Жұмбақтар жауабымен: Спорт бұйымдары (ойын, доп, футбол, шахмат, велосипед, шаңғы, асық, тоғыз құмалақ, карта)

Тебесің сен бір,
Тебемін мен бір.
Түсі теңбіл,
Көнбіс зат ең бір.
Футбол добы

Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара ғып бөлгенде
Бірін бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін
Бермейді олар намысын.
Шахмат

Қозғамасаң — құлайды,
Сүйемесең — сұлайды.
Құйымшақта ері бар,
Бұл не деген жануар?
Велосипед
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Мінез

Нар мінезді жігітке
Нарға мінсе, жарасар.

Қауызында дәні жоқ,
Сабан мінезді адам болады.
Қорсылдаса көңілі тоқ
Қабан мінезді адам болады.

Адам жылқы мінезді:
Бір күнде түлейді,
Бір күнде жүдейді.

Сүтпен кірген мінез
Сүйекпен кетеді.

Жолбарыс жұлқынса,
Жонынан от шығады.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Ақылды қоян

Ерте ерте ертеде, Ешкі жүні бөртеде, өте бір бай орман болыпты. Бұл орманның аңдары саудамен айналысыпты. Өте алғыр жануарлар осы орманда жиналыпты. Бұл орманның патшасы әрине арыстан болыпты. Олардың саудалары қалай жүзеге асыпты?
Аралардан алынған бал аюларға сатылыпты. Оның құнына ағаш тақтайлар алынып, базардың құнымен сәулетші құндыздарға өткізіліпті. Осылайша бір шама уақыт өткен соң саудалары алға баспай, аралар ақшаны азсынып, аюлар балды сапасыз көріп, кұндыздар алған тақтайларын ұнатпайтын болыпты. Не керек орман.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша реферат: Геология | Метаморфтық тау жылы

Метаморфтық тау жылы. Метаморфизм әрекеттерінің нәтижесінде ең соңында мета-морфтық тау жыныстары түзіледі.

Олардың құрамына кіретін минералдардың барлық түрлері толық кристалданған күйде болады. Метаморфтық жыныстардың химиялық құрамы өте күрделі. Өйткені олар алғашқы магмалық, алғашқы шөгінді немесе бұрынырақ пайда болған метаморфтық жыныстардың негізінде, қайтадан кристалдану жағдайында құралады. Олардың құралу барысында.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (А әрпі бойынша ат қою)

АБИРА - тәжік тілінен алынған абера — шөбере, шөбере қыз.

АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.

АҒЛИЯ - грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.

АДЛИЯ - тәжік тілінен алынған адл — әділдік, ақиқаттық + ия қосымша.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0