Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалардың күнделікті өмірі мен тәрбие жұмысының циклограммасы

Дүйсенбі
«Әлеуметтік орта»
1. Мүсіндеу
Ермексаз әлемі
2. Орыс тілі
Я – это кто?
3. Дене шынықтыру
Спорт залымен, ҰОҚ - дағы қауіпсіздік техникасымен танысу
4. Музыка
Менің музыкалық әлемім
5. Өзін - өзі тану
«Өзін - өзі тану әлеміне» саяхат

Сейсенбі
05. 09
«Денсаулық»
1. Математика
Танысу. Не қайда орналасқан?
2. Дене шынықтыру
Денсаулықтың құпиясы
3. Орыс тілі
Мой автопортрет
4. Сурет салу
Мен сурет саламын!
5. Ойлан, тап!
Винни Пух. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Көгершін - бейбітшілік құсы

Сабақтың тақырыбы: Көгершін - бейбітшілік құсы
Жаңа ән: Ақ көгершін
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға бейбітшілік құсы туралы мағлұмат беру. Көгершін құсының түрлерімен таныстыру. Интернет арқылы бейнелі сюжеттер көрсету.
2. Дамытушылық: Оқушыларды музыкалық ырғақты сезіне білуге үйрету. Музыка тыңдау арқылы музыкалық сауаттарын ашу. Өнерге баулу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Баян аспабы, оқулық, дәптер, тақырыптық суреттер, үнтаспа, интернет жүйесі, интерактивті тақта, қағаздан қиылған көгершін қиындысы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (амандасу, оқушыларды түгендеу)
2. Үй тапсырмасын сұрау
- Балалар, өткен сабағымызда қазақтың халық музыкасының орыс композиторлар шығармаларындағы орны тақырыбымен танысқан болатынбыз. Олай болса менің сұрағыма жауап беріңдер.
- Орыс композиторларының қазақ шығармаларындағы алатын орны қандай?
- А. В. Затаевич қай жылы, қай жерде дүниеге келген? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Арайлы алтын күз

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. Күз айларының халыққа молшылық алып келетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Балаларды бір – біріне сыйластықты, ауызбіршілікті болуға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту.

Көрнекіліктер: Жапырақтар, жемістер, көкөністер маскалары, шарлар, гүлдер, жемістер.

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы сіздерді бүгінгі өлкеміздің «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге әрқашан осы күз мезгіліндей молшылық тілейміз!
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін алыпты.
Ақ үзіктер жауыпты.

Сахнаға күз ханшайымы келеді(қолында жеміске толы себет, үстінде толы сары жапырақ, басында жеміс тағылған шляпа)
Сәлеметсіңдер ме балалар, ата - аналар, ұстаздар! Мен мына жақтан өтіп бара жатқан едім. Сендердің дауыстарыңды есітіп келдім. Мен жалғыз емеспін, қасымда менің туыстарым да бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша. Сендер бұлар туралы жақсы білетін шығарсыңдар......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Туған жер

Туған жер мақтан етерім,
Шежіре тұнған мекенім.
Өзің жайлы сөз болса,
Бақыттан тасып кетемін.
Осындай елім тұрғанда,
Мақтанумен өтермін.
Тақпақтар
Толық
0 0

Тақпақ: Жеті мүшел

Он үште отау иесі,
Бірінші мүшел – балалық,
Екінші мүшел – жиырма бес,
Майданға кірер қол алып.....
Тақпақтар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: ГҮЛДЕРДІ СУҒАРУ

Мақсаты: Бақша гүлдері мен бөлме гүлдерін ажырата білуге меңгерту. Гүлдерге деген қамқорлық қарым-қатынасын дамыту. Балаларды табиғатқа қамқорлық көрсетуге және аялай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: бақша гүлдері, бөлме гүлдерінің суреттері. Сөздік жұмыс: раушан, бөртегүл, қалампыр, геран. Билингвизм сыңары: гүлдер-цветы. Алдын-ала жасалатын жұмыстар: су құйғыш, тас, құм, топырақ, су, гүлдің көшеті.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Армысың, мейірімді – Аспан ата, Армысың, қайыпымды – Жер ана, Армысың, шұғылалы-Нұрлы күн. Армысың, балабақша- дос жаран. Балалар қимыл қозғалыспен шаттана жасайды. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Көктем

Бақшаларға гүл егіп,

Жемістерді тереміз.

Дала жасыл түске еніп,

Көктем мезгілі келіпті.
Тақпақтар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Елордасы - Астана

Мақсаты: мектепалды даярлық топ балаларының тіл дамытудан білімдерін, дағдыларын бекіту.
Міндеті:
- Республикамыздың қалай аталатыны қазіргі орталығы бас қаласы туралы мағлұмат беруді жалғастыру.
- Өлеңді мәнерлеп оқуға, ойларын жүйелі жеткізуге баулу;
- Астанадағы әсем көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.
- өз еліне деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: Астана қаласының көрікті жерлерінің суреттері, бейнетаспа.
Жаңа сөздер: Елорда, Бәйтерек, барыс, өкімет үйі.

1. Кіріспе бөлім.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
- Елордамыз - Астана қаласы.

2. Негізгі бөлім.
а) Е. Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін педагог мәнерлеп оқиды.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның,
Мақтанышым - Астанам.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Кім Астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар? (Балалардың жауаптары тыңдалады). .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Тақпақ: Аю

Тоңпан–тоңпан жүретін
Аю үлкен жануар
Балды жақсы көретін
Аю деген жануар.
Тақпақтар
Толық
0 0