Өлең: Өтірік өлең (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім жалғыз өзім соның бәрін.
Жүк қылып қара нарға артып едім,
Орнынан тұра алмады жануарым.

Басына қарағайдың көл тұрыпты,
Айтпаймын айт десеңде өтірікті.
Айтайын өтірікті ебін тауып,
Қан қылды бір санымды тышқан қауып. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Гауһар қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Той базар, таулай базар тойлай келдім,
Қолға алып алтын сақа ойнай келдім-ай.
Бұл тойда тамырым да танысым жоқ,
Өзіңмен айтыссам деп ойлап келдім.

Әсем көмей бұлбұл-ай,
Ән еркесі дүлдүл-ай.
Ахау Гауһар қыз,
Алма мойын қоңырқаз-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Биссимиллә деп бастайын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимиллә деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Кешегі жүрген жәйлы әкем,
Жоқтаусыз қайтып тастайын.
Ажал шіркін жеткенде,
Айрылдық жұртым панадан.
Опасыз сұм қара жер,
Жан біткенді жалмаған.
Дүние салды жәйлі әкем,
Іштен жалын қайнаған.
Халқына арнап өмірін,
Елінің қамын ойлаған.
Баяны жоқ дүние-ай,
Пендесі жоқ өлмейтін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Естірту, тоқтау, көңіл айту (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аққу ұшып көлге кетті,
Ақ сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ,
Бәріміз баратын жерге кетті.
Арғымақтың тұяғы
Тасты басса, кетілер,
Сазды басса, жетілер.
Тозбасты ұста соқпас,
Өлместі құдай жаратпас.
Өлмейтін өмір жоқ,
Сынбайтын темір жоқ.
Өлмесе, ата-бабаларымыздың....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әлди, әлди (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әлди, әлди, әл бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.

Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүнді кепешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Әдемі қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ көйлек, қызыл бешпет, әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдем-ау, әлегіміз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.

Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, барымсың.
Дариға мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың......
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи дәстүрдің дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А XIХ-XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың XIX ғ. соңы– XX ғ. басындағы ауызша тарихи
дәстүрдің дамуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.3.4 – Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау
Сабақ мақсаттары: Ш. Құдайбердіұлы, М. Көпейұлы және Қ. Халидтің тарихи дерек негізінде жазылған шығармаларының мазмұны мен мәнін зерттеу...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Шәпибай-ау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дегенде Шәпибай-ау, Шәпибай-ау,
Атымды талға байлап, келдім жаяу.
Атымды талға байлап келсем жаяу,
Шәпи қыз отыр екен ұйқылы ояу.

[Қайырмасы]
Ахоу, қайран жар ай, (3)
Пай-пай-пай!
Бөде үй, бөде үй,
Арман-ай!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Сусамыр – елдің жайлауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын, қарағым, хал жақсы ма,
Сала берме көзіңді әр жақсыға.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.


Сала берсең көзіңді әр жақсыға,
Бәрі жақсы көрінер алғашқыда.


[Қайырмасы]
Сусамыр, елдің жайлауы,
Өмірдің бар ма байлауы.....
Өлеңдер
Толық
0 0