МәлікҒабдуллин - 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы ҚазПИдің тіләдебиет факультетін бітірген. «Пионер» газеті жауапты редакторының орынбасары, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болып істеген. 1938–1941 жж. ҚазПИдің аспирантурасында оқыды.
Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28 гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастанаяқ қатысты. 1автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі.....
Барақ хан - Алтын Орда ханы, Орыс ханның немересі, Құйыршық ханның ұлы. Шамамен XIVғасырдың 2-жартысында дүниеге келіп, 1428 жылы қайтыс болған. 1419–1422 жылдары Ұлықпектің көмегімен Шығыс Дешті Қыпшақта (Ақ Орда) билік басына келеді. 1422 жылы Еділдің бойында Алтын Орда әскерін жеңіп, таққа отырады. 1426 жылы Ұлығ Мұхаммед ханнан жеңіліп, тағынан айырылады да, Ноғай Ордасының мырзасы Мансұр бимен одақ......
Қаратай Нұралыұлы (1772 – 8.7.1826, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Шідерті өзенінің бойы) — сұлтан, Кіші жүздің байұлы руының билеушісі. Әбілқайырдың немересі, Нұралы ханның баласы. Жасынан Кіші жүздегі тарихи оқиғаларға белсене араласқан. 1797 жылы тамызда Айшуақпен хандыққа таласқан. Бірақ патша үкіметі Қаратайдың беделінен қауіптеніп, нәтижесінде Айшуақ, кейін оның баласы Жантөре хан сайланады. Есім хан .....
Абу Ибрахим Ысқақ әль-Фараби (туған жылы белгісіз – 951 ж.) — ағартушы ғалым, әдебиетші, тілші, мұғалім. Әбу Насыр әль-Фарабидің замандасы. Қазіргі оңтүстік Қазақстан облысының аймағында орналасқан ежелгі қала Фарабта (Отырар) туған. Бала кезінде туған ауылында сауатын ашып, содан кейін білім қуып араб......
Тәрбиеші: Гүлсан Науановна Бостанбаева, Абай бөлімшесі, Абай БМ жанындағы шағын орталық Тақырыбы: Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер. (Ән ұран орындалады.) Жүргізуші: Бірлік пен ынтымағы халықтың - Көгімізде жарасқан жарық күн! Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың, Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! - дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз. Жүргізуші: Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып тойланды. Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі. («Елім менің» атты ән орындалады) Оқушылар әр ұлттың киімдерін киіп, шеруге шығады. (Монтаж).....