиды. Бұл – қыз ұзатқан әрбір ата-анаға тән, осында отырған талайыңыз бастан кешкен сезім. Осындай сәтте балаңның дүниеге келген кезінен бастап өмірде өткеннің бәрі кино сияқты көз алдыңа келеді екен. Дүниеге ұрпақ келді деп ата-аналарымыздан бастап бәріміз қуанғанымыз, Қызылордадағы туыстарға сүйінші.....
Өткен күннен алыс жоқ, Келер күннен жақын жоқ (қазақтың халық мақалы)
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш......
Жылқыға қатысты теңеу сөздер, даналық нақылдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер өте көп. «Ат - ер қанаты», «Жылқы - малдың патшасы», басқа да даналық нақылдарда жылқының қадір-қасиеті айтылған. Адамгершілігі мол, сабырлы да салмақты адамды «жылқы мінезді» деп дәріптеуінде үлкен мән бар. Ерте заманда тарпан мен түзат қазақ даласында кездескен. Қазақтың тарихи дастан....
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші - бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең....