Реферат: Экономика | Ақау ысырап және тауарлы материалдық қор қалдықтарының есептері

Ақау көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда маңызды мәселелердің бірі әрі ол басқарушылық жоспарлау мен шығынды бақылаудың ең өткір проблемасы болып табылады.
Шоттардың Типтік жоспарын енгізумен бірге және 52 «Өндірістегі ақау» шотының ішкі бөлімшесін жоюда көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда маңызды болып қалатын бухгалтерлік есеп шотында оның көріну проблемасы пайда болды. Компанияны басқару үшін әлде қайда экономикалық өндірістік процесс және осыған сәйкес бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде өндірілетің өнімде аққау жібермеуді бақылау аса қажет. Ақау белгіленген шектен аспауы керек. Ұйым өнімнің сапасын жақсартуға барынша күш салуы керек, бұл өз кезегінде жалпы шығындарды азайтып, өнімнің өткізілуін жоғарылатады.
Ақау әдетте өнім өндірісіаяқталғаннан кейін көзге түседі (байқалады), оған да сапалы өнімді жасауға кеткен еңбекпен бірдей еңбек күші шығындалады. Алайда, тиімді еңбек өндірісінде жұмысшы материалдарының сапасыздығынан, аспаптардың тозуынан өндірістің қордалы проблемасын құрайтын ақауы бар өнімдерді шығарады.
Ақауға стандартпен белгіленген сапаға, техникалық жағдайға немесе жобалық шешіммен сәйкес келмейтін, нақты (тікелей) тағайындауы бойынша пайдалануға жарамайтын, пайдаланса да оны түзеткеннен кейін ғана жарамды бұйым жатады.
Әлдеқайда экономикалық өндірістік процестің өнімділігін тудырған соң ұйым басшылығы қалыпты деп аталатын ақау нормасын белгілеу керек, яғни ақау нормасын кондициялық (сапалық) өндірістегі шығынның бір бөлігі ретінде қабылдауға басшылық келісті болуы қажет. Бұл ақау өндірістік технологиядан пайда болады. әрі оны болдырмау мүмкін емес, өйткені ол есептік кезенде бақылауға көнбейді.
Ақау – кондициялық емес, яғни ақау деп танылатын сапасыз өнім бірлігі және мүмкін баға бойынша сатылып кетуі де ықтимал. Өңделуі аяқталғаннан кейін ақау деп бөлек немесе толық танылуы мүмкін. Ақау деп танылған бұйымның таза құны бөлінген шығындардың жалпы сомасына (өңдеу сәтіне дейінгі қосу (плюс) істен шығу алу (минус) өткізудің мүмкін құны бойынша шығын) тең.
Ақау – бұл өндірісте пайда болатын өндірілмейтін шығындар. Ол өнімнің шығарылымын кемітіп, оның өзіндік құның артырады.
Ақаудан басқа өндірісте ысырап та болуы мүмкін. Мысалы, бастапқы материалдар шығын кезінде (на выходе) өнімнің бір бөлігі болмайды, жоғалады, буланады, құрғаққа ұрынады немесе экономикалық құны жоқ тұнбаға (шөгіндіге) айналады. (1)
Қалдық – бұл өнімнің бір бөлігі болып табылмаса да белгілі бір құны бар материалдар. Оларды сатуға немесе қайталап пайдалануға болады (яғни өңдеу өнеркәсібіндегі жаңқалар (жоңқа) мен ағаш тақтайлары; металл өңдеу саласындағы құймалар мен болат балқыту).
Ақау, әдетте оның сапасын тексеру кезінде өнім өндірісі аяқталған кезенде пайда болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ауада Архимед күші қалай орындалады? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Ауада Архимед күші қалай орындалады?
Оқу мақсаты: Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;
судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Суда жүзген адамға қандай күштер әсер ететіндігін білу;
Оқушылардың көбі:
Әуеде ұшатын апппаратттардың атын білу;
Неліктен суреттегі шардың бірі жоғары көтерілетіндігін, ал екіншісі төмен түсетіндігін білу;
Оқушылардың кейбірі:
Демонстрация арқылы көрсетілген зерттеу жұмысын қорытындылай алу;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алу;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.3.1 Адамдардың табиғи жағдайларға байланысты орналасуын түсіндіру (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
3.2.2.2 ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• катаклизм ұғымын түсінідіре алады;
• ауа райы мен климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін түсіндіре алады;
• ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Эссе: Қазақ тілі саласындағы функционалдық сауаттылықтың білім берудегі маңыздылығы

Функционалды сауаттылық- бұл тұлғаның әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметіне белсене араласуы,яғни,өз мамандығына,жасына қарамастан заман ағымына ілесе отырып,білімін арттыра түсу.

Қазіргі таңда мен 8 сынып оқушысымын.Алайда,ертеңгі күннің болашағының негізі боламын.Ал сол ертеңгі болашаққа білім берудегі,функционалдық сауаттылық дағдысының пайдасы мен кем тұстарын айта отырып,кемшілікті түзеу мақсатында ұсыныстарымды білдіретін боламын.

Өмірге деген үлкен жолды салып беретін мектептің білім берудегі маңызы зор.Ал сол білім ошағының қазіргі сәттегі жағдайы мен берер тәрбиесі қандай?

