Оба, чума (латынның pestis сөзінен шыққан, «кенеттен басып кіру» деген мағынаны білдіреді) – аса қауіпті зоонозды табиғи-ошақты карантиндік жұқпалы ауру. Түйеде, кеміргіштерде, қоянда, түлкіде, борсықта, ақбөкенде, мысықта болатын аса қауіпті жұқпалы ауру, бактериясы ауа не қан арқылы адамға да беріледі. Чуманың табиғатта өсіп-өніп отыратын ошақтары болады. Жануарға бүргелер арқылы беріледі. Ауру қоздырғышы таяқша тәрізді бактерияларды 1894 ж. бір-біріне байланыссыз жапон микробиологі С.Китазато (1853-1931) мен француз бактериологы А.Йерсен (1863-1943) (адамнан; 1897 ж. егеуқұйрықтан) тапқан. Оба таяқшасы (Yersinia pestis) пішіні жұмыртқа тәрізді, ұсақ, қозғалмайды, талшықтары болмайды, спора түзбейді, анилинді бояғыш заттармен тез боялады.
Аурудың даму кезеңі 3 күннен 6 күнге созылады. Ауру қатаң әрі кенеттен басталады. Алғашқы белгілері: дененің қатты дірілдеуі, ыстықтың 39-40 градусқа дейін көтерілуі, бастың айналуы, дененің еттерінің ауыруы, құсу, тамырдың дірілдеп соғуы, өкпенің қабынуы /пневмония/. Аурулар есінен ажырамағанмен ессіз адамша жатады. Психикасы өзгере бастайды, орнынан ұшып тұрып, қашқысы келеді. Мастар секілді сөйлей алмайды. Қан қысымы төмендеп, жүрек-жұмысын бұзады. Тілі ісініп, тамағы құрғап, миндалі ісініп кетеді. Бауыры ісінеді. Қанды құсық құсады. Қан кетуі де мүмкін.
Оба ауруының аса қауіптілігіне байланысты бұл ауруды тараптауға үлкен күш салынады. Әлемдік
денсаулық сақтау ұйымының қадағалауымен, ұйымдастыруымен бұл аурудың эпидемиялық түрде және жоғары деңгейде дамуына әрі тарап кетуіне жол бермеуге шара қолданылады.
Оба ауруының тарамауына қолданатын шараның негізгі бөлігі оның табиғи ошақтарында тұрақты әрі кешенді бақылау жұмыстарын жүргізіп отыру.
Егер ауру байқалған жағдайда ауырған адамдарды тез арада емханаға жатқызып, олармен қатынаста болған адамдарды дәрігерлік бақылауға екшеп алу керек. Ауруды таратып отырған көзін іздейді. Оны тапқаннан соң, ол объектіні зарарсыздандырып, сол мекеннің жалпы тұрғындарын бақылауға алады. Карантиндік шараларды анықтайды және жүргізеді. ....