Заман талабы бойынша біздің оқып жатқан оқулығымыз бен алып отырған біліміміз функционалды сауаттылыққа негізделеді.Мұндай оқу түрі менің жаныма жағады.Себебі,кезінде тек теориялық негіздермен жұмыс істесек,қазір практикамен жұмыс істей отырып,оқулықта берілген оқылым,айтылым,жазылым дағдылары бойынша өз пікірімізді ашық жеткізе алып,сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға бейімделудеміз.Ал мұның керегі не?Не мақсатпен жасалып отыр деген сұрақ әркімнің көкейін түсуде.Менің ойымша,бұл оқу дағдысы баланың ортамен тілдесе алуы мен қазақтың тарихын жан-жақты түсіндіріп,өзге де білім салаларымен байланыстыра отырып,мамандық таңдауға өз үлесін қосады.Оның үстіне бала өзінің ойын ашық түрде айта алып,бір-бәрімізді критерий бойынша бағалап,әркімнің пікірі өзінше құндылыққа ие бола алады.Әйтсе де әрбір кереметтің бір кем тұсы болуы хақ......
Эсселер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Тауарлы-ақшалай қатынастар

Кіріспе
Қаржы қоғамның өндірістік қатынастарының 1 бөлігі. Қаржы қоғамдық өнімді бөлу және содан кейін қалыптасатын ақша түріндегі қорланудың, қаражаттың қалыптасуын, олардың өндірісті кеңейту мақсатында қоғам мен әлеуметтік кәсіби топтардың, сондай – ақ жеке тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыруды зерттейді.
«Финанс» термині алғаш рет 13 – 15 ғғ Италияның сауда қалаларында қалыптасқан. Алғашқы мағынасы «төлем ақы» деген ағымды білдірген. Кейін келе бұл термин халықарлық деңгейде таралып, мемлекеттің ақшалай қаражат қорларының қалыптасуына орай мемлекет пен тұрғындар арасындағы қатынастар жүйесі есебінде қолданыла бастады. «Финанс» терминін алғаш рет француз ғалымы Ж.Боден 1577ж өзінің республика туралы «6 кітап» еңбегінде алғаш рет қолданды. Қаржыны ерекшелейтін негізгі белгілері: Екі субъект арасындағы ақшалай қатынастарды білдіреді.
Осы қатынастар процесінде субъектілер әртүрлі құқықтарды иеленеді. Мемлекет ерекше өкілеттікті иеленеді.
Осы қатынастар процесінде жалпы мемлекеттік ақшалай қаражат қорларын мемлекеттік бюджет қалыптастырды.
Бюджетке тұрақты түрде түсімді қамтамасыз ету мемлекеттің күштеу сипатындағы міндетті салықтар және алымдар формасында жүзеге асырылды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: 21 ғасыр апат дерті діни сауатты жастарда

Қазіргі кезде ақпарат құралдары да, көптеген саясаткерлер терроризмді XXI ғасырдың апаты деп бағалауда. Бірақ оның белең алуына байланысты туындаған ой шығар. Ал шын мәнінде оның түпкі тамыры ж тереңде жатыр. Қазақстан президенті Н.Назарбаев "Терроризмнің айдаһары қашан да болған және өз қарсыластарына ұдайы арамзалықпен соққы беріп отырған. Алайда дәл қазіргідей ашық та ауқымды болып көрген емес. Халықаралық терроризм осы уақытқа дейін болған және қазіргі бар ғаламдық өңірлік қауіпсіздіктің бәрін торпедалап бітті."-дейді.(1)

Терроризмнің тамыры тереңде жатыр. Бірақ оның "гүлдену" дәуірі өткен XX ғасырдың басталған еді. Оның дәлелдері 1972 жылы 5-маусымда АҚШ-тың Лос-Анджелес театрында Украинаның би ансамблінің гастролі кезінде театрға жарылғыш зат қойылған. Ал 1975 жылы БҰҰ жанындағы КСРО-ның тұрақты өкілдігі атқыланды. Тек 1981 жылдың үш айының ішінде Нью-Йоркте, Вашингтонда бес рет террористік әрекет жасалды. Бірақ мұның бәрі "кеңестік антисемитизмге қарсы күрес", "еврейлердің құқын қорғау" деп аталды.(З) Осылайша қоғамның дамуында ұлтаралык қатынастардың дұрыс шешілмеуінен, халықтың әлеуметтік проблемаларының заңды түрде толық шешімін таппағандығынан күштеу, зорлау, үрейлендіру әрекеттері әлі бәсеңдемей жалғаса беруде.

Ал қазіргі кездегі терроризм кешегі терроризм емес. Оның көптеген анықтамасы бар. Біреулер терроризмді әлеуметтік құбылыс деп санаса, келесілері басқа пікір айтады. Ал бүгінгі терроризм белгілі мақсат пен міндетті жүзеге асыру үшін күш көрсету идеологиясын тұғыр етеді. Терроризм көзқарастар мен идеялардың емес, әрекеттердің жүйесі, өйткені ол кара басының қамын күйттемейді. Ол өзінен-өзі әлеуметтік құндылық бола алмайды, алайда қызмет көрсетудің бір түрі ретінде айтарлықтай әрекетшілдік пен сұранысқа ие.......
Шығармалар
Толық
0 0